Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2015 № 596 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.14 № 463 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабы 55) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.14 № 463 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 367 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 16, 135-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 367 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 қыркүйектегі № 1298 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 37, 360-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2010 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 964 қаулысымен
бекітілген
Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу
кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің
бірыңғай әдістемесі
Ескерту. Әдістеме жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.14 № 463 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Осы Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі (бұдан әрі - Бірыңғай әдістеме) Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы, «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі, «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі заңдарына, «Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 733 Жарлығына сәйкес әзірленді.
2. Бірыңғай әдістеме:
1) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың;
2) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилиирленген компанияларының, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың;
3) жер қойнауын пайдаланушылардың және (немесе) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалардың;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуы жергілікті қамтудың мониторингіне жататын ұйымдардың;
5) концессионерлердің тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеуіне арналған.
3. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтуды есептеу мынадай мақсаттарда жүргізіледі:
1) жергілікті қамту бөлігінде сатып алу бойынша міндеттемелердің сақталу мониторингі және оны бақылау;
2) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізудегі отандық кәсіпорындардың тартылу дәрежесін айқындау;
3) отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілік деңгейін бағалау.
4. Тауарларды жеткізуге арналған шарттағы жергілікті қамтуды (ҚҚт) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
n
ҚҚТ = 100% (ТҚi х Қi) / S,
i=1
мұндағы:
n – тауарларды жеткізуге арналған шартты орындау мақсатында жеткізуші жеткізетін тауарлар атауының жалпы саны;
і - тауарды жеткізуге арналған шартты орындау мақсатында жеткізуші жеткізетін тауардың реттік нөмірі;
ТҚі - і-тауардың құны;
Қі - «СТ-КZ» нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификатта көрсетілген тауардағы жергілікті қамтудың үлесі;
Егер осы Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесінің 7, 8-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, «CT-KZ» нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты болмаған жағдайда Кі = 0;
S - шарттың жалпы құны.
Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.10.22 № 1336 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
5. Жұмыстарды (қызметтерді көрсетуге) орындауға арналған шарттағы жергілікті қамтуды (ҚҚж/қ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
m n
((ШҚj – ТҚj – ШЖҚj) х Rj + (ҚҚi х Қi))
j=1 i=1
ҚҚж/қ = 100% х –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––,
S
мұндағы:
m - тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шартты, мердігерлер мен қосалқы мердігерлер және т.б. арасындағы шарттарды қоса алғанда, жұмысты орындау (қызмет көрсету) мақсатында жасалған шарттардың жалпы саны;
j - жұмысты орындау (қызмет көрсету) мақсатында жасалған шарттың реттік нөмірі;
ШҚj -j-шартының құны;
ТҚj -j-шартын орындау мақсатында жеткізуші немесе қосалқы мердігер сатып алған тауарлардың жиынтық құны;
ШЖҚj - j-шартын орындау мақсатында жасалған қосалқы мердігерлік шарттардың жиынтық құны;
Rj - j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесі;
n - j-шартын орындау мақсатында жеткізуші және қосалқы мердігерлер сатып алатын тауарлар атауының жалпы саны;
і - j-шартын орындау мақсатында жеткізуші немесе қосалқы мердігер сатып алған тауардың реттік нөмірі;
ТҚі - i-тауардың құны;
Қі - «СТ-КZ» нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты көрсетілген тауардағы жергілікті қамтудың үлесі;
Егер осы Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде ұйымдардың жергілікті қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесінің 7, 8-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, «CT-KZ» нысанының тауардың шығу тегі туралы сертификаты болмаған жағдайда Кі = 0;
S - шарттың жалпы құны.
Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.10.22 № 1336 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
5-1. Rj - j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жалпы қорындағы қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
Rj = ҚРЕТҚ/ЕЖҚ
мұндағы:
ҚРЕТҚ – j-шартының қолдану мерзімінде j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің қазақстандық кадрларының еңбекақысын төлеу қоры;
ЕЖҚ – j-шартының қолдану мерзімінде j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің жұмысшыларының еңбекақысын төлеудің жалпы қоры.
6. Есепті кезеңде тапсырыс берушінің сатып алуындағы жергілікті қамтуды (ҚҚ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
n
ҚҚ = (ҚҚi х ШҚi) / S,
i=1
мұндағы:
n – сатып алу туралы шарттардың жалпы саны;
і – сатып алу туралы шарттың реттік нөмірі;
ҚҚі – сатып алу туралы і-шарты бойынша жергілікті қамту;
ШҚі – сатып алу туралы жасалған і-шарттың құны;
S – шарттың жалпы құны.
7. Осы Бірыңғай әдістеменің қосымшасында көзделген «CT-KZ» нысанының ішкі айналымы үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатпен расталуын талап етпейтін Қазақстан Республикасының резиденттерінен сатып алынған, шикізат тауарлары пайдаланылған тауарларды немесе жұмыстарды жеткізуге арналған шартта жергілікті қамтуды есептеу кезінде Кі «CT-KZ» нысанының ішкі айналымы үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатпен расталмай бірлікке теңестіріледі.
Ескерту. Бірыңғай әдістеме 7-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.10.22 № 1336 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
8. Табиғи монополия субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерімен шарттар бойынша жергілікті қамтуды есептеу кезінде Kі және Rj коэффициенті бірлікке теңестіріледі.
Ескерту. Бірыңғай әдістеме 8-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.10.22 № 1336 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
Тауарларды, жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерді сатып алу
кезінде ұйымдардың жергілікті
қамтуды есептеуінің бірыңғай
әдістемесіне қосымша
Қазақстан Республикасының резиденттерінен сатып алынған, «CT-KZ» нысанының ішкі айналымы үшін тауардың шығу тегі туралы сертификатпен растауды талап етпейтін шикізат тауарларының тізбесі
Ескерту. Бірыңғай әдістеме қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.10.22 № 1336 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
р/с № |
СЭҚ ӨЖ бойынша тауардың қысқаша атауы |
СЭҚ ӨЖ |
1 |
2 |
3 |
1. |
Бидай |
01.11.1 |
2. |
Арпа, қара бидай және сұлы |
01.11.3 |
3. |
Жасыл ірі бұршақ көкөністері |
01.11.6 |
4. |
Кептірілген ірі бұршақ көкөністері |
01.11.7 |
5. |
Тары |
01.11.42 |
6. |
Өзге де дәнді дақылдар |
01.11.49 |
7. |
Құрғақ асбұршақ |
01.11.75 |
8. |
Басқа топтамаларға енгізілмеген, кептірілген бұршақты көкөністер |
01.11.79 |
9. |
Мақта тұқымы |
01.11.84 |
10. |
Өзге де майлы тұқымдар |
01.11.9 |
11. |
Ақталмаған күріш |
01.12.1 |
12. |
Жапырақты немесе қабықты бұрыш көкөністері |
01.13.1 |
13. |
Өзге жеміс-көкөніс дақылдары |
01.13.3 |
14. |
Тамыр жемісі, құлпынай немесе пияз басы |
01.13.4 |
15. |
Тамыр жемісі және жоғары крахмал немесе инулин бар құрамында асханалық құлпынай |
01.13.5 |
16. |
Қант қызылшасы және қант қызылшасының тұқымы |
01.13.7 |
17. |
Саңырау құлақ және трюфельдер |
01.13.8 |
18. |
Басқа топтамаға енгізілмеген көкөністер, жаңа піскен көкөністер |
01.13.9 |
19. |
Мақта шикізаты |
01.16.11 |
20. |
Кесілген гүлдер; гүлдердің тұқымы |
01.19.2 |
21. |
Қызылшаның тұқымы, азық өсімдіктерінің тұқымы; басқа өсімдіктердің шикізаты |
01.19.3 |
22. |
Ірі мүйізді малдың сүт өнімінің табыны, тірісі |
01.41.1 |
23. |
Өзге ірі мүйізді малдар және өгіздер, тірісі |
01.42.1 |
24. |
Жылқылар және өзге жылқы малы, тірісі |
01.43.1 |
25. |
Түйелер және түйеге ұқсастар, тірісі |
01.44.1 |
26. |
Қойлар және ешкілер, тірісі |
01.45.1 |
27. |
Шошқалар, тірісі |
01.46.1 |
28. |
Үй құсы, тірісі |
01.47.1 |
29. |
Фермада өсірілетін өзге малдар, тірісі |
01.49.1 |
30. |
Шикі мұнай және табиғи газ |
06 |
31. |
Метал рудалары |
07 |
32. |
Тас, құм және балшық |
08.1 |
33. |
Химия өнеркәсібі және тыңайытқыш өндірісі үшін минералды шикізат |
08.91 |
34. |
Шымтезек |
08.92 |
35. |
Тұз және таза натрий хлоры, теңіз суы |
08.93 |
36. |
Ірі мүйізді малдың, шошқаның, қойдың, ешкінің, жылқының және жылқы тектес малдың еті, жаңа сойылған немесе мұздатылғаны |
10.11.1 |
37. |
Ірі мүйізді малдың, шошқаның, қойдың, ешкінің, жылқының және жылқы тектес малдың азық-түлігі, жаңа сойылған немесе мұздатылғаны |
10.11.2 |
38. |
Ет және азық-түліктің мұздатылғаны; ет және өзге азық-түлік |
10.11.3 |
39. |
Ірі мүйізді малдың немесе жылқы тектес малдың, қой және ешкінің жүндері, терісі және шикі терісі |
10.11.4 |
40. |
Ірі мүйізді малдың, шошқаның, қойдың, ешкінің майлары |
10.11.5 |
41. |
Өңделмеген, жарамсыз қалдықтар |
10.11.6 |
42. |
Мамық және құстардың қаламшасы бар терілері |
10.12.5 |
43. |
Түгі жоқ ірі қара малдың тұтас терісінен жасалған былғары |
15.11.31 |
44. |
Ірі мүйізді малдың жүнсіз терісінен жасалған былғары |
15.11.32 |
45. |
Жылқы тектес малдардың жүнсіз терісінен жасалған былғары |
15.11.33 |
46. |
Шошқаның, қойдың, ешкінің жүнсіз терісінен жасалған былғары |
15.11.4 |
47. |
Езілген әк және езілмеген гидравликалық әк |
23.52.1 |
48. |
Күл, қалдықтарды өртегеннен алынған күлдер |
38.21.40 |
49. |
Қайтадан пайдалану үшін қауіпсіз, жарамды, өзге жиналған қалдықтар |
38.11.5 |