«2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы облысының әкімдігіне аудару үшін 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 3 528 166 000 (үш миллиард бес жүз жиырма сегіз миллион бір жүз алпыс алты мың) теңге, оның ішінде:
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне:
Алматы облысы Ақсу ауданындағы Қызылағаш бөгетінің жарылуы салдарынан зардап шеккен адамдардың тұрғын үйлерін тігінен жоспарлауға және салуға 2 457 015 000 (екі миллиард төрт жүз елу жеті миллион он бес мың) теңге сомасында нысаналы даму трансферттері түрінде;
залал келтірілген тұрғын үйлердің құрылыстарын бұзу, аумақтарын сел қоқыстарынан тазарту, бұзу және күрделі жөндеу үшін 571 151 000 (бес жүз жетпіс бір миллион бір жүз елу бір мың) теңге ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде;
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне Алматы облысы Ақсу ауданындағы Қызылағаш бөгетінің жарылуы салдарынан елді мекендердің бұзылған көшелерінің автомобиль жолдарын салуға және қайта жаңғыртуға 500000000 (бес жүз миллион) теңге сомасында нысаналы даму трансферттері түрінде ақшалай қаражат бөлінсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.12.20 № 1381 Қаулысымен.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Алматы облысының әкімі 2010 жылғы 10 қыркүйекке дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі мен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны жөнінде есеп берсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов