Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы ұсыныс Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шартқа
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы,
2007 жылғы 6 қазандағы Кеден одағының комиссиясы туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) 15-бабына сәйкес,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Шарттың 6-бабы мынадай редакциядағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«Кеден одағының және оның органдарының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында Комиссия жеке мәселелер бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттердің ұсыныстарын қарау және ұстанымдарын келісу, сондай-ақ Комиссияға тиісті ұсынымдар әзірлеу үшін үйлестіруші және консультативтік органдар құруға құқылы.».
2-бап
Шарттың 8-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап
Комиссияның міндетті сипаты бар шешімдері ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң күшіне енеді, ал жедел реттеуді талап ететін ерекше жағдайларда Комиссия шешімінде оның күшіне енуінің өзге, бірақ мұндай шешімнің ресми жариялану күнінен бұрын болмайтын мерзімі көрсетілуі мүмкін.».
3-бап
Осы Хаттаманы түсіндіруге және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар мүдделі Тараптардың консультациялары мен келіссөздері арқылы шешіледі, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, дау Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына қарауға беріледі.
4-бап
Осы Хаттама ратификациялауға жатады және қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады.
Осы Хаттама Тараптардың осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар арқылы депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.
_________ қаласында 201__ жылғы «__» _______ орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы осы Хаттаманың депозитарийі болып табыла отырып, әрбір Тарапқа оның куәландырылған көшірмесін жіберетін Кеден одағының комиссиясында сақталады.
Беларусь Қазақстан Ресей
Республикасы Республикасы Федерациясы
үшін үшін үшін