Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі N 633 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.03.2020 № 142 қаулысымен.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 186-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.07.02 № 763 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар - ұлттық холдингтер, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы мемлекеттік корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі мамандандырылған кеңестердің (олар болған жағдайда) ұсынымдарын ескере отырып, акционер ретінде мемлекет мүддесін білдіретін мемлекеттік органның шешіміне сәйкес акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асырады;

      1-1) "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асырады;

      1-2) "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы акционер ретінде мемлекет мүдделерін білдіретін мемлекеттік органның шешіміне сәйкес таза кірістің кемінде 10 (он) пайызы мөлшерінде акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асырады;

      1-3) акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы 2018 – 2021 жылдардың қорытындылары бойынша таза кірісінің 5 (бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер төлеуге жібереді;

      1-4) акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамы 2016 жылдың қорытындысы бойынша таза кірісінің 0,1 (нөл бүтін оннан бір) пайызын акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер төлеуге жібереді;

      2) осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін орта мерзімді даму жоспарларына сай, акционер ретінде мемлекет мүддесін білдіретін мемлекеттік органның шешіміне сәйкес акцияларға дивидендтер есептеуді жүзеге асырады;

      2-1) акцияларының жүз пайызы мемлекеттік меншіктегі "Алматы" санаторийі" акционерлік қоғамы 2008 - 2010 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады;

      3) осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар 2007 жылдың қорытындылары бойынша таза кірістің 50 (елу) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды, 2008 жылдан бастап таза кірістің 15 (он бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды;

      3-1) ақшалай нысанда орындалуды көздейтін білім беру кредиттері бойынша кепілдіктер беруді жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Қаржы орталығы" акционерлік қоғамы 2010 - 2020 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады;

      3-2) акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары" акционерлік қоғамы 2011 - 2014 жылдардың қорытындылары бойынша таза табысының 15 (он бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивиденттер төлеуге жұмсайды;

      3-3) акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Астана халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамы 2013 – 2022 жылдардың қорытындылары бойынша таза кірісінің 5 (бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер төлеуге жұмсайды;

      3-4) акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамы 2016 – 2018 жылдардың қорытындылары бойынша таза кірісінің 5 (бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды;

      3-5) акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" акционерлік қоғамы 2016 – 2018 жылдардың қорытындылары бойынша таза кірісінің 5 (бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды;

      3-6) акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы 2017 жылдың қорытындылары бойынша таза кірісінің 6 (алты) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуге жұмсайды;

      4) білім беру қызметін жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы мемлекет меншігіндегі "Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" акционерлік қоғамы 2010-2012 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады;

      4-1) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы мемлекет меншігіндегі "ҚазАгроИнновация" акционерлік қоғамы 2010-2011 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады;

      4-2) акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы 2018 – 2021 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады;

      5) осы қаулыға 3-2-қосымшада көрсетілген жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, таза кірістің 5 (бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер мен мемлекеттің қатысу үлестеріне таза табысының бір бөлігін төлеуге жұмсайды деп белгіленсін.

      Ескерту 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.11.12 N 1048, 2009.03.12 N 294 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2009.06.08 N 856 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.11.04 N 1753 (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.11.20 N 1903, 2010.04.08 № 293, 2010.08.28 N 846 (2009.05.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.02 № 763 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 № 234 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 29.05.2013 N 542; 27.08.2014 № 952; 04.06.2015 № 403; 09.12.2016 № 787; 11.07.2017 № 421; 22.11.2017 № 763; 28.08.2018 № 531; 29.12.2018 № 933; 15.05.2019 № 289; 13.12.2019 № 925; 20.12.2019 № 955 қаулыларымен.

      1-1. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы (келісім бойынша) белгіленген тәртіппен "Алматы" санаторийі" акционерлік қоғамының иелігінде қалатын таза кірісті оның материалдық-техникалық базасын дамытуға жұмсауды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. Қаулы 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.11.20 N 1903 Қаулыcымен.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2008 жылдан бастап белгіленген тәртіппен осы қаулыға 3-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдардың иелігінде қалатын таза кірістің бір бөлігін олардың материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетілдіруге жұмсауды қамтамасыз етсін.

      2-1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен "Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" акционерлік қоғамының материалдық-техникалық базасын дамытуға алынған таза табысты тиімді пайдалануға қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. Қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2009.06.08 N 856 (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 29.05.2013 N 542 Қаулыларымен.

      2-2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 2011 жылдан бастап заңнамада белгіленген тәртіппен "Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары" акционерлік қоғамының иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін оның материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетілдіруге жұмсауды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. Қаулы 2-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.07.02 № 763 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      2-3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекет пакетіне дивидендтерді төлегеннен кейін "ҚазАгроИнновация" акционерлік қоғамының иелігінде қалатын есепті жылдың қорытындылары бойынша алынған таза кірістің бір бөлігін оның материалдық-техникалық базасын дамытуға тиімді пайдалануға қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. Қаулы 2-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 29.05.2013 N 542 Қаулысымен.

      2-4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен "Астана халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының 2013 – 2022 жылдардың қорытындылары бойынша алынған, мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтерді төлегеннен кейін қалған таза кірісінің бір бөлігін оның материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетілдіруге тиімді пайдалану бойынша қажетті шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. Қаулы 2-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 04.06.2015 № 403; жаңа редакцияда – 28.08.2018 № 531 қаулыларымен.

      2-5. Ақпарат саласындағы уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыға 3-2-қосымшада көрсетілген акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің таза кірісінің бір бөлігін олардың материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетілдіруге тиімді пайдалану бойынша қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. Қаулы 2-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.12.2016 № 787 қаулысымен.

      2-6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының иелігінде қалған, 2016 жылдың қорытындысы бойынша алынған таза кірістің бір бөлігін Қазақстан Республикасының банктік және қаржы жүйелерінің тұрақтылығын сақтауға ықпал ететін жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға жіберуді қамтамасыз етсін.

      Ескерту. Қаулы 2-6-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 11.07.2017 № 421 қаулысымен.

      2-7. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" және "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" акционерлік қоғамдарының иелігінде қалған, 2016 – 2018 жылдардың қорытындылары бойынша алынған таза кірістің бір бөлігін Нұр-Сұлтан қаласындағы энергия үнемдеу технологиялары демонстрациялық орталығының және Алматы қаласындағы энергия тиімділігі орталығының құрылысын аяқтауға жұмсауды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. Қаулы 2-7-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 22.11.2017 № 763; жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 15.05.2019 № 289 қаулысымен.

      2-8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен "Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығы" акционерлік қоғамының 2018 – 2021 жылдардың қорытындылары бойынша алынған таза кірісін оның материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетілдіруге жұмсауды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. Қаулы 2-8-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 13.12.2019 № 925 қаулысымен.

      3. Осы қаулының 1-тармағының 2-1), 3-2), 3-3), 4-2) тармақшаларында және осы қаулыға 1, 2, 3, 3-2-қосымшаларда көрсетілмеген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі мемлекеттік қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқығын жүзеге асыратын министрліктер мен ведомстволар белгіленген тәртіппен акционерлердің, қатысушылардың жылдық жалпы жиналыстарын өткізу кезінде таза кірістің кемінде 50 (елу) пайызын дивидендтерге және қатысу үлесінен кіріске жұмсау және оларды уақтылы аудару үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 13.12.2019 № 925 қаулысымен

      4. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 26 шілдедегі
N 633 қаулысына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.06.28 N 633, тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2008.11.12 N 1048, өзгерту енгізілді - 2008.11.21 N 1080, 2009.03.12 N 294 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз), 2009.03.25 N 399, 2010.03.01 № 152, 19.12.2014 № 1330 қаулыларымен.

Ұлттық холдингтердің тізбесі

      1-2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.11.12 N 1048 Қаулысымен.

      3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2009.03.25 N 399 Қаулысымен.

      4. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.11.21 N 1080 Қаулысымен.

      5-11. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.11.12 N 1048 Қаулысымен.

      12. "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингі" АҚ.

      13. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 19.12.2014 № 1330 қаулысымен.

      14. "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" АҚ.

      15. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.03.01 № 152 Қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007
жылғы 26 шілдедегі
N 633
қаулысына
2-қосымша

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.04.28 N 395, 2008.11.12 N 1048, 2008.11.21 N 1080 Қаулыларымен.

Ұлттық компаниялардың тізбесі

      1. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.11.12. N 1048 Қаулысымен.

      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2008.11.21. N 1080 Қаулысымен.

      3. "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" АҚ.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 26 шілдедегі
N 633 қаулысына
3-қосымша

Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік
қоғамдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.03.20 N 345 Қаулысымен.

      1. Республикалық протездік-ортопедиялық орталық" АҚ

      2. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.03.20 N 345 Қаулысымен.

      3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2012.03.20 N 345 Қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 26 шілдедегі
633 қаулысына
3-1-қосымша

      Ескерту. 3-1-қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 29.05.2013 N 542 Қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 26 шілдедегі
№ 633 қаулысына
3-2-қосымша

Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі

      Ескерту. Қаулы 3-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.12.2016 № 787; өзгеріс енгізілді - 05.05.2018 № 244; 19.06.2019 № 414; 27.08.2019 № 631; 12.09.2019 № 687 қаулыларымен.

      1. "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамы.

      2. "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы.

      3. "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" акционерлік қоғамы.

      4. "Казахстанская правда" республикалық газеті" акционерлік қоғамы.

      5. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 27.08.2019 № 631 қаулысымен.

      6. "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      7. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 19.06.2019 № 414 қаулысымен.

      8. "Қазақ газеттері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      9. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 04.05.2018 № 244 қаулысымен.

      10. "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі" акционерлік қоғамы.

      11. "Қазтелерадио" акционерлік қоғамы.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 26 шілдедегі
N 633 қаулысына
4-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кіріс туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 18, 184-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 тамыздағы N 906 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 тамыздағы N 828 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., 34, 338-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі N 1002 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., N 39, 412-құжат).

      4. "Ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы N 182 қаулысымен бекітілген ұлттық компаниялар тізбесінің 10-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 8, 101-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 364 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 9-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж, N 15, 192-құжат).

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 мамырдағы N 599 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 22, 288-құжат).

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 тамыздағы N 840 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 29, 392-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 қаңтардағы N 73 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 12-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 4, 40-құжат).

      9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 наурыздағы N 344 қаулысының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы N 215 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 12, 120-құжат).

      10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 қарашадағы N 1127 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 40, 566-құжат).

      11. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы N 1314 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 50, 647-құжат).

      12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 қазандағы N 982 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 37, 414-құжат).

      13. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 404 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қарашадағы N 1097 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 42, 462-құжат).

      14. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 ақпандағы N 133 қаулысының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 5, 64-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады