Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы N 367 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 964 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.09.20 № 964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2009 жылғы 20 наурыздағы
N 367 қаулысымен    
бекітілген       

Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі

      1. Осы Ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуінің бірыңғай әдістемесі Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы, "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына, "Ұйымдар мен мемлекеттік органдар сатып алатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 27 қаңтардағы N 733 Жарлығына сәйкес әзірленді. Z100291 қараңыз
      2. Бірыңғай әдістеме мыналардың:
      1) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың, дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың;
      2) ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, олардың еншілес және аффилиирленген компаниялардың, мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың;
      3) жер қойнауын пайдаланушылардың және (немесе) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асыруға уәкілеттік берген тұлғалардың;
      4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуы қазақстандық қамтудың мониторингіне жататын ұйымдардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеуіне арналған.
      3. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтуды есептеу мына мақсаттарда жүргізіледі:
      1) қазақстандық қамту бөлігіндегі келісім-шарттар бойынша міндеттемелердің сақталу мониторингі және оны бақылау;
      2) тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізуде отандық кәсіпорындардың тартылу дәрежесін айқындау;
      3) отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі деңгейін бағалау.
      4. Тауарларды жеткізуге арналған шарттағы қазақстандық қамтуды (ҚҚт) есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

                                 n
                    ҚҚт = 100% *( S CTi*Ki)/S,
                                 i=1

      мұндағы:
      n - тікелей де, қосалқы мердігерлік шарттарды жасасу арқылы да сатып алу туралы шартты орындау мақсатында жеткізуші сатып алған тауарлардың жалпы саны;
      i - тауардың реттік нөмірі;
      ТҚі - і-тауардың құны;
      Қі - "СТ-КZ" сертификатында көрсетілген тауардағы қазақстандық қамтудың үлесі;
      Қі = 0, "СТ-КZ" сертификаты болмаған жағдайда;
      S - тауарларды сатып алу туралы шарттың жалпы құны.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.09.03. N 1298 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      5. Жұмыстарды (қызметтерді) жеткізуге арналған шарттағы қазақстандық қамтуды (ҚҚж/қ) есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

                       n        m
         ҚҚж/қ= 100% *[ S ТҚi*Қі+ S (ШҚj-ШҚj-ШЖҚj)*Rj]/S,
                       i=1     j=1

      мұндағы:
      n - жұмыстарды (қызметтерді) сатып алу шартын орындау мақсатында жеткізуші және қосалқы мердігерлер сатып алатын тауарлардың жалпы саны;
      і - тауарды сатып алудың реттік нөмірі;
      ТҚі - і-тауардың құны;
      Қі - "СТ-КZ" сертификатында көрсетілген тауардағы қазақстандық қамтудың үлесі;
      Қі = 0, "СТ-КZ" сертификаты болмаған жағдайда;
      m - Тапсырыс беруші мен мердігер арасындағы шартты, мердігер мен қосалқы мердігерлер және т.б. арасындағы шарттарды қоса алғанда, жұмысты (қызметті) жеткізу мақсатында жасалған шарттардың жалпы саны;
      j - шарттың реттік нөмірі;
      ШҚj - j-шартының құны;
      ЖҚj - j-шарты шеңберінде мердігер немесе қосалқы мердігер сатып алған тауарлардың жиынтық құны;
      ШЖҚj - j-шартын орындау шеңберінде жасалған қосалқы мердігерлік шарттардың жиынтық құны;
      Rj - j-шартын орындайтын жеткізушінің немесе қосалқы мердігердің жалпы қызметкерлер санында қазақстандық кадрларға еңбекақы төлеу қорының үлесі;
      S - жұмысты (қызметті) сатып алу туралы шарттың жалпы құны.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.09.03. N 1298 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
       6. Есепті кезеңде Тапсырыс берушінің сатып алуындағы қазақстандық қамтуды (ҚҚ) есептеу мына формула бойынша жүргізіледі:

                             n
                       ҚҚ = ( S ҚҚi*ШҚi)/S,
                            і=1

      мұндағы:
      n - тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілермен жасалған шарттардың жалпы саны;
      і - шарттың реттік нөмірі;
      ШҚі - жеткізушілермен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу туралы жасалған і-шарттың құны;
      ҚҚі - сатып алу туралы і-шарт бойынша тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушінің қазақстандық қамтуы;
      S — Тапсырыс беруші есепті кезеңде сатып алған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің жалпы құны.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.09.03. N 1298 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады