«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 31 наурыздағы
№ 265 қаулысына
қосымша
Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің және
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің
күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Қазақ КСР-ның таратылатын (қайта ұйымдастырылатын) министрліктері мен ведомстволарының, орындардағы олардың органдарының құжаттары мен мұрағаттарын реттеу және мемлекеттік сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 22 мамырдағы № 323 қаулысы.
2. «Қазақ КСР-індегі қазақ тілін және басқа да ұлттық тілдерді дамытудың 2000 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 6 желтоқсандағы № 767 қаулысы.
3. «Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесін жаңғыртудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 сәуірдегі № 289 қаулысы.
4. «Қазақстан» Мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 4 мамырдағы № 357 қаулысы.