Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 және 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1238 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 46 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 621 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 621 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияны құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 ақпандағы № 203 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 52-құжат):
      тақырыбындағы және 1-тармақтағы «жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу» деген сөздер «телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      Қазақстан Республикасындағы телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Айсина Майра       - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің
Арапқызы             депутаты (келісім бойынша),

Смайыл Алдан       - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің
Зейноллаұлы          депутаты (келісім бойынша),

Бұлдыбаев Аянжан   - «Телекоммуникация саласындағы техникалық
Шүлембайұлы          cүйемелдеу және талдау орталығы» шаруашылық
                     жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік
                     кәсіпорны директорының орынбасары (келісім
                     бойынша);

      2) «Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияның кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1238 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 508-құжат):
      тақырыбындағы және 2-тармақтағы «жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу» деген сөздер «телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссия туралы ережеде:
      тақырыбындағы және кіріспедегі «жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу» деген сөздер «Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармақтағы «Жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурстар өткізу» деген сөздер «Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері» деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «4-1) телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы таратылатын отандық телевизия және радио бағдарламаларының тізбесін қалыптастыру жөніндегі конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін қарау;
      4-2) телерадио хабарларын тарату ұйымдарының меншік нысандарына қарамастан, жерсеріктік хабар тарату жүйелері арқылы таратылатын отандық телевизия және радио бағдарламаларын тізбесін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады