Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Елде және әлемде болып жатқан экономикалық үдерістерге жедел мониторинг жүйесін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 мамырдағы № 529 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 28, 274-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Елде және әлемде болып жатқан экономикалық үдерістерге шұғыл мониторинг жүйесін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«Ағымдағы іс-шаралар» деген 3-бөлімде:
реттік нөмірі 8-жолдың 2 және 5 бағандарындағы «ЭБЖМ», «ЭМРМ», «ИСМ» деген аббревиатуралар тиісінше «ЭДСМ», «МГМ», «ИЖТМ» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 9 және 11-жолдар алынып тасталсын;
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
«ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов