Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы
Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мәслихаттарға барлық деңгейдегі тексеру комиссияларын және олардың аппараттарын таратуға ұсыным берілсін.
2. Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың әкімдері:
1) мәслихаттардың таратылатын тексеру комиссияларының штат санын ескере отырып, жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен және шегінде осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес тексеру комиссиялары - мемлекеттік мекемелерін құруды қамтамасыз етсін;
2) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың мәслихаттарымен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Мыналар:
1) құрылатын тексеру комиссияларының негізгі міндеті бюджет заңнамасында көзделгеннен басқа, жергілікті бюджеттерден түсетін түсімдер сомасының қайтарылуын, салықтық әкімшілендірудің тиімділігін бақылауды жүзеге асыру;
2) құрылатын тексеру комиссияларының тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің мәслихаттарына есеп беруі;
3) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің құрылатын тексеру комиссияларының қызметін үйлестіруі (әдіснама, біліктілігін арттыру, қайта даярлау);
4) құрылатын тексеру комиссияларының төрағалары мен мүшелерін қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың мәслихаттары жүзеге асырады деп айқындалсын.
4. Қоса беріліп отырған:
1) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары штат санының лимиттері;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен бірлесіп:
1) бір ай мерзімде осы Жарлықты іске асыруға бағытталған заңнамалық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін;
2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
7. Осы Жарлық осы Жарлықтың 5-тармағының 1) тармақшасынан туындайтын заңнамалық актілер қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы «__» ____
№ __ Жарлығына
ҚОСЫМША
Құрылатын мемлекеттік мекемелердің
тізбесі
1. «Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі;
2. «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі;
3. «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі;
4. «Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі;
5. «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі;
6. «Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі;
7. «Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі;
8. «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі;
9. «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі;
10. «Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі;
11. «Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі;
12. «Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі;
13. «Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі;
14. «Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі;
15. «Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі;
16. «Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы «__» ____
№ __ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары штат санының лимиттері
Облыс, астана, республикалық маңызы бар қала |
Штат санының лимиттері (оның ішінде тексеру комиссиясының төрағасы және төрт мүшесі) |
Ақмола |
45 |
Ақтөбе |
39 |
Алматы |
52 |
Атырау |
30 |
Шығыс Қазақстан |
57 |
Жамбыл |
39 |
Батыс Қазақстан |
31 |
Қарағанды |
49 |
Қостанай |
46 |
Қызылорда |
33 |
Маңғыстау |
22 |
Павлодар |
35 |
Солтүстік Қазақстан |
39 |
Оңтүстік Қазақстан |
68 |
Алматы қаласы |
38 |
Астана қаласы |
31 |
ЖИЫНЫ: |
654 |
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы «__» ____
№ __ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына
енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер
1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) «Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 559-құжат; 2002 ж., № 18, 196-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 20, 201-құжат; 2004 ж., № 19, 234-құжат; № 21, 265-құжат; № 33, 439-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; № 39, 429-құжат; 2007 ж., № 43, 499-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2010 ж., № 2, 12-құжат; № 51, 466-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияларының төрағасы және мүшелері»;
аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жазалар қолдану туралы ережесінде:
12-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияларының қызметшілеріне - тиісті мәслихаттардың хатшысы қолданады;»;
2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 234-құжат; № 33, 439-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; № 38, 420-құжат; № 39, 429-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат):
3-тармақтың 6) тармақшасындағы «, тұрақты (тексеру) комиссияларының төрағалары» деген сөздер алып тасталсын;
аталған Жарлыққа 1-қосымша мынадай мазмұндағы жолдармен
толықтырылсын:
«
Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияларының төрағалары |
4,97 |
5,22 |
5,47 |
5,72 |
5,96 |
6,11 |
6,26 |
6,41 |
6,56 |
6,61 |
6,71 |
Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияларының мүшелері |
3,52 |
3,77 |
4,02 |
4,27 |
4,52 |
4,77 |
5,02 |
5,27 |
5,52 |
5,57 |
5,67 |
»;
аталған Жарлыққа 2-қосымшада:
мынадай:
«
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мәслихаттарының тұрақты (тексеру) комиссияларының төрағалары |
4,97 |
5,22 |
5,47 |
5,72 |
5,96 |
6,11 |
6,26 |
6,41 |
6,56 |
6,61 |
6,71 |
Қалалық, аудандық мәслихаттың тұрақты (тексеру) комиссиясының төрағасы |
1,62 |
1,70 |
1,78 |
1,86 |
1,94 |
1,99 |
2,04 |
2,09 |
2,14 |
2,15 |
2,19 |
»
деген жолдар алып тасталсын;
3) «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 599-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2009 ж., № 12, 69-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат):
аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімі:
«D санаттарының тобы» деген бөлімде:
тақырыбы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары» деген жолмен толықтырылсын;
D-1 және D-2 санаттары мынадай редакцияда жазылсын:
«D-1 санаты
Облыс әкімінің аппаратын, облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияларын қоспағанда, аппарат жетекшісі
D-2 санаты
Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияларын қоспағанда, аппарат жетекшісінің орынбасары».