Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
N 1221 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Астана - 2008 жыл Мазмұны
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің миссиясы және пайымдауы
2. Ағымдағы жағдайды талдау
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері
4. Агенттіктің функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал қатерлер
5. Нормативтік құқықтық актілер
6. Бюджеттік бағдарламалар
7. Мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарының мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің миссиясы және пайымдауы
Миссия
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің мүдделері теңгерімінің негізінде салалық реттеуші ретінде экономиканың инфрақұрылымдық салаларының тиімді жұмысы істеуі мен дамуын қамтамасыз етеді.
Пайымдау
Реттеліп көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтердің болжамды деңгейі, тиімді жұмыс істейтін субъектілер, инфрақұрылымға және табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне кедергісіз және кемсітусіз қол жеткізу.
2. Ағымдағы жағдайды талдау
Агенттік темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау, су шаруашылығы және кәріз жүйелері, азаматтық авиация, порт қызметі саласында реттеуші болып табылады және осы салаларда тарифтік және техникалық реттеу функцияларына ие.
Тарифтік реттеу табиғи монополиялар субъектілерін, көрсетілген нарықтарда үстем (монополиялық) жағдайға ие субъектілерді, мемлекеттік монополия субъектілері мен тауарлары (жұмыстары, қызметтері) Үкімет айқындайтын Номенклатураға енгізілген субъектілерді қамтиды.
Техникалық реттеу нормалау мен әртүрлі рұқсат беру, кемсітусіз қол жеткізудің шарттарын айқындау мәселелерін және лицензиялау мәселелерін қамтиды.
Табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес қазіргі уақытта табиғи монополиялар салаларында 1000-нан астам субъекті, оның ішінде:
561 - су кәрізі жүйелері саласында;
359 - электр және жылу энергетикасы саласында;
151 - көлік саласында;
44 - мұнайды және газды тасымалдау саласында өз қызметін жүзеге асырады.
Агенттік 2005 жылдан бастап Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастық (ОАӨЭЫ) бағдарламасының белсенді қатысушысы болып табылады. ОАӨЭЫ елдері Қазақстанды электр энергетикасы саласын тиімді реттеу мәселелерінде көшбасшы ел деп таныды.
Агенттік 2000 жылдан бастап 28 ел өкілдерін қосатын Энергетиканы реттеу органдары өңірлік қауымдастығының (ERRA) мүшесі болып табылады. Агенттіктің мамандары тарифтер және баға түзу бойынша және лицензиялау бойынша ERRA комитеттерінің жұмысына белсенді қатысады. Соңғы отырыс 2008 жылғы сәуірде Будапешт қаласында өткен болатын, оның шеңберінде елімізде көп салалық реттеуішті жасаудың оң тәжірибесі ескерілген.
Сонымен бірге проблемалық мәселелер де және оларды шешу қажеттілігі жоқ емес.
Проблемалардың бірі нормативтен тыс ысыраптардың болуы болып табылады.
Осылайша, қазіргі таңда нормативтік ысыраптардың жоғары деңгейінен (электр желілерінде олардың деңгейі 20 %-ға, жылу желілерінде 30 %-ға дейін жетті) басқа, кәсіпорындарда нормативтен тыс ысыраптар да орын алып тұр. Мысалға, АӨК-нің желілеріндегі нормативтен тыс ысыраптардың құны жылдық тарифтік табысы 7,5 млрд. теңге болған кезде 828 млн. теңгеден, Қарағанды Жарық желілерінде жылдық табыс 2,9 млрд. теңге болған кезде 552 млн.-дан астам теңгеден асып кетті.
Реттеушілер шет елде бір саладағы реттелетін субъектілер үшін әдетте бірыңғай планканы белгілейді, ысыраптарға байланысты одан жоғары шығындар тарифке енгізілмейді. Осылайша, мысалы, Австрияда электр энергиясын беретін және тарататын кәсіпорындар үшін бұл планка 2%-ға тең.
Сонымен қатар, әрекет етуге ынталар болмайынша елеулі ілгері жылжу болмайды. Сондықтан біз мыналарды ұсынамыз.
Субъект инвестициялық бөлімді де қамтитын нормативтен тыс ысыраптарды жою жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың жоспарын әзірлеуге және оны іске асыруға кірісуге тиіс. Агенттік Ережелерге тиісті өзгерістер енгізуде, оларда мұндай Іс-шаралар жоспары болмаған жағдайда тарифтерді өзгертуге берілген өтінім қабылданбайды деп көрсетілген.
Сонымен, осы шараларды Агенттік ысыраптардың деңгейі әлемдік стандарттарға жеткізгенге дейін қолданатын болады.
Базалық субъектілерде нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейлері 2006 жылы орташа есеппен электр энергиясы бойынша - 15,7%-ды, жылу бойынша - 20,7%-ды, су бойынша - 31,7%-ды құрады.
Агенттік техникалық реттеу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру, нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейлерін төмендетуге бағытталған жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде осы параметрлердің орнықты өсу үдерісін өзгертті.
2007 жылы Агенттік осы ысыраптардың деңгейін 120 субъектінің 151 өтінімі бойынша төмендетті. Бұл шара осы фактордың тарифтердің деңгейіне ықпалы етуін бәсеңдетуге мүмкіндік берді.
Табиғи монополия салаларында өндірістердің тозу және технологиялық жағынан артта қалу проблемасы да және осыған байланысты төмен тиімділік пен ысыраптар бар. Қазіргі уақытта коммуналдық сектордағы табиғи монополиялардың барлық салалары бойынша негізгі құралдардың тозуы орташа есеппен 60-65 %-ды құрайды.
Бұл ретте көптеген субъектілерде желілерді жаңғыртуға және қайта құруға, желілердегі ысыраптарды төмендетуге бағытталған инвестициялық бағдарламалары жоқ. Бүгінгі күнге инвестициялық бағдарламалар 1077 субъектінің 11-інде ғана бекітілген.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1279 қаулысымен бекітілген Табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясатты жетілдіру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру нәтижесінде Агенттіктің орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған инвестициялық бағдарламаларды кемінде 50 субъектіге бекітуі болжануда.
Бұдан басқа, бүгінгі күнге Агенттіктің тарапынан мемлекеттік реттеуге жататын "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның магистральдық темір жол желісі (бұдан әрі - МТЖ) қызметтеріне арналған тарифтері жүктердің тектері бойынша және қатынастардың түрлері (экспорттық, импорттық, ішкі республикалық) бойынша сараланады. Көмірді, астықты, темір рудасын тасымалдау кезінде МТЖ қызметтеріне тарифтер шикі мұнайды, қара және түсті металдарды, қара металл сынықтарын және басқа да қымбат тұратын жүктерді тасымалдау кезіндегі МТЖ қызметтеріне арналған тарифтерден төмен.
МТЖ қызметтеріне негізделген және ашық тарифтерді белгілеу мақсатында жүктердің тектерін, тасымалдау тектерін, жылжымалы құрамның үлгісін, поездың санатын, бағытталуын ескере отырып, МТЖ қызметтерінің өзіндік құнын есептеу әдістемесін әзірлеу қажеттілігі бар.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
агенттігі қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен
міндеттері
1-стратегиялық бағыт. Табиғи монополиялар субъектілерінің тиімді жұмыс істеуі мен дамуы жағдайларын қамтамасыз ету |
||||||
---|---|---|---|---|---|---|
1-мақсат. Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру |
||||||
Атауы | Өлшем бірлігі | Есепті кезең | Жоспарлы кезең | |||
2007 есепті жыл | 2008 ағымдағы жыл | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Мақсатты индикаторлар |
||||||
электр желілерінде |
% |
1,5 |
1,7 |
2,1 |
||
жылу желілерінде |
% |
1,8 |
3,5 |
4 |
||
су шаруашылығы желілерінде |
% |
2,0 |
2,5 |
3,2 |
||
Базалық ТМС нормативтік техникалық ысыраптарының бекітілгеннен төмендеу пайызы: |
||||||
электр желілерінде |
% |
1,1 |
1,5 |
2 |
||
жылу желілерінде |
% |
1,4 |
1,8 |
2,1 |
||
су шаруашылығы желілерінде |
% |
1,9 |
2,6 |
3,1 |
||
Шикізат пен материалдар шығыстары нормаларын оңтайландырған базалық ТМС пайызы |
% |
15 |
15 |
15 |
||
1.1-міндет. Нормативтен тыс ысыраптарды тарату, нормативтік ысыраптар мен шығындарды төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспары бар ТМС санын арттыру үшін жағдай жасау |
||||||
Нормативтен тыс ысыраптарды тарату жөніндегі жоспарларды міндетті әзірлеудің талабын көздейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу |
дана |
1 |
||||
Нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету міндеттілігі талабын көздейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу |
дана |
1 |
||||
Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде шығындарды төмендету мен оңтайландырудың тетіктерін және бағыттарын айқындау әдістемесін әзірлеу |
дана |
1 |
||||
1.2-міндет. Субъектілер қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында нормативтік-құқықтық базаны тұтынушылар мен субъектілер мүдделерінің теңгерімін сақтай отырып жетілдіру |
||||||
"Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар туралы" Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын әзірлеу |
дана |
1 |
||||
Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің нысаналы көрсеткіштерінің кешендерін басқару стратегиясын әзірлеу |
дана |
1 |
||||
Жүктердің тегін, тасымалдаулар тегін, жылжымалы құрамның үлгісін, поездың санатын, бағытталуын ескере отырып МТЖ қызметтерінің өзіндік құнын есептеу әдістемесін әзірлеу |
дана |
1 |
||||
Электр және (немесе) жылу желілеріне қосылатын қосымша қуаттар үшін төлемақыны айқындау әдістемесін әзірлеу |
дана |
1 |
||||
Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеу |
дана |
1 |
||||
Реттелетін салалардағы тарифтік саясатты жетілдіру жөніндегі 2011 - 2013 жылдарға арналған шаралар кешенінің жобасын әзірлеу |
дана |
1 |
||||
1.3-міндет. Табиғи монополиялар, доминанттар және мемлекеттік монополия субъектілерінің қызметтерін мемлекеттік реттеудің жаңа әдістерін әзірлеу және енгізу |
||||||
Су шаруашылығы және кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне сараланған тарифтерді есептеу әдістемесін әзірлеу |
дана |
1 |
||||
Су шаруашылығы және кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне сараланған тарифтер әдісін енгізу |
дана |
енгізу |
||||
Субъектілер қызметінің тиімділік дәрежесін ескеретін тарифтерді белгілеу үшін салыстырмалы талдау (benchmarking) әдісін енгізу |
дана |
енгізу |
||||
Концессия шарты бойынша көрсетілетін темір жол көлігінің объектілері бар темір жолдың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер есептеу әдістерін әзірлеу |
дана |
1 |
||||
Концессия шарты бойынша көрсетілетін әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер есептеу әдістерін әзірлеу |
дана |
1 |
||||
Реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсеткен кезде энергия үнемдеуші технологияларды неғұрлым тиімді қолдану үшін технологиялық циклдің учаскелерін айқындау әдістемесін әзірлеу |
дана |
1 |
||||
2-мақсат. Реттелетін тарифтердің (бағалардың) тұрақты деңгейін қамтамасыз ету |
||||||
Нысаналы индикаторлар |
бірлік |
5 |
10 |
12 |
15 |
|
2.1-міндет. Орта мерзімді және (немесе) ұзақ мерзімді тарифтер бекіту ережесін жетілдіру |
||||||
Субъектілердің орта және (немесе) ұзақ мерзімді тарифтер бекітуге берілген өтінімдерінің материалдарына рәсімдерді және талаптарды оңайлату жөнінде жаңа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу немесе қолда барларын жетілдіру |
дана |
1 |
||||
2.2-міндет. Субъектілердің қаржылы-шаруашылық қызметінің және техникалық жай-күйінің тиімділігін талдау және бағалау |
||||||
ТМС қызметіне қаржылық және техникалық сараптамалар жүргізу, олар мыналарды қамтамасыз етеді: |
||||||
субъектілерді қамту, кемінде |
дана |
58 |
45 |
50 |
55 |
|
сараптама саны, кемінде |
дана |
118 |
90 |
100 |
110 |
|
2.3-міндет. Тарифтерді бекіту рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету |
||||||
Өтінімдер түскен кезде жария тыңдаулар өткізу (қажет болған кезде) |
дана |
340-400 |
300-350 |
270-320 |
240-280 |
|
2.4-міндет. ББИ көрсеткіштерін жақсартуды ескере отырып, ТМС қызметтеріне арналған тарифтерді реттеу |
||||||
Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған реттелетіп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің шектік өсуінің инфляцияға жиынтық үлесінің шегінде ТМС реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтер бекіту |
% |
1,5 |
* |
* |
* |
* Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды
4. Агенттіктің функционалдық мүмкіндіктері және ықтимал қатерлер
Агенттіктің қызметін жетілдіру мақсатында:
1) кадр әлеуетін ұдайы арттыруға, білікті мамандарды, оның ішінде жоғары оқу орындарының түлектерін тартуға, біліктілік деңгейді көтеруге, сондай-ақ қызметкерлерді ынталандыруға, әрбір қызметкер қызметінің тиімділігін одан әрі жетілдіруге ықпал ететін қолайлы еңбек жағдайларын жасауға;
2) жұмыс тиімділігін арттыру үшін жаңа техника мен технологиялар санын және олармен қамтылуын ұлғайтуға;
3) Агенттік қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыруға бағытталған жұмыс жүргізіледі.
Агенттіктің мақсаттарына сыртқы факторлар есебінен қол жеткізуге әсер етуі мүмкін ықтимал қатерлер:
1) инфляция деңгейінің берілген параметрлерден асып түсуі макроэкономикалық орнықтылықтың нашарлауына алып келуі мүмкін;
2) Агенттік жүйесінің тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті шешімдер мен нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау;
3) Агенттіктің білікті мамандарының неғұрлым тартымды жағдайлары бар (жоғары жалақы, қолайлы еңбек жағдайлары, нормаланған жұмыс кестесі және т.б.) ұйымдарға кетуі;
4) компьютер жүйесінің істен шығуы, дерек қордың жоғалуы.
5. Нормативтік құқықтық актілер
1. "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
2. "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
3. "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығы.
4. "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығы.
5. "Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 1297 қаулысы.
6. "Табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясатты жетілдіру жөніндегі шаралар кешенін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1279 қаулысы.
7. "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 753 қаулысы (2008 жылғы 28 тамыздағы өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге).
8. "Тәуелсіз салалық реттеуіштер құру тұжырымдамасын мақұлдау және тәуелсіз салалық реттеуіштер құру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 1153 қаулысы.
9. "Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысы.
6. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу
агенттігінің бюджеттік бағдарламалары
Ескерту. 6-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.05.13 N 692, 2009.12.29 N 2237 Қаулыларымен.
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі |
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі |
||||||
Бюджеттік бағдарлама |
Экономиканың инфрақұрылымдық салаларының тиімді жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ету жөніндегі табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу саласындағы қызметтер |
||||||
Сипаттамасы |
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің орталық аппараты мен аумақтық органдарын ұстау. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу. |
||||||
Көрсеткіштер | |||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|
Атауы | Өлшем бірлігі | Есепті кезең | Жоспарлы кезең | ||||
2007 (есеп) |
2008 (жоспар) |
2009 | 2010 | 2011 | |||
Орталық органның аппараты | |||||||
Стратегиялық бағыт |
1. ТМС тиімді жұмыс істеу және даму жағдайларын қамтамасыз ету |
||||||
Мақсаты |
1.1. ТМС қызметінің тиімділігін арттыру |
||||||
Міндет |
1.1.1. Нормативтен тыс ысыраптарды жою, нормативтік ысыраптар мен шығындарды төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспары бар ТМС санын көбейту үшін жағдай жасау |
||||||
Сан көрсеткіштері |
ТМС қызметінің қаржылық және техникалық сараптамалары |
дана |
139 |
118 |
90 |
100 |
110 |
нормативтік құқықтық актілер; |
5 |
6 |
2 |
5 |
3 |
||
ТМС қызметін сараптамалық бағалау; |
27 |
18 |
23 |
25 |
27 |
||
ТМС қызметін реттеу |
ТМС |
42 |
42 |
42 |
42 |
42 |
|
Сапа көрсеткіштері |
ТМС қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және тарифтердің (тарифтік сметалардың) шығын бөлігіне енгізілетін шығыстардың негізділігін айқындау |
||||||
Тиімділік көрсеткіштері |
Нормативтен тыс ысыраптардың: |
||||||
электр желілерінде; |
% |
1,5 |
1,7 |
2,1 |
|||
жылу желілерінде; |
% |
1,8 |
3,5 |
4 |
|||
су шаруашылығы желілерінде төмендеуі |
2,0 |
2,5 |
3,2 |
||||
Нормативтік техникалық ысыраптардың: |
|||||||
электр желілеріңде; |
% |
1,1 |
1,5 |
2 |
|||
жылу желілерінде; |
% |
1,4 |
1,8 |
2,1 |
|||
су шаруашылығы желілерінде төмендеуі |
% |
1,9 |
2,6 |
3,1 |
|||
Шикізат пен материалдар шығыстарының нормаларын оңтайландыру |
бірлік |
10 |
12 |
15 |
|||
Орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді тарифтер бойынша жұмыс істейтін базалық табиғи монополиялар субъектілерінің саны |
бірлік |
5 |
10 |
12 |
15 |
||
Нәтиже көрсеткіштері |
Бюджеттік бағдарламаның сапалы атқарылуы |
||||||
Мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыру |
|||||||
Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және шығын бөлігіне енгізілетін шығыстарды айқындау |
|||||||
Нормативтен тыс ысыраптарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары |
5 |
10 |
12 |
15 |
|||
Нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөнінде шешімдердің саны |
120 |
120 |
120 |
120 |
|||
Орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге арналған инвестициялық бағдарламаларды бекіту |
5 |
10 |
12 |
15 |
|||
Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар |
млн. теңге |
687,3 | 713,0 | 765,3 | 841,0 | 929,7 | |
Аумақтық органдардың аппараттары |
|||||||
Стратегиялық бағыт |
2. Табиғи монополиялар субъектілерінің тиімді жұмыс істеу және даму жағдайларын қамтамасыз ету |
||||||
Мақсаты |
2.1. Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру |
||||||
Міндет |
2.1.1. Нормативтен тыс ысыраптарды жою, нормативтік ысыраптар мен шығындарды төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспары бар табиғи монополиялар субъектілерінің санын көбейту үшін жағдай жасау |
||||||
Сан көрсеткіштері |
ТМС қызметін реттеу |
965 |
965 |
965 |
965 |
965 |
|
тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие субъектілердің тауарларына бағалар белгілеу |
218 |
218 |
218 |
218 |
218 |
||
бағаларын мемлекет реттейтін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасына сәйкес субъектілерге баға белгілеу |
91 |
91 |
91 |
91 |
|||
Сапа көрсеткіштері |
Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және тарифтердің (тарифтік сметалардың) шығын бөлігіне енгізілетін шығыстардың негізділігін айқындау |
||||||
Тиімділік көрсеткіштері |
Нормативтен тыс ысыраптардың: |
||||||
электр желілерінде; |
% |
1,5 |
1,7 |
2,1 |
|||
жылу желілерінде; |
% |
1,8 |
3,5 |
4 |
|||
су шаруашылығы желілерінде төмендеуі |
% |
2 |
2,5 |
3,2 |
|||
Нормативтік техникалық ысыраптардың: |
|||||||
электр желілерінде; |
% |
1,1 |
1,5 |
2 |
|||
жылу желілерінде; |
% |
1,4 |
1,8 |
2,1 |
|||
су шаруашылығы желілерінде төмендеуі |
% |
1,9 |
2,6 |
3,1 |
|||
Шикізат пен материалдар шығыстарының нормаларын оңтайландыру |
% |
15 |
15 |
15 |
|||
Орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді тарифтер бойынша жұмыс істейтін базалық табиғи монополиялар субъектілерінің саны |
бірлік |
5 |
10 |
12 |
15 |
||
Нәтиже көрсеткіштері |
Бюджеттік бағдарламаның сапалы атқарылуы Мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыру ТМС қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және шығын бөлігіне енгізілетін шығыстарды айқындау |
% |
99,7 |
100 |
100 |
100 |
100 |
Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар |
мың теңге |
249,1 | 287,4 | 397,1 | 478,8 | 597,3 | |
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | |||||||
Стратегиялық бағыт |
3. Мемлекеттік басқару саласындағы мамандардың кәсіптік өсуі |
||||||
Мақсаты |
3.1. Мемлекеттік монополия салаларындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруға, мемлекеттік органдардың ақылы қызмет көрсету тәртібін бақылауды жүзеге асыруға, мемлекеттік монополияға жатқызылған салада өз қызметтерін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін реттеуге және бақылауға қабілетті кәсіптік қызметкерлермен Агенттікті қамтамасыз ету |
||||||
Міндет |
3.1.1. Мемлекеттік қызметшілердің осы заманғы талаптарға сәйкес келуі, олардың мансабының өсуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік басқаруды жаңғырту жағдайларында оның әдістері мен технологияларына оқыту |
||||||
Сан көрсеткіштері |
Кәсіптік деңгейді арттыру (жыл сайын) - 30 адам, мемлекеттік тілге оқыту - 70 адам |
адам |
188 |
150 |
100 |
100 |
100 |
Сапа көрсеткіштері |
Мемлекеттік қызметтің кәсіптік талаптарына, мемлекеттік қызметшілердің мансабының өсуін қамтамасыз етуге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік деңгейін арттыру; мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізе алатын мемлекеттік қызметшілердің үлесін ұлғайту |
||||||
Тиімділік көрсеткіштері |
Агенттікке табиғи және мемлекеттік монополиялар туралы заңнамаға сәйкес берілген өкілеттіктерді тиімді жүзеге асыру |
||||||
Нәтиже көрсеткіштері |
Жасалатын шарттарға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік деңгейін арттыру |
Адам |
188 |
150 |
100 |
100 |
100 |
Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар |
мың теңге |
3,3 | 2,8 | 4,2 | 4,6 | 5,0 | |
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуін |
|||||||
Стратегиялық бағыт |
4. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде ақпараттық технологияларды дамыту және қолдау |
||||||
Мақсаты |
4.1. Бірыңғай, тұтас және ақпараттық құрылым ретінде ақпараттық жүйелердің интеграцияланған жұмыс істеуін іске асыратын Агенттіктің ақпараттандыру мәселелерін кешенді және үйлестіру көзқарасын шешуге қамтамасыз ету |
||||||
Міндет |
4.1.1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігін және оның аумақтық органдарын ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету |
||||||
Сан көрсеткіштері |
Ақпараттық жүйелерді сүйемелеуді және қолдауды қамтамасыз ету |
дана |
1 |
2 |
2 |
2 |
2 |
Жергілікті міндеттерді сүйемелдеуді және қолдауды қамтамасыз ету |
дана |
5 |
6 |
6 |
6 |
6 |
|
Интернет және VPDN (Агенттіктің орталық аппараты және оның аумақтық органдары) қызметтерін қамтамасыз ету |
дана |
17 |
17 |
17 |
17 |
17 |
|
Агенттіктің орталық аппаратының және оның аумақтық органдарының есептеу техникасы мен телекоммуникациялық жабдығын техникалық қамтамасыз ету және жүйелі қызмет көрсету |
дана |
17 |
17 |
17 |
17 |
17 |
|
Сапа көрсеткіштері |
Агенттіктің ақпараттық жүйелері мен жергілікті міндеттерінің үзіліссіз жұмыс істеуі; Агенттік қызметкерлерінің тапсырмаларды орындау, құжаттар дайындау уақытын қысқарту, қағаз құжат айналымын қысқарту; Агенттіктің алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді уақтылы және мерзімде орындау |
||||||
Тиімділік көрсеткіштері |
|||||||
Нәтиже көрсеткіштері |
|||||||
Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар |
мың теңге |
69,8 | 82,2 | 88,1 | 95,1 | 102,9 | |
Бюджеттік бағдарлама |
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігін материалдық-техникалық жарақтандыру |
||||||
Сипаттамасы |
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің орталық аппараты мен аумақтық органдарын материалдық-техникалық жарақтандыру |
||||||
Стратегиялық бағыт |
5. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін тиімді реттеу үшін жағдай жасау |
||||||
Мақсаты |
5.1. Материалдық-техникалық базаны нығайту |
||||||
Міндет |
5.1.1. Негізгі құралдарға жататын тауарларды сатып алу |
||||||
Сан көрсеткіштері |
Агенттіктің орталық аппараты мен аумақтық органдары үшін сатып алу: |
дана |
|||||
есептеу техникасы және телекоммуникациялық жабдық; |
119 |
179 |
164 |
95 |
136 |
||
офистік жиһаз; |
|||||||
тұрмыстық техника (шаңсорғыштар); |
55 |
15 |
65 |
60 |
60 |
||
қызметтік автокөлік |
11 |
1 |
1 |
1 |
2 |
||
Сапа көрсеткіштері |
Есептеу техникасын, телекоммуникациялық жабдықты жаңғырту және офистік жиһазды толықтыру және қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту |
||||||
Тиімділік көрсеткіштері |
|||||||
Нәтиже көрсеткіштері |
|||||||
Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар |
мың теңге |
84,7 |
218,7 |
15,7 |
16,0 |
||
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі бюджетінің жиынтығы |
млн. теңге |
1094,2 |
1304,1 |
1254,7 |
1435,2 |
1650,9 |
7. Мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарының
мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі
Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттары |
Мемлекеттік органның мақсаттары іске асыруға бағытталған мемлекеттің стратегиялық мақсаттары |
Стратегиялық құжаттың, нормативтік құқықтық актінің атауы |
|
---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | |
1-стратегиялық бағыт. Табиғи монополиялар субъектілерінің тиімді жұмыс істеуі мен дамуы жағдайларын қамтамасыз ету |
|||
1-мақсат |
4.1.1. Жалпы жүйелік шаралар
Табиғи монополиялар саласында Өндірушілердің, тұтынушылар мен мемлекеттің экономикалық мүдделерінің тепе-теңдігін сақтай отырып, табиғи монополиялар субъектілерінің және тауар нарығында үстем шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметтеріне, жұмыстарына тарифтерді (бағаларды) қалыптастыру үшін құқықтық және нормативтік-әдіснамалық базаны жетілдіру |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығы |
|
3.1.3. 3-шара. Тарифтік саясатты жетілдіру Тарифтік саясаттың орта мерзімді кезеңдегі негізгі міндеттері реттеу және бақылауды тетіктерін жетілдіру кезінде табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін кешенді теңдестіріп реттеуге бағытталған шаралар кешенін іске асыру болып табылады | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 753 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикалық-әлеуметтік дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары |
||
61-тармақ Коммуналдық тарифтерді негізсіз көтеруге кедергі жасау | "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясының саяси платформасының ережесі |
||
2-мақсат Тарифтер (бағалар) өзгерісінің болжамды деңгейін қамтамасыз ету |
4.1.1. Жалпы жүйелік шаралар Табиғи монополиялар саласында ресурс және энергия үнемдеуші технологияларды енгізуге, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған инвестициялық бағдарламаларды іске асыру | Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру бойынша шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығы |
|
7.5. Мемлекеттік реттеу 7.5.1.2. Тарифтік саясат Индустрияның орнықты дамуын қамтамасыз ету, табиғи монополиялар субъектілерінің жұмыс істеуін, олар көрсететін қызметтердің сапасын жақсарту, өзіндік құнды төмендету және қызметтерге арналған тарифтің деңгейін тұрақтандыру үшін тарифтік саясатты: |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясы |