Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы арасындағы Анталия провинциясының Кемер уезінде орналасқан меншікті Қазақстан Республикасына пайдалануға беру туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Түрік Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Бағдат Құлтайұлы Әміреевке Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, 1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы арасындағы Анталия провинциясының Кемер уезінде орналасқан меншікті Қазақстан Республикасына пайдалануға беру туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 25 мамырдағы
№ 469 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Түрік
Республикасы арасындағы Анталия провинциясының Кемер
уезінде орналасқан меншікті Қазақстан Республикасына
пайдалануға беру туралы хаттамаға өзгерістер енгізу
туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік
Республикасының Үкіметі арасындағы
хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі,
1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасы арасындағы Анталия провинциясының Кемер уезінде орналасқан меншікті Қазақстан Республикасына пайдалануға беру туралы хаттаманың (бұдан әрі - 1993 жылғы Хаттама) ережелерін басшылыққа ала отырып,
1993 жылғы Хаттамаға мынадай өзгерістер енгізу туралы келісті:
1-бап
1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«Мазмұны
Осы Хаттамаға сәйкес Анталия провинциясының Кемер уезінде Бельдиби ауылының аумағында орналасқан жалпы алаңы 66023,41 шаршы метр, 806 нөмірлі орманды жер учаскесі Қазақстан Республикасына пайдалануға беріледі.».
2-бап
2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«Пайдалану түрі
Алаңы 22295,36 шаршы метр берілетін жер учаскесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасына мемлекеттік резиденция үшін рекреациялық және сауықтыру мақсатында пайдалануға өтеусіз негізде беріледі.
Алаңы 43728,05 шаршы метр жер учаскесінің басқа бөлігі Қазақстан Республикасына коммерциялық мақсатта пайдалану үшін ақылы негізде беріледі. Осы жер учаскесін коммерциялық мақсатта пайдалануға байланысты салықтарды, баждар мен өзге де міндетті алымдарды төлеу тәртібі мен шарттары Түрік Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
Қазақстандық Тарапта алаңы 43728,05 шаршы метр жер учаскесін коммерциялық мақсатта пайдалануға байланысты салықтарды, баждар мен өзге де міндетті алымдарды төлеу жөніндегі міндеттеме осы Хаттама күшіне енген күнінен бастап туындайды.
Осы Хаттаманың шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасы жалдауға алынған жер учаскесін Қазақстан Республикасының ресми тұлғалары мен мекемелеріне береді.
Қазақстандық Тарап өзіне берілген жер учаскелерін ұстау жөніндегі барлық шығыстарды көтереді және Түрік Республикасының заңнамасына сәйкес құрылыс жұмыстарын жүргізе алады.».
3-бап
3-баптың бірінші абзацындағы «тегін» деген сөз алынып тасталсын.
4-бап
6-баптағы «Вена дипломатиялық конвенция» деген сөздер «18 сәуірдегі дипломатиялық қатынастар туралы Веналық конвенцияның» деген сөздермен ауыстырылсын.
5-бап
Осы Хаттама 1993 жылғы Хаттаманың ажырамас бөлігі болып табылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күнінен бастап күшіне енеді.
20__ жылғы «__» ____________ қаласында әрқайсысы қазақ және түрік тілдерінде бірдей заң күші бар екі данада жасалды.
Қазақстан Республикасының Түрік Республикасының
Үкіметі үшін Үкіметі үшін