Ұлттық компанияның үлестік қатысуы көзделетін келісімшарттарда ұлттық компанияның мемлекеттік мүдделерді білдіру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 122 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 630 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2015 № 630 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 32) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Ұлттық компанияның үлестік қатысуы көзделетін келісімшарттарда ұлттық компанияның мемлекеттік мүдделерді білдіру қағидасы бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердігерлермен келісім-шарттарда Ұлттық компанияның келісім-шарттары міндетті үлестік қатысуы арқылы мемлекеттік мүдделерді білдіру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 маусымдағы № 708 қаулысы;
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1184 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 44, 484-құжат);
      3) «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 34, 273-құжат).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 10 ақпандағы
№ 122 қаулысымен  
бекітілген    

Ұлттық компанияның үлестік қатысуы көзделетін келісімшарттарда ұлттық компанияның мемлекеттік мүдделерді білдіру қағидасы 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленген және ұлттық компанияның үлестік қатысуы көзделетін келісімшарттарда ұлттық компанияның мемлекеттік мүдделерді білдіру тәртібін белгілейді.
      Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда ұлттық компанияның мемлекеттік мүдделерді білдіруі жер қойнауын пайдалану саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты үлестік қатысу арқылы іске асыру тәртібімен жүзеге асырылады.
      2. Осы Қағидада Заңда белгіленген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) аффилиирленген тұлға - ұлттық компания тікелей және (немесе) жанама түрде шешімдерді анықтауға және (немесе) егер осы заңды тұлғаның негізгі қызметі жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, мұндай тұлға қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлға;
      2) келісімшартта міндетті қатысу үлесі - келісімшартқа ұлттық
компанияның қатысуының конкурс өткізу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін пайызбен көрсетілген үлесі;
      3) оператор - келісімшартты орындауға байланысты қызметті жедел басқаруды және есепке алу-есеп беру операцияларын жүзеге асыратын (уәкілетті өкіл), оның іс-әрекеті үшін жер қойнауын пайдаланушылар мүліктік жауапкершілікте болатын, құзыретті органның жазбаша хабарламасы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар құратын немесе белгілейтін заңды тұлға.

2. Конкурс нәтижелері бойынша жасалған келісімшарттарда
ұлттық компанияның міндетті қатысу үлесін анықтау

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі ұлттық компанияның міндетті қатысу үлесінің шамасы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында және теңізде жер қойнауы учаскелері бөлігінде жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның ұсыныстары негізінде құзыретті орган қалыптастырған, конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекітеді.
      4. Осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген Жер қойнауы учаскелерінің тізбесі тікелей келіссөздер негізінде ұлттық компания ұсынатын жер қойнауы учаскелері бойынша ұлттық компанияның ұсыныстары ескеріле отырып қалыптастырылады.
      5. Құзыретті орган конкурс жариялау кезінде оның шарттарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешіміне сәйкес конкурсқа шығарылатын жер қойнауы учаскесіндегі ұлттық компанияның міндетті қатысу үлесін және коммерциялық табылымға дейін ұлттық компаниядан басқа, өзге жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушіге ұлттық компанияның міндетті қатысу үлесіне байланысты шығыстарды қаржыландыру қажеттігін көрсетеді.

3. Келісімшарттарда мемлекеттік мүдделерді білдіру

      6. Мемлекеттік мүдделерді білдіру оларға бекітілген өкілеттіктер шегінде, келісімшарттарда үлестік қатысу құқығын жүзеге асыру арқылы іске асырылады.
      7. Ұлттық компания немесе оның аффилиирленген тұлғасы келісімшарттардағы қатысу үлестерін басқаруды келісімшарттарда көзделген органдар, бірлескен қызмет туралы шарттар және операторлардың құрылтай құжаттары (консорциумдар құрылған жағдайда) және (немесе) жарғылық капиталына бірлескен қатысумен ұйымдардың құрылтай құжаттары арқылы жүзеге асырады.
      8. Келісімшартты орындау кезінде ұлттық компания өзге жер қойнауын пайдалану құқығын иеленушілермен келісімшартта көзделген мұнай операцияларын іске асыру үшін талап етілуі мүмкін келісімдердің кез келген түрлерін жасай алады және мұндай келісімдердің ережелері Келісімшарттың ережелеріне қайшы болмауға тиіс.
      9. Келісімшарттарда мемлекеттік мүдделерді білдіру заңдарға, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына және/немесе тапсырмаларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, құзыретті органның және олардың құзыреті шегінде өзге де мемлекеттік органдардың шешімдеріне және/немесе тапсырмаларына, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика саласын дамыту бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      Құзыретті орган ұлттық компаниямен мұнай-газ секторындағы мемлекеттік саясаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын негізгі бағыттарын өзгерту мүмкіндігін ескере отырып, міндетті үлестік қатысумен келісімшарттарда бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі қағидаттары туралы меморандум жасасады.
      10. Ұлттық компания келісімшарттарда Қазақстан Республикасының заңнамасында және келісімшартта белгіленген тәртіппен мұнай операцияларын жүргізу кезінде мемлекеттік мүдделерді сақтауға, оның ішінде:
      1) тауарларда, жұмыстар мен қызметтерде қазақстандық қамту бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауға;
      2) кадрларда қазақстандық қамту бойынша, сондай-ақ кемсітпеушілік негізде қазақстандық кадрлардың жағдайларын қамтамасыз ету және еңбекақы төлеу бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауға;
      3) Өндіруші салалар қызметінің ашықтығы бастамасының талаптарын сақтау бойынша;
      4) жоғары технологияларды және кен орындарын барлау мен пайдаланудың оң практикасы негізінде жер қойнауы ресурстарын экономикалық тиімді игеруге, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
      5) жоғары технологияларды, жаңа және өңдеуші өндірістерді дамыту мен пайдалануға, инфрақұрылымдық және өзге де объектілерді құруға және бірлесіп пайдалануға;
      6) мемлекет пен жер қойнауын пайдаланушылардың экономикалық мүдделерінің балансына қол жеткізуге ықпал етеді.
      11. Ұлттық компанияның немесе оның аффилиирленген тұлғасының үлесін төмендету нәтижесінде үлестік қатысу мөлшері осы Қағиданың 7-тармағында көрсетілген органдар қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
      12. Ұлттық компанияның бастамасы бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату туралы шешім ұлттық компания ұсынған негіздемелерді, инвестициялық тәуекелдерді кешенді талдауды және мемлекеттік органдардың әлеуметтік сала үшін салдарды ескере отырып, жер қойнауын пайдалану саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберіндегі бар тапсырмалары ескеріле отырып қабылданады.
      13. Ұлттық компания немесе оның аффилиирленген тұлғасы өзге жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалануға бұрын жасаған келісімшарттарда сатып алынған қатысу үлесін басқаруды осы келісімшарттардың ережелерін ескере отырып жүзеге асырады.
      14. Егер жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт іске асырылатын аумақтағы елдің заңнамасында, халықаралық шартта және оны орындау үшін жасалған келісімдерде өзгеше көзделмесе, ұлттық компанияның өзге мемлекеттердің аумағында халықаралық шарттар негізінде іске асырылатын келісімшарттарда мемлекеттік мүдделерді білдіруі осы Қағидада көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Об утверждении Правил представления национальной компанией государственных интересов в контрактах, предусматривающих долевое участие в них национальной компании

Постановление Правительства Республики Казахстан от 10 февраля 2011 года № 122. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 августа 2015 года № 630

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 10.08.2015 № 630 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 32) статьи 16 Закона Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила представления национальной компанией государственных интересов в контрактах, предусматривающих долевое участие в них национальной компании.
      2. Признать утратившими силу:
      1) постановление Правительства Республики Казахстан от 29 июня 2002 года № 708 "Об утверждении Правил представления государственных интересов Национальной компанией в контрактах с подрядчиками, осуществляющими нефтяные операции, посредством обязательного долевого участия в контрактах";
      2) пункт 8 изменений и дополнений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 2003 года № 1184 "О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2003 г., № 44, ст. 484);
      3) пункт 4 изменений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 мая 2010 года № 454 "Вопросы Министерства нефти и газа Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2010 г., № 34, ст. 273).
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 10 февраля 2011 года № 122

Правила
представления национальной компанией государственных интересов
в контрактах, предусматривающих долевое участие в них
национальной компании

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании" (далее - Закон) и устанавливают порядок представления национальной компанией государственных интересов в контрактах на недропользование, предусматривающих долевое участие в них национальной компании.
      Представление национальной компанией государственных интересов в контрактах на недропользование осуществляется в порядке реализации единой государственной политики в сфере недропользования посредством долевого участия.
      2. В настоящих Правилах используются понятия, установленные в Законе, а также следующие понятия:
      1) аффилиированное лицо - юридическое лицо, в котором национальная компания имеет возможность прямо и (или) косвенно определять решения и (или) оказывать влияние на принимаемые таким лицом решения, если у данного юридического лица основная деятельность связана с недропользованием;
      2) обязательная доля участия в контракте - выраженная в процентах доля участия национальной компании в контракте, определяемая Правительством Республики Казахстан, по итогам проведения конкурса;
      3) оператор - юридическое лицо, создаваемое или определяемое недропользователями в соответствии с законодательством Республики Казахстан по письменному уведомлению компетентного органа, осуществляющее оперативное управление деятельностью и учетно-отчетные операции, связанные с исполнением контракта (уполномоченный представитель), за действия которого недропользователи несут имущественную ответственность.

2. Определение обязательной доли участия национальной компании
в контрактах, заключенных по итогам конкурса

      3. Правительство Республики Казахстан утверждает перечень участков недр, выставляемых на конкурс, сформированный компетентным органом на основании предложений уполномоченного органа по изучению и использованию недр в части участков недр на территории Республики Казахстан и на море по величине обязательной доли участия национальной компании.
      4. Перечень участков недр, указанный в пункте 3 настоящих Правил, формируется с учетом предложений национальной компании по участкам недр, предоставляемым национальной компании на основе прямых переговоров.
      5. Компетентный орган при объявлении конкурса в его условиях указывает обязательную долю участия национальной компании в выставляемом на конкурс участке недр в соответствии с решением Правительства Республики Казахстан, и необходимость финансирования иным, кроме национальной компании, обладателем права недропользования, расходов, связанных с долевым участием национальной компании, до коммерческого обнаружения.

3. Представление государственных интересов в контрактах

      6. Представление государственных интересов реализуется посредством осуществления прав долевого участия в контрактах, в пределах полномочий, закрепленных в них.
      7. Национальная компания или ее аффилиированное лицо осуществляет управление долями участия в контрактах через органы, предусмотренные контрактами, договорами о совместной деятельности и учредительными документами операторов (в случае создания консорциумов) и/или учредительными документами организаций с совместным участием в уставном капитале.
      8. При выполнении контрактов национальная компания может заключать с иными обладателями права недропользования любые виды соглашений, которые могут потребоваться для реализации нефтяных операций, предусмотренных контрактом, и положения таких соглашений не должны противоречить положениям Контракта.
      9. Представление государственных интересов в контрактах осуществляется в соответствии с законами, указами и/или поручениями Президента Республики Казахстан, решениями и/или поручениями Правительства Республики Казахстан, компетентного органа и иными государственными органами в рамках их компетенции, а также решениями консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан по развитию нефтегазовой и энергетической отраслей.
      Компетентный орган заключает с национальной компанией Меморандум об основных принципах реализации единой государственной политики в контрактах с обязательным долевым участием с учетом возможности изменения основных направлений государственной политики в нефтегазовом секторе, определяемых законодательством Республики Казахстан.
      10. Национальная компания в контрактах в установленном законодательством Республики Казахстан и контрактом порядке способствует соблюдению государственных интересов при проведении нефтяных операций, в том числе:
      1) исполнению контрактных обязательств по казахстанскому содержанию в товарах, работах и услугах;
      2) исполнению контрактных обязательств по казахстанскому содержанию в кадрах, а также по обеспечению условий и оплаты труда o казахстанских кадров на не дискриминационной основе;
      3) по соблюдению требований Инициативы прозрачности деятельности добывающих отраслей;
      4) экономически эффективному освоению ресурсов недр на основе использования высоких технологий и положительной практики разведки и разработки месторождений, а также обеспечению безопасности жизни и здоровья людей;
      5) развитию и использованию высоких технологий, новых и перерабатывающих производств, сооружению и совместному использованию инфраструктурных и иных объектов;
      6) достижения баланса экономических интересов государства и недропользователей.
      11. Размер долевого участия в результате снижения доли национальной компании или ее аффилированного лица должен обеспечивать возможность оказания влияния на решения, принимаемые органами, указанными в пункте 7 настоящих Правил.
      12. Решение о прекращении права недропользования по инициативе национальной компании принимается с учетом обоснований, предоставленных национальной компанией, комплексного анализа инвестиционных рисков и имеющихся поручений государственных органов в рамках реализации единой государственной политики в сфере недропользования с учетом последствий для социальной сферы.
      13. Национальная компания или ее аффилиированное лицо осуществляет управление долями участия, приобретенными в ранее заключенных иными недропользователями контрактах на недропользование, с учетом положений этих контрактов.
      14. Представление национальной компанией государственных интересов в контрактах, реализуемых на основании международных договоров на территории иных государств, осуществляется в порядке, предусмотренном настоящими Правилами, если иное не предусмотрено законодательством страны на территории которой реализуется контракт на недропользование, международным договором и соглашениями, заключенными в его исполнение.