Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 мамырдағы № 529 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 1439 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Елде және әлемде болып жатқан экономикалық үдерістерге жедел мониторинг жүйесін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 мамырдағы № 529 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 28, 274-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Елде және әлемде болып жатқан экономикалық үдерістерге шұғыл мониторинг жүйесін енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      «Ағымдағы іс-шаралар» деген 3-бөлімде:
      реттік нөмірі 8-жолдың 2 және 5 бағандарындағы «ЭБЖМ», «ЭМРМ», «ИСМ» деген аббревиатуралар тиісінше «ЭДСМ», «МГМ», «ИЖТМ» деген аббревиатуралармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 9 және 11-жолдар алынып тасталсын;
      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы: мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      «ЭДСМ - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі
      МГМ - Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі
      ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады