"Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 ақпандағы № 67 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі                        К. Мәсімов      

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы

      Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Мәслихаттарға барлық деңгейдегі тексеру комиссияларын және олардың аппараттарын таратуға ұсыным берілсін.
      2. Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың әкімдері:
      1) мәслихаттардың таратылатын тексеру комиссияларының штат санын ескере отырып, жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен және шегінде осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес тексеру комиссиялары - мемлекеттік мекемелерін құруды қамтамасыз етсін;
      2) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың мәслихаттарымен бірлесіп, осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Мыналар:
      1) құрылатын тексеру комиссияларының негізгі міндеті бюджет заңнамасында көзделгеннен басқа, жергілікті бюджеттерден түсетін түсімдер сомасының қайтарылуын, салықтық әкімшілендірудің тиімділігін бақылауды жүзеге асыру;
      2) құрылатын тексеру комиссияларының тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің мәслихаттарына есеп беруі;
      3) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің құрылатын тексеру комиссияларының қызметін үйлестіруі (әдіснама, біліктілігін арттыру, қайта даярлау);
      4) құрылатын тексеру комиссияларының төрағалары мен мүшелерін қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың мәслихаттары жүзеге асырады деп айқындалсын.
      4. Қоса беріліп отырған:
      1) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары штат санының лимиттері;
      2) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер бекітілсін.
      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен бірлесіп:
      1) бір ай мерзімде осы Жарлықты іске асыруға бағытталған заңнамалық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін;
      2) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
      7. Осы Жарлық осы Жарлықтың 5-тармағының 1) тармақшасынан туындайтын заңнамалық актілер қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
             Президенті                          Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2011 жылғы «__» ____ 
№ __ Жарлығына   
ҚОСЫМША      

Құрылатын мемлекеттік мекемелердің
тізбесі

      1. «Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі;
      2. «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі;
      3. «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі;
      4. «Шығыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі;
      5. «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі;
      6. «Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі;
      7. «Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі;
      8. «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі;
      9. «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі;
      10. «Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі;
      11. «Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі;
      12. «Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі;
      13. «Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі;
      14. «Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі;
      15. «Астана қаласы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі;
      16. «Алматы қаласы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі.

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2011 жылғы «__» ____ 
№ __ Жарлығымен    
БЕКІТІЛГЕН      

Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары штат санының лимиттері 

Облыс, астана, республикалық маңызы бар қала

Штат санының лимиттері (оның ішінде тексеру комиссиясының төрағасы және төрт мүшесі)

Ақмола

45

Ақтөбе

39

Алматы

52

Атырау

30

Шығыс Қазақстан

57

Жамбыл

39

Батыс Қазақстан

31

Қарағанды

49

Қостанай

46

Қызылорда

33

Маңғыстау

22

Павлодар

35

Солтүстік Қазақстан

39

Оңтүстік Қазақстан

68

Алматы қаласы

38

Астана қаласы

31

ЖИЫНЫ:

654

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2011 жылғы «__» ____ 
№ __ Жарлығымен    
БЕКІТІЛГЕН      

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына
енгізілетін толықтырулар мен өзгерістер

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      1) «Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі мен мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 29 желтоқсандағы № 317 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 559-құжат; 2002 ж., № 18, 196-құжат; № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 20, 201-құжат; 2004 ж., № 19, 234-құжат; № 21, 265-құжат; № 33, 439-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; № 39, 429-құжат; 2007 ж., № 43, 499-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2010 ж., № 2, 12-құжат; № 51, 466-құжат):
      аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының тізілімі:
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияларының төрағасы және мүшелері»;
      аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілерге тәртіптік жазалар қолдану туралы ережесінде:
      12-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «5-1) облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияларының қызметшілеріне - тиісті мәслихаттардың хатшысы қолданады;»;
      2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 234-құжат; № 33, 439-құжат; 2005 ж., № 27, 329-құжат; № 30, 380-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; № 38, 420-құжат; № 39, 429-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат):
      3-тармақтың 6) тармақшасындағы «, тұрақты (тексеру) комиссияларының төрағалары» деген сөздер алып тасталсын;
      аталған Жарлыққа 1-қосымша мынадай мазмұндағы жолдармен
толықтырылсын:
«

Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияларының төрағалары

4,97

5,22

5,47

5,72

5,96

6,11

6,26

6,41

6,56

6,61

6,71

Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияларының мүшелері

3,52

3,77

4,02

4,27

4,52

4,77

5,02

5,27

5,52

5,57

5,67

                                                                »;
      аталған Жарлыққа 2-қосымшада:
      мынадай:
«

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының мәслихаттарының тұрақты (тексеру) комиссияларының төрағалары

4,97

5,22

5,47

5,72

5,96

6,11

6,26

6,41

6,56

6,61

6,71

Қалалық, аудандық мәслихаттың тұрақты (тексеру) комиссиясының төрағасы

1,62

1,70

1,78

1,86

1,94

1,99

2,04

2,09

2,14

2,15

2,19

                                                               »
      деген жолдар алып тасталсын;
      3) «Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарын оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 501 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 49, 599-құжат; 2008 ж., № 9, 89-құжат; 2009 ж., № 12, 69-құжат; 2010 ж., № 51, 466-құжат):
      аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімі:
      «D санаттарының тобы» деген бөлімде:
      тақырыбы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссиялары» деген жолмен толықтырылсын;
      D-1 және D-2 санаттары мынадай редакцияда жазылсын:
      «D-1 санаты
      Облыс әкімінің аппаратын, облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияларын қоспағанда, аппарат жетекшісі
      D-2 санаты
      Облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың тексеру комиссияларын қоспағанда, аппарат жетекшісінің орынбасары».

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады