Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.03.2020 № 142 қаулысымен.
1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1-1) тармақша "ұлттық басқарушы" деген сөздердің алдынан "агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
"1-2) акционерлік қоғам - агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдинг акционер ретінде мемлекет мүддесін білдіретін мемлекеттік органның шешіміне сәйкес таза кірістің кемінде 10 (он) пайызы мөлшерінде акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асырады;".
2. Осы қаулы 2009 жылғы 13 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |