Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурстар өткізу жөнінде комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1263 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 630 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 630 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 27) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес құрамда Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурстар өткізу жөнінде комиссия құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге конкурстар өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.
      3. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 1263 қаулысына   
1-қосымша       

Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды
өткізу жөніндегі комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.11.2013 № 1277 қаулысымен.

      1. Қатты пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдік балшық мәселелері бойынша:

Рау              - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Альберт Павлович   жаңа технологиялар бірінші вице-министрі, төраға

Жақатаев         - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Еркін Исаханұлы    технологиялар министрлігі Жер қойнауын
                   пайдалану департаментінің директоры, төрағаның
                   орынбасары

Сыздыханова      - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Толқын             технологиялар министрлігі Жер қойнауын пайдалану
Орынбайқызы        департаменті конкурстар және тікелей келіссөздер
                   ұйымдастыру басқармасының бастығы, хатшы

Айтаев           - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ренат              Кеңсесі Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің
Құрметжанұлы       меңгерушісі

Өжкенов          - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Болат Сұлтанұлы    технологиялар министрлігі Геология және жер
                   қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы

Карплюк          - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Сергей Алексеевич  технологиялар министрлігінің Инвестициялар
                   комитеті төрағасының орынбасары

Таспихов         - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Амангелді          технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің
Сатыбалдыұлы       төрағасы

Жақсыбаев        - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және
Бақыт Қалмырзаұлы  сауда министрлігінің Экономика салаларын дамыту
                   департаменті директорының міндетін атқарушы

Құдабаев         - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық
Шафхат Серікұлы    комитеті мамандандырылған басқармасының бастығы

Төрекелдиев      - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
Сүйіндік           министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау
Мырзахметұлы       комитеті төрағасының орынбасары

Есенбаева        - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңға
Әлия Өмірбекқызы   тәуелді актілер департаментінің сарапшысы

Жергілікті атқарушы
органның өкілі
(объектінің аумақтық
тиесілілігіне қарай
шақырылады)

      2. Көмірсутек шикізаты мәселелері бойынша:

Қарабалин        - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі,
Ұзақбай            төраға
Сүлейменұлы

Ақшолақов        - Қазақстан Республикасының Мұнай және газ
Болат Оралұлы      вице-министрі, төрағаның орынбасары

Алдашев          - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
Рүстем Ағыбайұлы   Жер қойнауын пайдалану келісім шарттары және
                   өнімді бөлу туралы келісімдер департаментінің
                   директоры, хатшы

Нұрабаев         - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
Базарбай Қанайұлы  технологиялар министрлігі Геология және жер
                   қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы

Айтаев           - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі
Ренат              Индустриялық-инновациялық даму бөлімінің
Құрметжанұлы       меңгерушісі

Құлмырзин        - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
Қуандық            Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры
Сағындықұлы

Такиев           - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
Мәди Төкешұлы      жоспарлау министрлігінің Салық және кеден саясаты
                   департаментінің директоры

Құдабаев         - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық
Шафхат Серікұлы    комитеті мамандандырылған басқармасының бастығы

Тәутеев          - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су
Әуесбек Зпашұлы    ресурстары министрлігінің Экологиялық реттеу және
                   бақылау комитеті төрағасының орынбасары

Жолдыбай         - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің
Мақсат Орынбекұлы  Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау
                   департаментінің директоры

Жергілікті атқарушы
органның өкілі
(объектінің аумақтық
тиесілілігіне қарай
шақырылады)

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 1263 қаулысымен   
бекітілген      

Жер қойнауы пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды
өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) міндеттерін, функцияларын, құқықтары мен жұмыс тәртібін анықтайды.
      2. Комиссия Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбаларға қатысты жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін конкурс өткізу және оның жеңімпазын айқындау мақсатында құрылған тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган.
      3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      4. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс өткізілетін пайдалы қазбалардың түрлеріне қарай Комиссияның екі құрамы болады:
      1) қатты пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдік балшық мәселелері бойынша;
      2) көмірсутек шикізаты мәселелері бойынша.

2. Комиссияның міндеттері, функциялары мен құқықтары

      5. Комиссияның негізгі міндеттері:
      1) кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстық ұсыныстарды қарау және бағалау;
      2) кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсқа қатысушылардың ішінен жеңімпазды анықтау болып табылады.
      6. Комиссияның функциялары:
      1) конкурстық ұсыныстардың уақтылы және сапалы қаралуын қамтамасыз ету;
      2) ұсынылған конкурстық ұсыныстарды объективті және жан-жақты бағалау болып табылады.
      7. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу жөніндегі комиссияның құқықтары:
      1) конкурсқа қатысу үшін тапсырылған конкурстық ұсыныстарды бағалауға, салыстыруға;
      2) конкурс жеңімпазын анықтауға;
      3) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңында (бұдан әрі - Заң) белгіленген негіздер бойынша конкурсты өтпеген деп тануға;
      4) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, өзге адамдардан қажетті ақпаратты сұратуға;
      5) отырыстарда Комиссия мүшелерін, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдерін, өзге де адамдарды тыңдауға;
      6) Заңда белгіленген негіздер бойынша конкурстық ұсынысты кейінге қалдыруға;
      7) қажет болған кезде тиісті салалардағы мамандардың ішінен сарапшыларды тартуға;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

3. Комиссияның жұмыс тәртібі

      8. Комиссияны төраға басқарады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары орындайды.
      9. Комиссия жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
      10. Комиссияның жұмыс органы функцияларын мына құзыретті органдар жүзеге асырады:
      кең таралғандарын қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар мен жерасты сулары бөлігінде - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі;
      көмірсутек шикізаты бөлігінде — Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі.
      11. Комиссия хатшысы конкурстық ұсыныстарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін бес күнтізбелік күн ішінде бұл туралы жер қойнауын пайдалану объектісі мен өтініш берушілер тізімін көрсете отырып, Комиссия төрағасын, ал ол болмаған кезде төрағаның орынбасарын хабардар етеді.
      12. Комиссия төрағасы, ал ол болмаған кезде төрағаның орынбасары Комиссияның конкурстық ұсыныстар салынған пакеттерді ашу бойынша отырысы болатын күн, орын және уақыт туралы шешім қабылдайды.
      13. Комиссия отырыстары оған комиссия мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп саналады.
      14. Комиссияның конкурстық ұсыныстар салынған пакеттерді ашу бойынша отырысында Комиссия хатшысы отырыстың әрбір қатысушы Комиссия мүшесіне конкурстық ұсыныстар көшірмесі салынған пакеттің бір данасын береді.
      15. Комиссия мүшелерінің жай көпшілігі қатысқан кезде, Комиссия конкурстық ұсыныстар салынған пакеттерді ашады.
      16. Комиссия мүшелері конкурстық ұсыныстар көшірмесі салынған пакетті алғаннан кейін өз бетімен ашады.
      17. Комиссияның хатшысы осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес конкурстық ұсыныстар салынған пакеттерді ашу хаттамасын ресімдейді.
      18. Конкурстық ұсыныстар салынған пакеттерді ашу хаттамасына комиссияның отырысқа қатысқан барлық мүшелері қол қояды.
      19. Хаттамаға қол қойылғаннан кейін Комиссия төрағасы, ал ол болмаған кезде төрағаның орынбасары жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың жеңімпазын анықтау бойынша Комиссияның отырысы болатын күнді, уақытты және орынды белгілейді.
      20. Комиссия мүшелерінің алынған конкурстық ұсыныстарды зерделеу нәтижелері бойынша Комиссияның қатысып отырған әрбір мүшесі қаралған жер қойнауын пайдалану объектілері бойынша осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дауыс беру парақтарын толтырады және Комиссияның хатшысына жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың жеңімпазын анықтау бойынша комиссия отырысы өтетін күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.
      21. Комиссия шешімі дауыс берушілер санының көпшілігінің дауыс беру парағы негізінде қабылданады.
      22. Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстың жеңімпазын анықтау бойынша Комиссия отырысы аяқталғаннан кейін Комиссияның хатшысы осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурс қорытындысы хаттамасын ресімдейді, оған Комиссияның отырысқа қатысқан барлық мүшелері қол қояды.
      23. Егер конкурсқа қатысушы дауыс берген Комиссия мүшелері санының жартысынан артығының дауысын алмаған жағдайда, неғұрлым көп дауыс алған екі өтініш беруші бойынша қайтадан дауыс беру өткізіледі.
      24. Қайта дауыс берген жағдайда, Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болса, төрағаның дауысы шешуші болып саналады.
      25. Конкурсты өткізуші құзыретті орган конкурстың нәтижелерін ресми баспа басылымында бір уақытта қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ құзыретті органның ресми интернет-ресурсында жариялайды.
      26. Конкурстың қорытындыларын шығару мерзімі конкурстық ұсыныстарды беру мерзімі аяқталған күннен бастап он бес күннен аспауға тиіс.
      Көрсетілген мерзім Комиссияның шешімі бойынша, бірақ бір айдан аспайтын уақытқа ұзартылуы мүмкін.
      27. Комиссия конкурсты өтпеді деп тану туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хатшысы Комиссияның отырысқа қатысқан мүшелері қол қоятын тиісті хаттаманы ресімдейді.
      28. Комиссияның конкурсты өтпеді деп тану туралы шешімі конкурсқа жіберілген барлық қатысушыларға, ресми баспа басылымында бір уақытта қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ конкурсты өткізетін мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында жариялану арқылы хабарланады.
      29. Конкурсқа қатысушылар конкурс қорытындыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануы мүмкін.

4. Комиссия қызметінің тоқтатылуы

      30. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде өз қызметін тоқтатады.

Жер қойнауын пайдалану құқығын 
беруге арналған конкурстарды  
өткізу жөніндегі комиссия туралы
ережеге            
1-қосымша           

Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын
алуға конкурстық ұсыныстар салынған пакеттерді ашу
хаттамасы

Астана қ.                             ______ жылғы «___» ___________

Конкурстық комиссия мынадай құрамда:
төраға (төрағаның орынбасары) ______________________________________
                                             (аты-жөні)

Конкурстық комиссия мүшелері:

      ______________________________________________________________
      (конкурстық ұсыныстарды ашуға қатысқан төрағаның орынбасарларын қоса алғанда, конкурстық комиссия мүшелерінің аты-жөні)

конкурстық ұсыныстар салынған пакеттерді ашу рәсімін жүргізді.
      Конкурстық ұсыныстарды мына өтініш берушілер белгіленген мерзімде ұсынды:

1. _________________________________________________________ бойынша
   (конкурсқа қойылған жер қойнауы учаскесінің (блогының) атауы)

1) ________________________________________________________________;
                    (өтініш берушінің атауы)
2) ________________________________________________________________;
                    (өтініш берушінің атауы)
2. _________________________________________________________ бойынша
   (конкурсқа қойылған жер қойнауы учаскесінің (блогының) атауы)
1) ________________________________________________________________;
                    (өтініш берушінің атауы)
2) ________________________________________________________________;
                    (өтініш берушінің атауы)

Конкурстық комиссия төрағасы
Конкурстық комиссия мүшелері

Жер қойнауын пайдалану құқығын 
беруге арналған конкурстарды  
өткізу жөніндегі комиссия туралы
ережеге            
2-қосымша           

Дауыс беру парағы

Р/с

Жер қойнауы учаскесінің атауы, жер қойнауын пайдалану құқығының түрі, пайдалы қазба түрі

Конкурсқа қатысушы жеңімпаздың атауы

1.



2.



3.



4.



5.



6.



7.



8.



9.



10.



11.



12.



13.



14.



_____________   _____________________________________
(қолы, күні)      (конкурстық комиссия мүшесінің аты-жөні)

Жер қойнауын пайдалану құқығын 
беруге арналған конкурстарды  
өткізу жөніндегі комиссия туралы
ережеге            
3-қосымша           

Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурс
қорытындыларының хаттамасы

Астана қ.                             ______ жылғы «___» ___________

Конкурстық комиссия мынадай құрамда:
төраға (төрағаның орынбасары) ______________________________________
                                             (аты-жөні)

Конкурстық комиссия мүшелері:

      ______________________________________________________________
      (конкурстық ұсыныстарды ашуға қатысқан төрағаның орынбасарларын қоса алғанда, конкурстық комиссия мүшелерінің аты-жөні)

ұсынылған конкурстық ұсыныстар бойынша дауыс беру нәтижесінде (дауыс беру парақтары қоса берілген) ШЕШТІ:
      1. жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстың жеңімпазы болып:

1. _________________________________________________________ бойынша
   (конкурсқа қойылған жер қойнауы учаскесінің (блогының) атауы)
   __________________________________________________________;
                 (жеңімпаздың (аты-жөні) атауы)

2. _________________________________________________________ бойынша
   (конкурсқа қойылған жер қойнауы учаскесінің (блогының) атауы)
   _______________________________________________________ танылсын.
                (жеңімпаздың (аты-жөні) атауы)

      2. Құзыретті орган ресми баспасөз органында конкурстың қорытындыларын жарияласын.
      3. Құзыретті орган белгіленген тәртіппен конкурстың жеңімпаздарымен келісімшарттар жасасын.
      4. Мына объектілер бойынша неғұрлым көп дауыс алған екі өтініш беруші бойынша қайтадан дауыс беру өткізілсін:
   _________________________________________________________
   (конкурсқа қойылған жер қойнауы учаскесінің (блогының) атауы)
1) __________________________________________________________;
                 (өтініш берушінің атауы)
2) __________________________________________________________;
                 (өтініш берушінің атауы)

5. _________________________________________________________ бойынша
   (конкурсқа қойылған кен учаскесінің (блогының) атауы)
   _________________________________________________________
            (конкурс өткізілмеген деп тану негіздері)
конкурс өткізілмеген* деп танылсын.

Конкурстық комиссия төрағасы
Конкурстық комиссия мүшелері

Ескертпе: * - «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңында көзделген негіздер бойынша конкурс өтпеді деп танылған жағдайда толтырылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 1263 қаулысына   
2-қосымша      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. «Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалардың конкурстарын өткізу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 ақпандағы № 158 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 8, 82-құжат).
      2. «Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 наурыздағы № 145 қаулысы.
      3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 наурыздағы № 145 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 қыркүйектегі № 907 қаулысы.
      4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылы 2 наурыздағы № 145 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 қазандағы № 920 қаулысы.
      5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 наурыздағы № 145 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 384 қаулысы.
      6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 789 және 2006 жылғы 2 наурыздағы № 145 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 желтоқсандағы № 1190 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.
      7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 789 және 2006 жылғы 2 наурыздағы № 145 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 маусымдағы № 855 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.

О создании Комиссии по проведению конкурсов на предоставление права недропользования

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 ноября 2010 года № 1263. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 августа 2015 года № 630

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 10.08.2015 № 630 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 27) статьи 16 Закона Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Создать Комиссию по проведению конкурсов на предоставление права недропользования в составе согласно приложению 1 к настоящему постановлению.
      2. Утвердить прилагаемое Положение о Комиссии по проведению конкурсов на предоставление права недропользования.
      3. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению 2 к настоящему постановлению.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Приложение 1       
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 29 ноября 2010 года № 1263

Состав
Комиссии по проведению конкурсов на предоставление
права недропользования

      Сноска. Состав с изменениями, внесенным постановлением Правительства РК от 29.11.2013 № 1277.

1. По вопросам твердых полезных ископаемых, подземных вод и
лечебных грязей:

Pay                         - первый вице-министр индустрии и новых
Альберт Павлович              технологий Республики Казахстан,
                              председатель

Жакатаев                    - директор Департамента недропользования
Еркен Исаханович              Министерства индустрии и новых
                              технологий Республики Казахстан,
                              заместитель председателя

Сыздыханова                 - начальник управления организации
Толкын Орынбаевна             конкурсов и прямых переговоров
                              Департамента недропользования
                              Министерства индустрии и новых
                              технологий Республики Казахстан,
                              секретарь

Айтаев                      - заведующий Отделом индустриально-
Ренат Курметжанович           инновационного развития Канцелярии
                              Премьер-Министра Республики Казахстан

Ужкенов                     - председатель Комитета геологии и
Булат Султанович              недропользования Министерства индустрии
                              и новых технологий Республики Казахстан

Карплюк                     - заместитель Председателя Комитета по
Сергей Алексеевич             инвестициям Министерства индустрии и
                              новых технологий Республики Казахстан

Таспихов                    - председатель Комитета промышленности
Амангельды                    Министерства индустрии и новых
Сатыбалдиевич                 технологий Республики Казахстан

Жаксыбаев                   - исполняющий обязанности директора
Бахыт Калмырзаевич            Департамента развития отраслей
                              экономики Министерства экономического
                              развития и торговли Республики
                              Казахстан

Кудабаев                    - начальник специализированного
Шафхат Серикович              управления Налогового комитета
                              Министерства финансов Республики
                              Казахстан

Турекельдиев Суюндик        - заместитель председателя Комитета
Мырзакельдиевич               экологического регулирования и контроля
                              Министерства охраны окружающей среды
                              Республики Казахстан

Есенбаева                   - эксперт Департамента подзаконных актов
Алия Омирбековна              Министерства юстиции Республики
                              Казахстан.

Представитель местного
исполнительного органа
(приглашается в
зависимости от
территориальной
принадлежности объекта)

      2. По вопросам углеводородного сырья:

Карабалин                   - Министр нефти и газа Республики
Узакбай Сулейменович          Казахстан, председатель

Акчулаков                   - вице-министр нефти и газа Республики
Булат Уралович                Казахстан, заместитель председателя

Алдашев                     - директор Департамента контрактов на
Рустем Агибаевич              недропользование и соглашений о разделе
                              продукции Министерства нефти и газа
                              Республики Казахстан, секретарь

Нурабаев                    - председатель Комитета геологии и
Базарбай Канаевич             недропользования Министерства индустрии
                              и новых технологий Республики Казахстан

Айтаев                      - заведующий Отделом индустриально-
Ренат Курметжанович           инновационного развития Канцелярии
                              Премьер-Министра Республики Казахстан

Кулмурзин                   - директор Департамента развития нефтяной
Куандык Сагындыкович          промышленности Министерства нефти и
                              газа Республики Казахстан

Такиев                      - директор Департамента налоговой и
Мади Токешевич                таможенной политики Министерства
                              экономики и бюджетного планирования
                              Республики Казахстан

Кудабаев                    - начальник специализированного
Шафхат Серикович              управления Налогового комитета
                              Министерства финансов Республики
                              Казахстан

Таутеев                     - заместитель председателя Комитета
Ауесбек Зпашевич              экологического регулирования и контроля
                              Министерства окружающей среды и водных
                              ресурсов Республики Казахстан

Жолдыбай                    - директор Департамента защиты
Максат Орынбекулы             государственного имущественного права
                              Министерства юстиции
                              Республики Казахстан

Представитель местного
исполнительного органа
(приглашается в
зависимости от
территориальной
принадлежности объекта)

Утверждено        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 29 ноября 2010 года № 1263

Положение
о Комиссии по проведению конкурсов на предоставление
права недропользования

1. Общие положения

      1. Настоящее Положение определяет задачи, функции, права и порядок работы Комиссии по проведению конкурсов на предоставление права недропользования (далее - Комиссия).
      2. Комиссия является постоянно действующим коллегиальным органом, созданным в целях проведения конкурса и определения его победителя для предоставления ему права недропользования в отношении полезных ископаемых, за исключением общераспространенных, в соответствии с законодательством Республики Казахстан о недрах и недропользовании.
      3. Комиссия в своей деятельности руководствуется Конституцией Республики Казахстан, законодательными актами Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также настоящим Положением.
      4. Комиссия имеет два состава в зависимости от вида полезных ископаемых, в отношении которых проводится конкурс на предоставление права недропользования:
      1) по вопросам твердых полезных ископаемых, подземных вод и лечебных грязей;
      2) по вопросам углеводородного сырья.

2. Задачи, функции и права Комиссии

      5. Основными задачами Комиссии являются:
      1) рассмотрение и оценка конкурсных предложений на получение права недропользования на разведку, добычу, совмещенную разведку и добычу полезных ископаемых, за исключением общераспространенных;
      2) определение победителя из числа участников конкурса на предоставление права недропользования на разведку, добычу, совмещенную, разведку и добычу полезных ископаемых, за исключением общераспространенных.
      6. Функциями Комиссии являются:
      1) обеспечение своевременного и качественного рассмотрения конкурсных предложений;
      2) объективная и всесторонняя оценка представленных конкурсных предложений.
      7. Комиссия по проведению конкурсов на предоставление права недропользования имеет право:
      1) оценивать, сопоставлять конкурсные предложения, представленные для участия в конкурсе;
      2) определять победителя конкурса;
      3) признать конкурс несостоявшимся по основаниям, установленным Законом Республики Казахстан "О недрах и недропользовании" от 24 июня 2010 года (далее - Закон);
      4) запрашивать необходимую информацию у государственных органов, организаций, иных лиц;
      5) заслушивать на заседаниях членов комиссии, представителей государственных органов, организаций, иных лиц;
      6) отклонить конкурсное предложение по основаниям, установленным Законом;
      7) привлекать в случае необходимости экспертов из числа специалистов в соответствующих областях;
      8) осуществлять иные права, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

3. Порядок работы Комиссии

      8. Комиссию возглавляет председатель. Во время отсутствия председателя его функции выполняет заместитель.
      9. Организационно-техническое обеспечение работы Комиссии осуществляет рабочий орган Комиссии.
      10. Функции рабочего органа Комиссии осуществляют следующие компетентные органы:
      в части твердых полезных ископаемых и подземных вод, за исключением общераспространенных - Министерство индустрии и новых технологий Республики Казахстан;
      в части углеводородного сырья - Министерство нефти и газа Республики Казахстан.
      11. Секретарь Комиссии в течение пяти календарных дней после окончания срока приема конкурсных предложений извещает об этом председателя Комиссии, а в случае его отсутствия заместителя председателя с указанием объектов недропользования и списка заявителей.
      12. Председатель Комиссии, а в случае его отсутствия заместитель председателя в течение трех календарных дней принимает решение о дате, времени и месте заседания Комиссии по вскрытию пакетов с конкурсными предложениями.
      13. Заседания Комиссии считаются правомочными, если на них присутствуют не менее двух третей от общего числа членов Комиссии.
      14. На заседании Комиссии по вскрытию пакетов с конкурсными предложениями секретарь Комиссии раздает каждому присутствующему на заседании члену Комиссии по одному экземпляру копии пакетов с конкурсными предложениями.
      15. Вскрытие пакетов с конкурсными предложениями проводится Комиссией в присутствии простого большинства членов Комиссии.
      16. Члены Комиссии самостоятельно вскрывают полученные пакеты с копиями конкурсных предложений.
      17. Секретарь Комиссии оформляет протокол вскрытия пакетов с конкурсными предложениями, согласно приложению 1 к настоящему Положению.
      18. Протокол вскрытия пакетов с конкурсными предложениями подписывается всеми присутствующими на заседании членами Комиссии.
      19. После подписания протокола Председатель Комиссии, а в случае его отсутствия заместитель председателя назначает дату, время и место заседания Комиссии по определению победителя конкурса на предоставление права недропользования.
      20. По результатам изучения членами Комиссии полученных конкурсных предложений, каждый присутствующий член Комиссии заполняет листы голосования по рассмотренным объектам недропользования по форме согласно приложению 2 к настоящему Положению и направляет их секретарю Комиссии, но не позднее чем за один рабочий день до даты проведения заседания Комиссии по определению победителя конкурса на предоставление права недропользования.
      21. Решение Комиссии принимается простым большинством от числа голосовавших членов Комиссии на основании листов голосования.
      22. По итогам завершения заседания Комиссии по определению победителя конкурса на предоставление права недропользования, секретарь Комиссии оформляет протокол итогов конкурса по форме согласно приложению 3 к настоящему Положению, который подписывается всеми присутствовавшими на заседании членами Комиссии.
      23. В случае если участником конкурса не набрано более половины голосов от числа голосовавших членов Комиссии, проводится повторное голосование по двум заявителям, набравшим наибольшее количество голосов.
      24. В случае проведения повторного голосования, при равенстве голосов членов Комиссии голос председателя является решающим.
      25. Результаты конкурса публикуются компетентным органом, проводившим конкурс в официальном печатном издании одновременно на казахском и русском языках, а также на официальном интернет-ресурсе компетентного органа.
      26. Срок подведения итогов конкурса не должен превышать пятнадцать дней с даты окончания срока подачи конкурсных предложений. Указанный срок может быть продлен по решению Комиссии, но не более чем на один месяц.
      27. В случае принятия Комиссией решения о признании конкурса несостоявшимся, секретарь Комиссии оформляет соответствующий протокол, который подписывается присутствовавшими членами комиссии.
      28. Решение Комиссии о признании конкурса несостоявшимся объявляется всем участникам, допущенным к конкурсу, посредством публикации в официальном печатном издании одновременно на казахском и русском языках, а также на официальном интернет-ресурсе компетентного органа, проводившего конкурс.
      29. Итоги конкурса могут быть обжалованы участниками конкурса в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

4. Прекращение деятельности Комиссии

      30. Комиссия прекращает свою деятельность на основании решения Правительства Республики Казахстан.

Приложение 1     
к Положению о Комиссии по
проведению конкурсов на
предоставление права 
недропользования  

                            Протокол
   вскрытия пакетов с конкурсными предложениями на получение
        права недропользования в Республике Казахстан

г. Астана                                   "___" _________ года

Конкурсная комиссия в составе:
председателя (заместителя председателя) _____________________________
                                                   (Ф.И.О)
членов конкурсной комиссии:
      1) ____________________________________________________________
          (Ф.И.О. членов конкурсной комиссии, включая заместителей
      2) ____________________________________________________________
      председателя, участвовавших во вскрытии конкурсных предложений)
произвела процедуру вскрытия пакетов с конкурсными предложениями.
      Конкурсные предложения представлены в установленный срок следующими заявителями:
      1. по _________________________________________________________
        (наименование участка недр (блока), выставленного на конкурс)
      1) __________________________________________________________ ;
                      (наименование заявителя)
      2) __________________________________________________________ ;
                      (наименование заявителя)
      2. по _________________________________________________________
       (наименование участка недр (блока), выставленного на конкурс)
      1) __________________________________________________________ ;
                      (наименование заявителя)
      2) ___________________________________________________________.
                      (наименование заявителя)
Председатель конкурсной комиссии
Члены конкурсной комиссии

Приложение 2     
к Положению о Комиссии по
проведению конкурсов на
предоставление права  
недропользования   

                      Лист голосования


п/п

Наименование участка недр, вид
права недропользования, вид
полезного ископаемого

Наименование участника
конкурса - победителя

1.



2.



3.



4.



5.



6.



7.



8.



9.



10.



11.



12.



13.



14.



____________________          _________________________________
   (подпись, дата)            (Ф.И.О. члена конкурсной комиссии)

Приложение 3    
к Положению о Комиссии по
проведению конкурсов на
предоставление права 
недропользования  

                           Протокол
    итогов конкурса на получение права недропользования

г. Астана                                     "___" ___________ года

Конкурсная комиссия в составе:
председателя (заместителя председателя) _____________________________
                                                  (Ф.И.О)
членов конкурсной комиссии:
1) __________________________________________________________________
       (Ф.И.О. членов конкурсной комиссии, включая заместителей
2) __________________________________________________________________
           председателя, участвовавших на заседании)
по результатам голосования (листы голосования прилагаются) по представленным конкурсным предложениям приняла РЕШЕНИЕ:
      1. определить победителем конкурса на получение права недропользования:
1) по _______________________________________________________________
      (наименование участка недр (блоков), выставленного на конкурс)
_____________________________________________________________________
                (наименование (Ф.И.О) победителя)
2) по _______________________________________________________________
      (наименование участка недр (блоков), выставленного на конкурс)
_____________________________________________________________________
                (наименование (Ф.И.О) победителя)
      2. Компетентному органу опубликовать в официальном печатном органе итоги конкурса.
      3. Компетентному органу в установленном порядке заключить контракты с победителями конкурса.
      4. Провести повторное голосование по двум заявителям, набравшим наибольшее количество голосов по следующему объекту:
1. __________________________________________________________________
     (наименование участка недр (блоков), выставленного на конкурс)
1) _________________________________________________________________;
                  (наименование заявителя)
2) _________________________________________________________________;
                  (наименование заявителя)
      5. Признать конкурс несостоявшимся* __________________________
      1. по ________________________________________________________
      (наименование участка недр (блоков), выставленного на конкурс)
____________________________________________________________________
        (основание признания конкурса несостоявшимся)
Председатель конкурсной комиссии
Члены конкурсной комиссии

      Примечание: * - заполняется в случае признания конкурса несостоявшимся по основаниям, предусмотренным Законом Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании".

Приложение 2       
к постановлению Правительства
Республики Казахстан   
от 29 ноября 2010 года № 1263

Перечень
утративших силу некоторых решений Правительства
Республики Казахстан

      1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 февраля 2003 года № 158 "Об утверждении Положения о комиссии по проведению конкурсов инвестиционных программ на получение права недропользования в Республике Казахстан" (САПП Республики Казахстан 2003 г. № 8, ст. 82).
      2. Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 марта 2006 года № 145 "Об образовании комиссии по проведению конкурсов на получение права недропользования".
      3. Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 сентября 2006 года № 907 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 марта 2006 года № 145".
      4. Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 октября 2007 года № 920 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 марта 2006 года № 145".
      5. Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2008 года № 384 "О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 2 марта 2006 года № 145".
      6. Подпункт 2) пункта 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 2008 года № 1190 "О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 29 июля 2005 года № 789 и от 2 марта 2006 года № 145".
      7. Подпункт 2) пункта 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2009 года № 855 "О внесении изменений в постановления Правительства Республики Казахстан от 29 июля 2005 года № 789 и от 2 марта 2006 года № 145".