Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 маусымдағы № 533 Қаулысы

      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Біріккен Араб Әмірліктері Сыртқы істер министрі Абдуллах бин Зайд Аль-Нахаянға 2010 жылғы 1 қазан - 15 қараша кезеңінде Маңғыстау облысында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан тыс жерлерде 15 (он бес) дарақ жек дуадақты өз ителгілерімен саятшылық құруға рұқсат берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті осы қаулының 1-тармағында көрсетілген тұлғаға жек дуадақтарды өз ителгілерімен аулауға белгіленген тәртіппен рұқсат берсін.
      3. Жек дуадақты аулағаны үшін ақы ставкасы 260 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасындағы СИТЕС әкімшілік органы ителгімен саятшылық құру үшін қыран құстарды Қазақстан Республикасына әкелу мен одан әкетуді Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның рәсімдерін сақтай отырып қамтамасыз етсін.
      5. Маңғыстау облысының әкімі көрсетілген іс-шараларды ұйымдастыруда қажетті жәрдем көрсетсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

О проведении охоты на дрофу-красотку

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 июня 2010 года № 533

      В соответствии со статьей 15 Закона Республики Казахстан от 9 июля 2004 года "Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Разрешить проведение соколиной охоты на дрофу-красотку с собственными соколами в период с 1 октября по 15 ноября 2010 года Министру иностранных дел Объединенных Арабских Эмиратов Абдуллах бин Зайд Аль-Нахаян на 15 (пятнадцать) особей дрофы-красотки вне особо охраняемых природных территорий в Мангистауской области.
      2. Комитету лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном порядке выдать разрешение на добычу дрофы-красотки с собственными соколами лицу, указанному в пункте 1 настоящего постановления.
      3. Ставку платы за добывание дрофы-красотки установить в размере 260 месячных расчетных показателей.
      4. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан, административному органу СИТЕС в Республике Казахстан обеспечить ввоз в Республику Казахстан и вывоз из нее хищных ловчих птиц для проведения соколиной охоты с соблюдением процедур Конвенции о международной торговле видами дикой фауны и флоры, находящимися под угрозой исчезновения.
      5. Акиму Мангистауской области оказать необходимое содействие в организации указанных мероприятий.
      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов