Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 621 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 52-құжат):
тақырыбындағы және 1-тармақтағы «жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу» деген сөздер «телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
Қазақстан Республикасындағы телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Айсина Майра - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің
Арапқызы депутаты (келісім бойынша),
Смайыл Алдан - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің
Зейноллаұлы депутаты (келісім бойынша),
Бұлдыбаев Аянжан - «Телекоммуникация саласындағы техникалық
Шүлембайұлы cүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық
жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік
кәсіпорны директорының орынбасары (келісім
бойынша);
2) «Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1238 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 508-құжат):
тақырыбындағы және 2-тармақтағы «жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу» деген сөздер «телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссия туралы ережеде:
тақырыбындағы және кіріспедегі «жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу» деген сөздер «Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «Жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу» деген сөздер «Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы таратылатын отандық телевизия және радио бағдарламаларының тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау;
4-2) телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы таратылатын отандық телевизия және радио бағдарламаларын тізбесін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов