Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2336 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-1-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу ережесі бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 маусымдағы № 458 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 21, 265-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің         
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 2336 қаулысымен    
бекітілген        

Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке
алу ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-1-бабының 6) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібін анықтайды.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 613 Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алудың негізгі міндеті барлық меншік нысанындағы тұрғын жайлардың болуы, орналасқан орны, сандық және сапалық құрамы, техникалық жағдайы, абаттандыру деңгейі мен құны және осы көрсеткіштердің өзгерістері туралы ақпарат алу болып табылады.
      3. Тұрғын үй қоры - Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық меншік нысанындағы тұрғын үй. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры жеке және мемлекеттік тұрғын үй қорларын қамтиды.
      4. Тұрғын үй қорына тұрғын үйлердегі тұрғын емес үй-жайлар кірмейді.

2. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік
есепке алу

      5. Тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқорының (бұдан әрі - ЖМТ МДҚ) деректері негізінде қалыптасатын тұрғын үй қорының статистикалық, тіркелімін, елді-мекендерде әр шаруашылық бойынша есепке алуды және жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
      6. Тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жүргізу жөніндегі әдістемелік басшылық, сондай-ақ оны жүргізу мемлекеттік статистика  саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүктеледі.
      7. Тұрғын үй қоры статистикалық тіркеліміндегі ақпараттар тізбесі осы Ереженің 1-қосымшасында келтірілген.
      8. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын әділет органдары ЖМТ МДҚ-дан тұрғын үйлер мен тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) туралы ақпаратты уәкілетті органға электронды түрде ұсынады.
      9. Уәкілетті органға ЖМТ МДҚ-дан берілуге жататын ақпараттар тізбесі осы Ереженің 2-қосымшасында келтірілген.
      10. Уәкілетті органға ЖМТ МДҚ-дан ақпараттар беру үшін мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы пайдаланылады. Ақпараттарды беру күн сайын жүзеге асырылады.
      11. ЖМТ МДҚ ақпараттық жүйесінің уәкілетті органның ақпараттың жүйесімен ақпараттық өзара іс-әрекет ету тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен уәкілетті органның бірлескен актісімен анықталады.
      12. Шаруашылық бойынша есепке алу - үй шаруашылықтары бойынша әкімшілік деректерді қалыптастыру үдерісі.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.06.18 № 613 Қаулысымен.
      13. Әр шаруашылық бойынша есепке алу шеңберінде кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес тұрғын үйлер мен тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) есепке алуды жүргізеді, тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастырады.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1364 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      14. Әр шаруашылық бойынша есепке алудың тіркеу жазбалары негізінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері есепті тоқсаннан кейінгі келесі айдың 15-күніне дейін тоқсан сайын тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жаңартуды жүзеге асырады.
      15. Әр шаруашылық бойынша есепке алудың тіркеу жазбалары негізінде тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жаңартуға жататын ақпараттар тізбесі осы Ереженің 3-қосымшасында келтірілген.
      16. Жалпымемлекеттік статистикалық байқау өткізу шеңберінде үй-жай (пәтер) иелерінің кооперативтері, сондай-ақ тұрғын үйге қызмет корсету көрсететін өзге де субъектілер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тиісті жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарында белгіленетін тәртіппен және мерзімде уәкілетті органның аумақтық органдарына тұрғын үйлер мен тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) саны және сапалық сипаттамасы туралы ақпараттарды ұсынады.
      17. Жалпымемлекеттік статистикалық байқауды өткізу барысында алынған тұрғын үйлер мен тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) саны және сапалық сипаттамасы туралы ақпараттар негізінде тұрғын үй қорының статистикалық тіркеліміне өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тиісті жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес мерзімде жүргізіледі.
      18. Тұрғын үй қорының жай-күйі туралы статистикалық ақпарат Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тиісті жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес таратылуға жатады.
      19. Тұрғын үй қорының статистикалық тіркеліміндегі ақпараттардың құпиялылығына Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес кепілдік беріледі.

Қазақстан Республикасының
тұрғын үй қорын мемлекеттік
есепке алу ережесіне   
1-қосымша         

Тұрғын үй қорының статистикалық тіркеліміндегі ақпараттар
тізбесі

      1. Объектінің мекен-жайы
      2. Кадастрлық нөмірі
      3. Салынған жылы
      4. Қабаттылығы
      5. Тұрғын үй түрі
      6. Үйдің шығып қалу себебі
      7. Пәтерлер саны
      8. Тұрғын пәтерлер саны
      9. Электроплитаның болуы
      10. Газ желісінің болуы
      11. Сұйытылған газдың болуы
      12. ЖЭО-дан жылытудың болуы
      13. Пешпен жылытудың болуы
      14. Жеке қондырғыдан жылытудың болуы
      15. Ыстық сумен жабдықтаудың болуы
      16. Жеке су жылытқыштан ыстық сумен жабдықтаудың болуы
      17. Су құбырларының болуы
      18. Кәріздердің болуы
      19. Ваннаның немесе сусебезгінің болуы
      20. Электрдің болуы
      21. Пәтерлердің нөмірі
      22. Пәтерлердің жай-күйі
      23. Қабат
      24. Пәтерлер саны
      25. Тұрғындар саны
      26. Үй шаруашылықтары саны
      27. Тұрғын үйдің жалпы алаңы
      28. Тұрғын үйдің тұрғын алаңы
      29. Меншік түрі
      30. Сатып алу-сату шарты бойынша мәміле сомасы
      31. Мәміле күні
      32. Салық салу мақсатындағы құны
      33. Салық салу мақсатында бағалау жүргізілген күн

Қазақстан Республикасының
тұрғын үй қорын мемлекеттік
есепке алу ережесіне   
2-қосымша         

Мемлекеттік статистика мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік
органға «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқорынан
берілуге жататын ақпараттар тізбесі

      Тұрғын үй туралы мәліметтер
      1. Объектінің мекен-жайы
      2. Кадастрлық нөмірі
      3. Сыртқы қабырға материалдары
      4. Салынған жылы
      5. Қабаттылығы
      6. Пәтерлер саны
      7. Тұрғын пәтерлер саны
      8. Электроплитаның болуы
      9. Газ желісінің болуы
      10. ЖЭО-дан жылытудың болуы
      11. Пешпен жылытудың болуы
      12. Жеке қондырғыдан жылытудың болуы
      13. Ыстық сумен жабдықтаудың болуы
      14. Жеке су жылытқыштан ыстық сумен жабдықтаудың болуы
      15. Су құбырларының болуы
      16. Кәріздердің болуы
      17. Ванна немесе сусебезгінің болуы

      Тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) туралы мәліметтер
      1. Кадастрлық нөмір
      2. Пәтер нөмірі
      3. Қабат
      4. Бөлмелер саны
      5. Тұрғын үйдің жалпы алаңы
      6. тұрғын үйдің тұрғын алаңы
      7. Меншік нысаны
      8. Сатып алу-сату шарты бойынша мәміле сомасы
      9. Мәміле күні
      10. Салық салу мақсатындағы құны
      11. Салық салу мақсатында бағалау жүргізілген күн

Қазақстан Республикасының
тұрғын үй қорын мемлекеттік
есепке алу ережесіне  
3-қосымша        

Әр шаруашылық бойынша тіркеу жазбалары негізінде
тұрғын үй қорының статистикалық
тіркелімін жаңартуға жататын ақпараттар тізбесі

      1. Объектінің мекен-жайы
      2. Тұрғын үй түрі:
      3. Меншіктүрі:
      4. Бөлмелер саны;
      5. Тұрғын үйдің сыртқы қабырғасының материалы;
      6. Электроплитаның болуы
      7. Газ желісінің болуы
      8. Сүйытылған газдың болуы
      9. ЖЭО-дан жылытудың болуы
      10. Пешпен жылытудың болуы
      11. Жеке қондырғыдан жылытудың болуы
      12. Ыстық сумен жабдықтаудың болуы
      13. Жеке су жылытқыштан ыстық сумен жабдықтаудың болуы
      14. Су құбырларының болуы
      15. Кәріздердің болуы
      16. Ванна немесе сусебізгінің болуы
      17. Электрдің болуы
      18. Тұрғын үйдің жалпы алаңы
      19. Тұрғын үйдің тұрғын алаңы

Об утверждении Правил государственного учета жилищного фонда Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2009 года № 2336. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 сентября 2015 года № 754

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 08.09.2015 № 754 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ!
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления см. приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 февраля 2015 года № 110.
 

      В соответствии с подпунктом 6) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила государственного учета жилищного фонда Республики Казахстан.
      2. Признать утратившим силу постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 3 июня 1993 год № 458 "Об утверждении порядка государственного учета жилищного фонда Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1993 г., № 21, ст. 265).
      3. Настоящее постановление вводится в действие после первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены          
постановлением Правительства 
Республики Казахстан    
от 31 декабря 2009 года № 2336

ПРАВИЛА
государственного учета жилищного фонда Республики Казахстан

1. Общие положения

      1. Правила государственного учета жилищного фонда Республики Казахстан (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 6) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" и Закона Республики Казахстан от 19 марта 2010 года "О государственной статистике" и определяют единый порядок осуществления государственного учета жилищного фонда Республики Казахстан.
      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 18.06.2010 № 613.
      2. Основной задачей государственного учета жилищного фонда Республики Казахстан является получение информации о наличии, местоположении, количественном и качественном составе, техническом состоянии, уровне благоустройства и стоимости жилищ всех форм собственности и изменении этих показателей.
      3. Жилищный фонд - находящиеся на территории Республики Казахстан жилища всех форм собственности. Жилищный фонд Республики Казахстан включает частный и государственный жилищные фонды.
      4. В жилищный фонд не входят нежилые помещения в жилых домах.

2. Государственный учет жилищного фонда Республики Казахстан

      5. Государственный учет жилищного фонда осуществляется путем ведения статистического регистра жилищного фонда, формируемого на основе данных из Государственной базы данных "Регистр недвижимости" (далее - ГБД РН), похозяйственного учета в населенных пунктах и общегосударственных статистических наблюдений.
      6. Методическое руководство по ведению статистического регистра жилищного фонда, а также его ведение возлагается на уполномоченный государственный орган в области государственной статистики (далее - уполномоченный орган).
      7. Перечень информации, содержащейся в статистическом регистре жилищного фонда, приведен в приложении 1 к настоящим Правилам.
      8. Органы юстиции, осуществляющие государственную регистрацию прав на недвижимое имущество, представляют в уполномоченный орган информацию о жилых домах и жилых помещениях (квартирах) из ГБД РН в электронном виде.
      9. Перечень информации, подлежащей передаче из ГБД РН в уполномоченный орган, приведен в приложении 2 к настоящим Правилам.
      10. Для передачи информации из ГБД РН в уполномоченный орган используется единая транспортная среда государственных органов. Передача информации осуществляется ежедневно.
      11. Порядок информационного взаимодействия информационной системы ГБД РН с информационной системой уполномоченного органа определяется совместным актом Министерства юстиции Республики Казахстан и уполномоченного органа.
      12. Похозяйственным учетом является процесс формирования административных данных по домашним хозяйствам.
      Сноска. Пункт 12 в редакции постановления Правительства РК от 18.06.2010 № 613.
      13. В рамках похозяйственного учета акимы поселка, села, сельского округа ведут учет жилых домов и жилых помещений (квартир), организовывают ведение регистрационных записей в соответствии с законодательством Республики Казахстан в области государственной статистики.
      Сноска. Пункт 13 в редакции постановления Правительства РК от 20.12.2013 № 1364 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      14. На основании регистрационных записей похозяйственного учета сотрудники территориальных подразделений уполномоченного органа ежеквартально до 15 числа месяца, следующего за отчетным кварталом, осуществляют обновление статистического регистра жилищного фонда.
      15. Перечень информации, подлежащей обновлению в статистическом регистре жилищного фонда на основании регистрационных записей похозяйственного учета, приведен в приложении 3 к настоящим Правилам.
      16. В рамках проведения общегосударственных статистических наблюдений кооперативы собственников помещений (квартир), а также иные субъекты, оказывающие услуги по обслуживанию жилых домов, представляют информацию о количественных и качественных характеристиках жилых домов и жилых помещений (квартир) в территориальные органы уполномоченного органа в порядке и сроки, устанавливаемые планом статистических работ на соответствующий год, утверждаемым Правительством Республики Казахстан.
      17. Внесение изменений в статистический регистр жилищного фонда на основании информации о количественных и качественных характеристиках жилых домов и жилых помещений (квартир), полученной в ходе проведения общегосударственных статистических наблюдений, производится в сроки, согласно плану статистических работ на соответствующий год, утверждаемым Правительством Республики Казахстан.
      18. Статистическая информация о состоянии жилищного фонда подлежит распространению в соответствии с планом статистических работ на соответствующий год, утверждаемым Правительством Республики Казахстан.
      19. Конфиденциальность информации, содержащейся в статистическом регистре жилищного фонда, гарантируется в соответствии с законодательством Республики Казахстан в области государственной статистики.

Приложение 1      
к Правилам государственного
учета жилищного фонда  
Республики Казахстан  

Перечень
информации, содержащейся
в статистическом регистре жилищного фонда

1. Адрес объекта
2. Кадастровый номер
3. Год постройки
4. Этажность
5. Тип жилого дома
6. Причина выбытия дома
7. Количество квартир
8. Количество жилых квартир
9. Наличие электроплиты
10. Наличие газа сетевого
11. Наличие газа сжиженного
12. Наличие отопления от ТЭЦ
13. Наличие отопления печного
14. Наличие отопления от индивидуальной установки
15. Наличие горячего водоснабжения
16. Наличие горячего водоснабжения от индивидуальных водонагревателей
17. Наличие водопровода
18. Наличие канализации
19. Наличие ванны или душа
20. Наличие электричества
21. Номер квартиры
22. Ситуация квартиры
23. Этаж
24. Количество комнат
25. Число проживающих
26. Число домохозяйств
27. Общая площадь жилища
28. Жилая площадь жилища
29. Вид собственности
30. Сумма сделки по договору купли-продажи
31. Дата сделки
32. Стоимость для целей налогообложения
33. Дата проведения оценки для целей налогообложения

Приложение 2       
к Правилам государственного
учета жилищного фонда  
Республики Казахстан   

Перечень
информации, подлежащей передаче
из государственной базы данных "Регистр недвижимости"
в уполномоченный государственный орган по вопросам
государственной статистики

Сведения о жилых домах

1. Адрес объекта
2. Кадастровый номер
3. Материалы наружных стен
4. Год постройки
5. Этажность
6. Количество квартир
7. Количество жилых квартир
8. Наличие электроплиты
9. Наличие газа сетевого
10. Наличие отопления от ТЭЦ
11. Наличие отопления печного
12. Наличие отопления от индивидуальной установки
13. Наличие горячего водоснабжения
14. Наличие горячего водоснабжения от индивидуальных водонагревателей
15. Наличие водопровода
16. Наличие канализации
17. Наличие ванны или душа

Сведения о жилых помещениях (квартирах)

1. Кадастровый номер
2. Номер квартиры
3. Этаж
4. Количество комнат
5. Общая площадь жилища
6. Жилая площадь жилища
7. Форма собственности
8. Сумма сделки по договору купли-продажи
9. Дата сделки
10. Стоимость для целей налогообложения
11. Дата проведения оценки для целей налогообложения

Приложение 3       
к Правилам государственного
учета жилищного фонда  
Республики Казахстан   

Перечень
информации, подлежащей обновлению
в статистическом регистре жилищного фонда
на основании регистрационных записей
похозяйственного учета

1. Адрес объекта
2. Тип жилого дома
3. Вид собственности
4. Количество комнат
5. Материалы наружных стен жилого дома
6. Наличие электроплиты
7. Наличие газа сетевого
8. Наличие газа сжиженного
9. Наличие отопления от ТЭЦ
10. Наличие отопления печного
11. Наличие отопления от индивидуальной установки
12. Наличие горячего водоснабжения
13. Наличие горячего водоснабжения от индивидуальных водонагревателей
14. Наличие водопровода
15. Наличие канализации
16. Наличие ванны или душа
17. Наличие электричества
18. Общая площадь жилища
19. Жилая площадь жилища