Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 871 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 871 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 871 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 39, 871-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесінде:
7-тармақтағы «болжамы мен бюджеттік параметрлерде» деген сөздер «болжамында» деген сөзбен ауыстырылсын;
10-тармақта:
«1 сәуірден» деген сөздер «25 наурыздан» деген сөздермен ауыстырылсын;
11-тармақтың бірінші бөлігіндегі «1 мамырдан» деген сөздер «20 сәуірден» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Жарлық 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев