Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылы 2 наурыздағы N 145 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 қазандағы N 920 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1263 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1.»"Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 наурыздағы N 145  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

      Мыңбаев               - Қазақстан Республикасының
      Сауат Мұхаметбайұлы     Энергетика және минералдық
                              ресурстар министрі, төраға

      Жақыпов               - Қазақстан Республикасы
      Ғалымжан Қойшыбайұлы    Экономика және бюджеттік
                              жоспарлау министрлігінің Салық
                              саясаты және болжамдар
                              департаменті жер қойнауын
                              пайдаланушыларға салық салу
                              басқармасының бастығы

      Мұқай                 - Қазақстан Республикасы Қаржы
      Ерлан Баққожаұлы        министрлігінің Салық комитеті
                              мамандандырылған бөлімінің
                              бастығы

      Сейітов               - Қазақстан Республикасы Қаржы
      Марат Жандарбекұлы      министрлігі Салық комитетінің
                              әкімшілендіру және ірі салық
                              төлеушілердің мониторингі
                              басқармасы жер қойнауын
                              пайдалану бөлімінің бастығы

      Сүйесінов             - Қазақстан Республикасы
      Амантай Кемелұлы        Энергетика және минералдық
                              ресурстар министрлігінің Мұнай
                              өнеркәсібі департаменті
                              директорының орынбасары
 

                                     мына:
      "Сейтімбетов          - Қазақстан Республикасы Әділет
      Дәулетияр Сахидоллаұлы  министрлігі Заңға тәуелді
                              кесімдер департаментінің заңға
                              тәуелді кесімдерді сараптау
                              басқармасының бастығы"

      деген жолда "департаментінің заңға тәуелді кесімдерді сараптау басқармасының бастығы" деген сөздер "департаменті директорының орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген құрамнан Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы, Тілеулесов Биғали Жақсылықұлы, Омарова Бақытжамал Жакенқызы, Ноғаев Нұрлан Асқарұлы шығарылсын.

      2 Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады