Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 867 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 407-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«Ұйымдастыру іс-шаралары» деген 1-бөлімде:
6-бағанда:
реттік нөмірі 1.7-жолдағы «30,834» және «12,5» деген сандар тиісінше «29,101» және «10,767» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 1.8-жолдағы «90,122» және «30,109» деген сандар тиісінше «90,487» және «30,474» деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 1.10-жолда:
«11 млрд. 180» деген сөздер «6 млрд. 818» деген сөздермен ауыстырылсын;
«7 млрд. 842» деген сөздер «3 млрд. 480» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 1.11-жолда:
«6 млрд. 979» деген сөздер «8 млрд. 872» деген сөздермен ауыстырылсын;
«2 млрд. 786» деген сөздер «4 млрд. 679» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын ақпараттық-түсіндіруді қамтамасыз ету» деген 4-бөлімде:
«Жиыны: Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қамтамасыз етуге арналған бюджет қаражатының көлемі» деген жолдың 6-бағанында «281,175» және «87,700» деген сандар тиісінше «277,338» және «83,863» деген сандармен ауыстырылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов