Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік ресурстарға 2011 жылғы егіннің астығын сатып алуды жүзеге асыруға арналған бюджет қаражатының сомасы:
көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы 6375000000 (алты миллиард үш жүз жетпіс бес миллион) теңге мөлшерінде;
күзгі кезеңде 6375000000 (алты миллиард үш жүз жетпіс бес миллион) теңге мөлшерінде белгіленсін.
Көктемгі-жазғы қаржыландыруға пайдаланылмаған ақша қаражаты күзгі кезеңде астық сатып алуға пайдаланылады.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.Қ.Күрішбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Премьер К. Мәсімов