Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 қазандағы № 980 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Сәрсенов - «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық
Әділбек Ғазизұлы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма
төрағасы (келісім бойынша)»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Измайлов - «Зерде» ұлттық инфокоммуникациялық
Нұрлан Тельманұлы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма
төрағасы (келісім бойынша)».
2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов