Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы оған «Қазақстан телекоммуникациялары» акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. «Қазақстан телекоммуникациялары» акционерлік қоғамының жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 24 қыркүйектегі № 1435 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов