"Қазтелерадио" акционерлік қоғамын және "Қазақстан телекоммуникациялары" акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 48 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы оған «Қазақстан телекоммуникациялары» акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. «Қазақстан телекоммуникациялары» акционерлік қоғамының жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 24 қыркүйектегі № 1435 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

О реорганизации акционерного общества "Казтелерадио" и акционерного общества "Казахстанские телекоммуникации"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 января 2011 года № 48

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Реорганизовать акционерное общество "Казтелерадио" путем присоединения к нему акционерного общества "Казахстанские телекоммуникации".
      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 24 сентября 2009 года № 1435 "Отдельные вопросы акционерного общества "Казахстанские телекоммуникации".
      3. Министерству связи и информации Республики Казахстан совместно с Комитетом государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке принять меры, вытекающие из настоящего постановления.
      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов