Мемлекеттік ресурстарға 2011 жылғы егіннің астығын сатып алу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 ақпандағы N 86 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мемлекеттік ресурстарға 2011 жылғы егіннің астығын сатып алуды жүзеге асыруға арналған бюджет қаражатының сомасы:
      көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы 6375000000 (алты миллиард үш жүз жетпіс бес миллион) теңге мөлшерінде;
      күзгі кезеңде 6375000000 (алты миллиард үш жүз жетпіс бес миллион) теңге мөлшерінде белгіленсін.
      Көктемгі-жазғы қаржыландыруға пайдаланылмаған ақша қаражаты күзгі кезеңде астық сатып алуға пайдаланылады.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.Қ.Күрішбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Премьер                            К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады