Ескерту. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 29.06.2017 № 5 нормативтік қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. "Қадағалау сатысындағы қылмыстық істер жөніндегі өндірістің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 2 нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақтағы "және қадағалау сатыларындағы" деген сөздер "сатылардағы" деген сөзбен ауыстырылсын және "кассациялық тәртіпте", "кассациялық (жеке)" деген сөздер алып тасталсын;
екінші сөйлем "келтірмесе," деген сөзден кейін "ҚІЖК-нің 423-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген, жарияланған кезден бастап заңды күшіне енетін апелляциялық қаулыларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші сөйлемдегі "кассациялық (жеке)" деген сөздер алып тасталсын;
2) 2-тармақта:
бірінші абзацтағы "және қадағалау сатыларындағы" деген сөздер "сатылардағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
бірінші абзацтың екінші сөйлемі "бірінші," деген сөзден кейін "апелляциялық," деген сөзбен толықтырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік және жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуына байланысты, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына және оның мерзімін ұзартуға санкция беру мәселелері бойынша, анықтауды және алдын ала тергеуді жүргізетін тұлғалардың әрекеттері мен шешімдеріне немесе прокурордың істі алдын ала тергеу сатысындағы әрекеттері мен шешімдеріне жасалған шағымдарды шешу бойынша шығарылған, заңды күшіне енген сот қаулылары қадағалау тәртібінде қайта қарауға жатпайды.";
мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Егер істі қосымша тергеуге немесе жаңадан қарауға жіберу туралы заңды күшіне енген сот қаулысына, ол заңды күшіне енген күннен бастап 15 тәулік ішінде шағымданса және ҚІЖК-нің 459-бабында көзделген негіздер бар болса, ол қадағалау тәртібінде қайта қаралуы мүмкін. Егер істі сот қабылдап алса және ол бойынша жаңа сот талқылауы басталса немесе қосымша тергеу жүргізіліп жатса, онда өтініштің немесе наразылықтың уәждерін тексеру үшін істі сұратып алуға болмайды.
Істі қадағалау тәртібінде қарау нәтижелері бойынша шығарылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты алқасының қаулылары ерекше жағдайда ҚІЖК-нің 458-бабының 3-бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша қайта қаралуы мүмкін.";
3) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Бас прокурорының (бұдан әрі мәтін бойынша – прокурор) наразылығы немесе судьялардың шағым жасалған сот актілерін қайта қарау бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғау туралы қаулылары болғанда ғана қадағалау сатысы сотында істі қарау мүмкін болады. Заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау туралы өтініштерді алдын ала қарау үш судья құрамында жүзеге асырылады.";
4) 4 және 9-тармақтарда "қадағалау арыздар", "қадағалау шағымы" деген сөздер тиісінше "өтініштер", "өтініші" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) мынадай мазмұндағы 12-1, 12-2, 12-3, 12-4-тармақтармен толықтырылсын:
"12-1. Үкімді орындау тәртібінде жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану кезінде қаулыны заңсыз немесе негізсіз шығару азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының бұзылуына әкеп соғатындықтан, олар қадағалау тәртібімен қайта қарау үшін негіз болады.
12-2. Егер соттар заңды дұрыс қолданбау нәтижесінде қылмыс рецидивінің түрін және түзеу колониясы режимінің түрін дұрыс белгілемесе, онда заңды күшіне енген сот үкімдері және қаулылары осы бөлігінде қайта қаралуға жатады.
12-3. Соттар қылмыстық істерді қарау барысында материалдық және процессуалдық заңдардың талаптары, сондай-ақ "Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы № 1 нормативтік қаулысында берілген түсіндірмелер сақтала отырып, қойылған азаматтық талаптардың дұрыс шешілуін қамтамасыз етуге тиіс.
Азаматтық талаптың дұрыс шешілмеуіне әкеп соққан, заңды дұрыс қолданбау заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын осы бөлігінде қайта қарау үшін негіз болады.
12-4. Сот алқабилердің қатысуымен шығарған заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды қадағалау сатысында қайта қарау ҚІЖК-нің 576, 577-баптарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";
6) 13-тармақта:
"шағым", "қадағалау шағымын" деген сөздер "өтініш", "өтінішті" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Прокурордың наразылықтары ҚІЖК-нің 463-465-баптары ескерілмей, тікелей қаралады.";
7) 14-тармақ алып тасталсын;
8) 15-тармақтың бірінші абзацының бірінші сөйлемінде "қадағалау шағымын" деген сөздер "өтініш" деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 17-тармақта:
"Шағымды", "шағым" деген сөздер тиісінше "Өтініштерді", "өтініш" деген сөздермен және "қорытынды", "қадағалау шағымдары" деген сөздер тиісінше "қаулы", "өтініштер" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Егер іс сотталғанның жағдайының нашарлауы туралы мәселе қойылған жәбірленушінің (азаматтық талапкердің) өтініші, прокурордың наразылығы бойынша қаралса немесе іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу және істі бірінші сатыда қарау айыпталушының қатысуынсыз жүзеге асырылса, қадағалау сатысында адвокаттың қатысуы міндетті болып табылады.";
10) 18-тармақта:
бірінші абзацта "шағымды" деген сөз "өтінішті" деген сөзбен, "қорытындысында", "қорытындыға" деген сөздер "қаулысында", "қаулыға" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацта "Қадағалау шағымы" және "қорытындысы" деген сөздер тиісінше "Өтініш" және "қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 19-тармақта:
"сәйкес" деген сөзден кейін "қадағалау өндірісін қозғау туралы," деген сөздермен толықтырылсын;
"тиісті", "оны жасаған" деген сөздер алып тасталсын;
12) 20-тармақта:
бірінші абзацтағы "қорытындысы", "қорытынды", "30 тәулік" деген сөздер тиісінше "қаулысы", "қаулы", "бір ай" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші және екінші абзацтарда "қадағалау шағымын", "шағымды", "шағымдар" деген сөздер тиісінше "өтінішті", "өтінішті", "өтініштер" деген сөздермен ауыстырылсын;
13) 21-тармақта:
"тиісті" деген сөз алып тасталсын және "шағым" деген сөз "өтініш" деген сөзбен ауыстырылсын;
"сот мәжілісінің басталуына дейін 14 тәулік бұрын" деген сөздер "сот мәжілісі өтетін күні, уақыты және орны көрсетіліп," деген сөздермен ауыстырылсын;
14) 22-тармақ "бірінші" деген сөзден кейін "және апелляциялық" деген сөздермен толықтырылсын;
15) 23-тармақтың бірінші және үшінші сөйлемдері "бірінші" деген сөзден кейін "және апелляциялық" деген сөздермен толықтырылсын және "Шағымға" деген сөз "Өтінішке" деген сөзбен ауыстырылсын;
16) 24-тармақтың екінші сөйлеміндегі "қадағалау шағымдарында" деген сөздер "өтініштерде" деген сөзбен ауыстырылсын;
17) 25-тармақта:
бірінші абзацтағы "қадағалау шағымын", "шағым" деген сөздер "өтінішті", "өтініш" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "шағымда", "шағымдануы" деген сөздер тиісінше "өтініште", "өтініш беру" деген сөздермен ауыстырылсын;
18) 26-тармақтағы "шағымында", "кассациялық немесе қадағалау" деген сөздер тиісінше "өтінішінде", "апелляциялық немесе кассациялық" деген сөздермен ауыстырылсын;
19) 27-тармақта:
бірінші абзацтағы "шағымы" деген сөз "өтініші" деген сөзбен, "немесе төмен тұрған қадағалау сатысындағы" деген сөздер "сатыдағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "немесе төмен тұрған қадағалау сатысындағы" деген сөздер "сатыдағы" деген сөзбен, "қадағалау арызы" деген сөздер "өтініш" деген сөзбен ауыстырылсын;
20) 28-тармақтағы "немесе төмен тұрған қадағалау сатысындағы" деген сөздер "сатыдағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
21) 29-тармақтағы "қадағалау шағымы", "қорытындысы", "шағымы" деген сөздер тиісінше "өтініші", "қаулысы", "өтініші" деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 31-тармақтағы "370, 373-баптарында" деген сөздер "370-бабында" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының Төрағасы | М. Әлімбеков |
Қазақстан Республикасы | |
Жоғарғы Сотының судьясы, | |
жалпы отырыс хатшысы | Ж. Бәйішев |