Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 тамыздағы № 846 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.03.2020 № 142 қаулысымен.

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақта:

      1-1) тармақша "ұлттық басқарушы" деген сөздердің алдынан "агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингті қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-2) акционерлік қоғам - агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдинг акционер ретінде мемлекет мүддесін білдіретін мемлекеттік органның шешіміне сәйкес таза кірістің кемінде 10 (он) пайызы мөлшерінде акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асырады;".

      2. Осы қаулы 2009 жылғы 13 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады