Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалардың конкурстарын өткiзу жөнiндегі комиссия туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2003 жылғы 13 ақпан N 158. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1263 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.29 № 1263 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалардың конкурстарын өткiзу жөнiндегi комиссияның жұмысын ұйымдастыру тәртiбiн анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалардың конкурстарын өткiзу жөнiндегi комиссия туралы ереже бекiтілсiн.

      2. "Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалардың конкурстарын өткiзу жөнiндегi комиссия туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 2 тамыздағы N 859 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., 274-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Yкiметiнiң       
2003 жылғы 13 ақпандағы
N 158 қаулысымен   
бекiтілген      

Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын
алуға инвестициялық бағдарламалардың конкурстарын өткiзу
жөніндегi комиссия туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалардың конкурстарын өткiзу жөнiндегi комиссияның (бұдан әрi - комиссия) жұмысын ұйымдастыру және оның қызметiн реттеу тәртiбiн анықтайды.
      2. Комиссия инвестициялық бағдарламалардың конкурсын өткiзу әрi Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргiзу саласындағы заңнамасына сәйкес конкурс жеңiмпазына жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшiн оны анықтау мақсатында құрылған тұрақты қызмет ететiн орган болып табылады.
      3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн және Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану және мұнай операцияларын жүргiзу саласындағы құқықтық қатынастарды регламенттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн басшылыққа алады.
      4. Комиссияның дербес және сандық құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен бекiтiледi.

2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары

      5. Комиссияның негiзгi мiндетi Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар конкурсына қатысушылардың iшiнен жеңiмпазды анықтау болып табылады.
      6. Комиссияның қызмет саласындағы функциялары:
      1) конкурстық ұсыныстарды уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету;
      2) тиiстi тұлғалар ұсынған конкурстық ұсыныстарды бағалау;
      3) Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беру рәсiмiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.

3. Комиссияның жұмыс iстеу тәртiбi

      7. Комиссияны төраға басқарады.
      8. Комиссия мәжiлiстерi қажеттiлiгiне қарай, бiрақ тоқсанына бiр реттен жиi болмай өткiзiледi және егер оған комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, заңды деп саналады.
      9. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiк құзыреттi орган ретiнде конкурстық ұсыныстарды қабылдау мерзiмi аяқталғаннан кейiн бiр апта мерзiмде бұл туралы комиссия төрағасын жазбаша түрде жер қойнауын пайдалану объектілерi мен өтiнiш бiлдiрушілердiң тiзiмiн көрсете отырып хабардар етедi. Комиссия төрағасы құзыреттi органның хабарламасы негiзiнде комиссияның мәжілiсi болатын күн, орын және уақыт туралы шешiм қабылдайды.
      10. Комиссия мәжiлiсiнде хатшы төрағаға және мәжiлiске қатысушы комиссия мүшелерiне конкурстық ұсыныстар салынған пакеттi бiр данадан таратады.
      11. Комиссия мүшелерi алынған конкурстық ұсыныстар салынған пакеттердi өздерi ашады.
      12. Мәжiлiсте болмаған комиссия мүшесiне комиссия хатшысы мәжiлiстен кейiн үш күн мерзiмде, ал ол жұмыс орнында болмаған жағдайда (iссапар, еңбек демалысы және басқа да), ол келгеннен кейiн үш күн мерзiмде оған конкурстық ұсыныстар салынған конвертті, сондай-ақ осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналға кейiннен тiркей отырып, дауыс беру парағын бередi.
      13. Комиссияның хатшысы осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурстық ұсыныстар салынған пакеттердi ашу хаттамасын ресiмдейдi. Конкурстық ұсыныстар салынған пакеттердi ашу хаттамасына комиссияның мәжiлiске қатысқан барлық мүшелерi мен комиссияның төрағасы қол қояды.
      14. Комиссияның барлық мүшелерi алынған конкурстық ұсыныстарды зерделеп шыққаннан кейiн, комиссияның әрбiр мүшесi қаралған жер қойнауын пайдалану объектiлерi жөнiнде осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парақтарын толтырады. Жер қойнауы учаскелерiнiң (блоктарының) атауы бар дауыс беру парағын құзыреттi орган жасайды және конкурстық ұсыныстар салынған пакеттер ашылғаннан кейiн комиссияның барлық мүшелерiне таратылады. Комиссия мүшелерi толтырған және қол қойған дауыс беру парақтары комиссияның кезекті отырысында қарау үшiн комиссияның хатшысына берiледi және журналда тiркеледi (1-қосымша).
      15. Конкурс жеңiмпазы туралы түпкiлiктi шешiмдi мәжiлiске қатысушы комиссия мүшелерi дауыс беру парақтарының негiзiнде қабылдайды. Қаралған жер қойнауын пайдалану объектiлерi бойынша конкурс жеңiмпаздарын анықтау жөнiндегi комиссия мәжілici аяқталғаннан кейiн комиссияның хатшысы осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалардың конкурстарын өткiзу жөнiндегi комиссия отырысының хаттамасын ресiмдейдi. Хаттамаға комиссияның мәжiлiске қатысқан барлық мүшелерi мен комиссияның төрағасы қол қояды.
      16. Комиссия мәжiлiсiне қатысушы комиссия мүшесi тиiсiнше тiркелген басқа дауыс беру парағын ұсына отырып, талқылау қорытындылары бойынша комиссияның осы мәжілісiнде өз пiкiрiн өзгертуiне құқылы.
      17. Комиссияның шешiмi оның мүшелерінің көпшiлiк дауысымен қабылданады және құзыретті орган мен конкурсқа қатысушылар үшiн мiндеттi сипатта болады.
      18. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған кезде төрағаның дауысы шешушi болып саналады.
      19. Егер конкурсқа қатысушы дауыс берген комиссия мүшелерi санының жартысынан артық дауыс алмаған жағдайда, неғұрлым көп дауыс алған eкі өтiнiш берушi бойынша қайтадан дауыс беру өткiзiледi.
      20. Егер екiден артық өтiнiшi беруші көп дауыс алған жағдайда, конкурстың түпкiлiктi жеңiмпазын анықтау мақсатында конкурс жеңімпаздарының "қысқа тiзiмi" (аралық тiзiмi) жасалады.
      21. Қаралып отырған объектiлердiң қайсысы болмасын бiреуi бойынша жедел шешiм қабылдау қажет болған жағдайда, комиссия конкурстық ұсыныстар салынған конверттер ашылғаннан кейiн дауыс беру парағын толтыру және тиiстi хаттамаларды ресiмдеу жолымен шешiм қабылдауға құқылы.

4. Комиссияның құқықтары

      22. Комиссияның белгiленген тәртiппен және оның құзыретіне енетiн мәселелер бойынша мынадай құқықтары бар:
      1) конкурсқа қатысу үшiн қабылданған конкурстық ұсыныстарды бағалауға, салыстыруға және жеңiмпазды анықтауға;
      2) конкурсқа қатысушылар берген конкурстық ұсыныстар шамамен тең болған жағдайда олардың конкурстық ұсыныстарын жақсарту жөнiнде шешiмдер қабылдауға;
      3) конкурс жеңiмпазын анықтауға;
      4) бiр ғана өтiнiш берушi қатысқан жағдайда конкурсты өткізілмедi деп тануға және жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалардың конкурсынан объектiнi алып тастауға немесе қайтадан конкурс тағайындауға;
      5) конкурстық ұсыныстарды қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңiлдету үшiн конкурсқа қатысушылардан олардың конкурстық ұсыныстарына байланысты түсiнiктемелердi сұратуға;
      6) Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын беру рәсiмiн жетілдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      7) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, өзге тұлғалардан қажеттi ақпаратты сұратуға;
      8) мәжiлiстерде комиссия мүшелерiн, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың жауапты өкілдерiн, өзге де тұлғаларды тыңдауға;
      9) комиссияның құрамын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзуге;
      10) конкурстық ұсыныс Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы N 108 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын берудің тәртiбiнiң ережелерi сақталмай берілген жағдайда оны қарамауға;
      11) қажет болған кезде тиiстi салалардағы мамандардың iшiнен сарапшыларды тартуға;
      12) заңнамада көзделген тәртiппен жер қойнауын пайдалану құқығын алуға өтiнiш берушiнi конкурста жеңімпаз деп тану туралы бұрын қабылданған шешiмнiң күшiн жоюға;
      13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

5. Комиссия қызметiнiң тоқтатылуы

      23. Комиссия Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi негiзiнде өз қызметін тоқтатады.

1-қосымша

Мәжілісте болмаған комиссия мүшелеріне берілетін
конкурстық ұсыныстар мен дауыс беру парақтарын тіркеу
және комиссия мүшелерінің толтырылған дауыс беру
парақтарын тапсыруын тіркеу журналы

------------------------------------------------------------------
Р/с!Жер қойнауын!Конкурстық!Комиссия !Комиссия  !Комиссия !Комиссия
N !пайдалану   !ұсыныс    !мүшесінің!мүшесінің !мүшесінің!хатшысы.
   !объектісінің!берген    !аты-жөні !конкурстық!дауыс    !ның тол.
   !атауы       !өтініш    !         !ұсынысты  !беру     !тырылған
   !            !беруші    !         !алғандағы !парағын  !дауыс
   !            !          !         !қолы      !алғандағы!беру па.
   !            !          !         !          !қолы     !рағын
   !            !          !         !          !         !алғандағы
   !            !          !         !          !         !қолы
-------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------

2-қосымша

Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану
құқығын алуға конкурстық ұсыныстар
салынған пакеттерді ашу
ХАТТАМАСЫ

      Астана қ.                        200__ жылғы "___"_________

      Конкурстық комиссия мынадай құрамда
      _______________________________________
      (комиссия мүшесінің аты-жөні, лауазымы)
      _______________________________________
      (комиссия мүшесінің аты-жөні, лауазымы)
      _______________________________________
      (комиссия мүшесінің аты-жөні, лауазымы)
      _______________________________________
      (комиссия мүшесінің аты-жөні, лауазымы)
конкурстық ұсыныстар салынған пакеттерді ашу рәсімін жүргізді.

      І. Конкурстық ұсыныстарды мынадай өтініш берушілер ұсынды:
      1. Мына объект бойынша _____________________________________
                        (жер қойнауын пайдалану объектісінің атауы)
      1) _________________________________________________________
            (өтініш берушінің атауы, ашылған пакеттердің саны)
      2) _________________________________________________________
            (өтініш берушінің атауы, ашылған пакеттердің саны)
      3) _________________________________________________________
            (өтініш берушінің атауы, ашылған пакеттердің саны)

      2. Мына объект бойынша _____________________________________
                        (жер қойнауын пайдалану объектісінің атауы)
      1) _________________________________________________________
            (өтініш берушінің атауы, ашылған пакеттердің саны)
      2) _________________________________________________________
            (өтініш берушінің атауы, ашылған пакеттердің саны)
      3) _________________________________________________________
            (өтініш берушінің атауы, ашылған пакеттердің саны)

      3. Мына объект бойынша _____________________________________
                        (жер қойнауын пайдалану объектісінің атауы)
      1) _________________________________________________________
            (өтініш берушінің атауы, ашылған пакеттердің саны)
      2) _________________________________________________________
            (өтініш берушінің атауы, ашылған пакеттердің саны)
      3) _________________________________________________________
            (өтініш берушінің атауы, ашылған пакеттердің саны)

      ІІ. Конкурстық ұсыныстар мен дауыс беру парақтарын қатысып отырған комиссия мүшелері алды.
      ІІІ. Комиссияның ___________________________________________
______________________________________________________ қатыспаған
(комиссияның қатыспаған мүшелерінің аты-жөні, лауазымы)
мүшелері үшін 1-тармақта көрсетілген конкурстық ұсыныстар салынған пакеттер комиссия хатшысына берілді.

      Төраға                        ______________

      комиссия мүшелері             ______________
                                    ______________

3-қосымша

Дауыс беру парағы

------------------------------------------------------------------
Р/с! Жер қойнауы учаскесінің (блогының)! Конкурсқа қатысушы
N ! атауы, жер қойнауын пайдалану     ! жеңімпаздың атауы
   ! құқығының түрі, пайдалы қазба түрі!
------------------------------------------------------------------
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
14.
------------------------------------------------------------------

      _________________    ________________________________________
         (қолы, күні)      (конкурстық комиссия мүшесінің аты-жөні)

      Комиссия мүшесі конкурсқа қатысушы жеңімпаздың атауы бағанына өзі дауыс беретін өтініш берушінің атауын өз қолымен жазады.

4-қосымша

Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану
құқығын алуға инвестициялық бағдарламардың конкурстарын
өткiзу жөніндегі комиссия мәжілісінің
ХАТТАМАСЫ

Астана қ.                                  200_ жылғы "___"______

      Қатысқандар:
      _____________________________________________
      (комиссия мүшелерiнің аты-жөнi және лауазымы)
      _____________________________________________
      _____________________________________________

Күн тәртiбi:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 200_ ж. "___"______ N __ қаулысына сәйкес өткiзiлiп отырған Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар конкурсының жеңiмпаздарын анықтау.
      2. Бiрінші мәселе бойынша мыналар сөз сөйледi _____________

      Конкурсқа қойылған жер қойнауын пайдалану объектiлерi жөнiндегi берiлген конкурстық ұсыныстар бойынша қараудың, талқылаудың және комиссия мүшелерiнiң дауыс беру қорытындыларының (қоса берiледi) негiзiнде комиссия ШЕШIМ қабылдады:
      1. Мына объектiлер бойынша Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығын алуға инвестициялық бағдарламалар конкурсының жеңiмпазы белгiленсiн:
      1)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
                       (объектінің атауы)

__________________________________________________________________
                       (жеңiмпаздың атауы)

Жеңiмпаздың конкурстық ұсынысы қоса берiледi.

      2)
__________________________________________________________________
                       (объектінің атауы)
__________________________________________________________________
                       (жеңiмпаздың атауы)

Жеңiмпаздың конкурстық ұсынысы қоса берiледi.

      3)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
                       (объектiнiң атауы)
__________________________________________________________________
                       (жеңiмпаздың атауы)

      2. Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi ресми баспасөз органында конкурстың қорытындыларын жарияласын.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi ________ тармақтың _________ тармақшасында анықталған конкурстың жеңiмпаздарымен белгіленген тәртiппен
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
________________________________________________ арналған
(пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге,
бiрлескен барлау мен өндiруге)
келiсiм-шарт жасассын.
      4. Мына объектiлер бойынша конкурс жеңiмпаздарының аралық тізiмi анықталсын:
      1) ________________________________________________________
__________________________________________________________________
                      (объектiнiң атауы)
__________________________________________________________________
          (аралық жеңiмпаздардың атауы (қысқа тiзiм)
      2)
      5. _______ тармақтың _________ тармақшасында белгiленген конкурстың аралық жеңiмпаздарынан конкурстық ұсынысқа қатысты қосымша ақпарат сұратылсын.
      6. _______ тармақтың _________ тармақшасында баяндалған объектiлер бойынша конкурстың түпкiлiктi жеңiмпаздары комиссияның 200_ жылғы "___"_______ мәжiлiсiнде анықталсын.
      7. Мына объектiлер бойынша конкурс өткiзiлмедi деп танылсын:
      1)
__________________________________________________________________
                      (объектiнiң атауы)
__________________________________________________________________
                            (негiз)
      2)
      8. Мына объектiлер конкурстан алынсын:
      1) ________________________________________________________
__________________________________________________________________
                      (объектiнiң атауы)
__________________________________________________________________
                           (негіз)
      2)
      9. Мына объектiлер бойынша қайталама конкурс тағайындалсын:
      1) ________________________________________________________
__________________________________________________________________
                      (объектiнiң атауы)
__________________________________________________________________
                           (негіз)
      2)
      10. Құзыретті органға бiр ғана өтінiш берушi болуына орай
__________________________________________________________________
                    (өтiнiш берушiнiң атауы)
келiссөздер негiзiнде және өтiнiш берушi конкурстық ұсыныста жасаған ұсынысына қарағанда Қазақстан Республикасы үшiн пайдалылығы кем емес шарттарда ______________________________________________
                                 (объектінiң атауы)
арналған келiсiм-шарт жасасу ұсынылсын.
      11. Комиссия _______________________________________________
                              (өтiнiш берушiнiң атауы)
_______________________________________ объект бойынша қосымша
         (объектінің атауы)
___________________________ сұратуды шешті.
         (ақпарат)

      Комиссия төрағасы          _____________
      Комиссия мүшелерi          _____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады