Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі № 329 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 1381 қаулысы

       Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 сәуірдегі № 329 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтағы «3 629 992 000 (үш миллиард алты жүз жиырма тоғыз миллион тоғыз жүз тоқсан екі мың», «2 557 341 000 (екі миллиард бес жүз елу жеті миллион үш жүз қырық бір мың» және «572 651 000 (бес жүз жетпіс екі миллион алты жүз елу бір мың» деген сөздер тиісінше «3 528 166 000 (үш миллиард бес жүз жиырма сегіз миллион бір жүз алпыс алты мың», «2 457 015 000 (екі миллиард төрт жүз елу жеті миллион он бес мың» және «571 151 000 (бес жүз жетпіс бір миллион бір жүз елу бір мың» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады