Мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердігерлермен келiсiм-шарттарда Ұлттық компанияның келiсiм-шарттары міндеттi үлестiк қатысуы арқылы мемлекеттiк мүдделерді білдіру ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 маусымдағы N 708 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 122 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.10 № 122 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы N 2350 заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: Z100291 қараңыз
     1. Қоса беріліп отырған Мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердiгерлермен келiсiм-шарттарда Ұлттық компанияның келiсiм-шарттарға мiндеттi үлестiк қатысуы арқылы мемлекеттiк мүдделердi білдiру ережесi бекiтiлсiн.
     2. Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы       
Үкіметінің             
2002 жылғы 29 маусымдағы       
N 708 қаулысымен           
бекiтiлген              

Мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердігерлермен
келiсім-шарттарда Ұлттық компанияның келiсім-шарттарға
міндеттi үлестiк қатысуы арқылы мемлекеттiк мүдделерді
білдіру ережесi

1. Жалпы ережелер

     1. Осы Ереже Мұнай операцияларын жүзеге асыратын мердігерлермен келiсім-шарттарда Ұлттық компанияның келiсiм-шарттарға міндеттi үлестiк қатысуы арқылы мемлекеттiк мүдделердi білдiруiнің тәртiбiн реттейдi.
      2. Осы Ережелерде Қазақстан Республикасы Президентiнің "Мұнай туралы" 1995 жылғы 28 маусымдағы N 2350 және "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 заң күшi бар Жарлықтарында белгiленген ұғымдар мен айқындамалар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады: Z100291 қараңыз
      өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесi - мемлекеттің мердiгермен Өнiмді бөлу туралы келiсiм бойынша ол өндiрген өнiмнен алатын заттай нысандағы міндеттi бөлік;
      өтемдiк (шығындық) өнiм - мердiгердің орны толтырылатын шығындарын білдiретiн, игерiлетiн кен орнының экономикалық құндылығын есепке ала отырып, әрбiр Өнiмдi бөлу туралы келiсiм бойынша жеке белгiленетiн және мердiгердiң меншiгiне келіп түсетiн өндiрiлген өнiмнiң бiр бөлiгi;
      корпоративтiк басқару - Келiсiммен белгiленетiн тәртіппен не келiсiм-шартта көзделген жағдайларда құрылатын орган арқылы басқару, Келiсімнің немесе келiсiм-шарттың iске асырылуын қамтамасыз ететiн және мұнай операцияларының орындалуы үшiн жауаптылықта болатын басқару жөніндегi бiрлескен комитет (басқарушы комитет);
      Ұлттық компания - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы;
      келiсім-шартқа міндеттi үлестiк қатысу - Ұлттық компанияның Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн келiсiм-шартқа пайызбен көрсетiлген қатысу үлесi;
      келiсiм-шарттың (Келiсiмнiң) операторы - мердiгер тартатын немесе құратын, оның iс-әрекетi үшiн мердiгер мемлекет алдында өзiнің іс-қимылы ретінде мүлiктiк жауаптылықта болатын келiсiм-шартты немесе Өнiмді бөлу туралы келiсiмдi орындаумен байланысты нақты өндiрiстiк-шаруашылық қызмет пен есепке алу-есеп операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға;
      пайдалы өнiм - егер Келiсiмде өзгеше көзделмесе, Өнiмдi бөлу туралы келiсiм бойынша бюджетке роялти мен өтемдiк есеп айырысуларды төлеген соң мемлекет пен мердiгер арасында бөлуге жататын өндiрiлген өнiмнiң бiр бөлiгi;
      Өнiмдi бөлу туралы келiсiм - оған сәйкес Қазақстан Республикасы кәсiпкерлiк қызмет субъектiсiне (мердiгерге) мұнай операциялары саласында өтемдiк негiзде және белгiлi бiр мерзiмге Келiсiмде көрсетiлген жер қойнауының телiмiнде минералдық шикiзатты iздестiруге, барлауға, өндiруге және осыған байланысты жұмыстарды жүргiзуге құқық беретiн, ал мердiгер көрсетiлген жұмыстарды өз есебiнен және өз тәуекелiмен жүргiзуге мiндеттенетiн шарт. Осы шарт Қазақстан Республикасы мен мердiгер арасындағы өндiрілген өнiмдi бөлудiң мiндеттi шарты мен тәртiбінен, сондай-ақ өтемдiк өнiмнiң орнын толтыру тәртiбiнен тұрады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 454 Қаулысымен.
      3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 454 Қаулысымен.
      4. Мұнай операцияларын жүзеге асыру кезінде қазақстандық мердiгерлiк ұйымдар мен кадрлардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық компания тауарлардың, жұмыстар мен қызметтер көрсетудiң қазақстандық рыногын, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды үйлестiрушi мемлекеттiк органмен бiрлесiп, қазақстандық кадрлардың бар-жоғын зерделейдi, деректер банкiн қалыптастырады және шетелдiк қатысушылар мен қазақстандық ұйымдардың келiссөздерiн ұйымдастыруға ықпал етедi.

2. Келiсiм-шарттардағы мiндеттi қатысу үлесiн белгiлеу

      5. Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын Ұлттық компанияның ұсыныстарын ескере отырып Құзыреттi орган қалыптастырған және жер қойнауын қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлген инвестициялық бағдарламалардың конкурсына шығарылатын жер қойнауы телiмдерiнiң (блоктарының) тiзбесiн бекiтедi.
      6. Көрсетiлген тiзбе онда оған тiкелей келiссөздердің негiзінде Құзыреттi орган қандай блоктар мен телiмдер ұсынуы тиiс екенi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында және теңiзде олар бойынша мұндай қатысу үлесiнiң мөлшерiн белгiлей отырып, өзi мiндеттi қатысу үлесiн иеленгiсi келетiн блоктар мен телiмдер көрсетiлiп, Ұлттық компанияның ұсыныстары ескерiле отырып қалыптасады.
      7. Қазақстан Республикасының Үкiметi инвестициялық бағдарламалардың конкурсына шығарылатын блоктардың тiзбесi туралы шешiм қабылдай отырып, мемлекеттiң стратегиялық мүдделерiне және Ұлттық компанияның ұсынған есеп айырысуларына сәйкес, егер халықаралық шартпен немесе Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен өзгеше көзделмесе, Ұлттық компанияның келiсiм-шарттардағы 50%-дан кем болмауы тиiс мiндеттi үлесiн бекiтедi.
      8. Конкурс өткiзудi ұйымдастырушы Құзыреттi орган инвестициялық бағдарламалардың конкурсы талаптарында Қазақстан Республикасы Үкiметiнің шешiмiне сәйкес конкурсқа шығарылатын блокта Ұлттық компанияның мiндеттi үлесiн көрсетуге мiндеттi.
      9. Ұлттық компания мемлекет үлесiнiң операторы болып әрекет ете отырып, Үкiмет бекiткен оның қатысуының мiндеттi үлесi бар блоктар бойынша да, әзiрленуi мердiгерлер мен Қазақстан Республикасы арасында өнiмді бөлудi көздейтiн блоктар бойынша да конкурстың негiзгi талаптарын қалыптастыруға тiкелей қатысады.
      10. Ұлттық компания Қазақстан Республикасының аумағындағы мұнай операцияларына арналған конкурстарды ұйымдастыруға қатысады.
      11. Ұлттық компания конкурстың қорытындыларын шығарған соң болашақтағы келiсiм-шарт бойынша өзара мiндеттемелердi белгiлеу мақсатында өзiнiң мiндеттi үлестiк қатысуы бар блок бойынша конкурстың жеңiмпазымен келiсiм-шарттың жобасын дайындайды және оны Құзыреттi органға ұсынады.
      12. Ұлттық компания оның мiндеттi қатысуы белгiленген блок бойынша конкурстың жеңiмпазымен бiрлесiп, бiрлескен қызмет туралы шарттың негiзінде олар құрған бiрлескен кәсiпорын немесе консорциум нысанында әрекет ете алады.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 454 Қаулысымен.
      13. Ұлттық компанияның міндеттi үлестiк қатысуы бар келiсiм-шарттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстың нәтижелерi жарияланған күннен бастап жарты жылдан кейіннен кешіктірмей жасалады.

3. Мемлекеттiк мүдделерді білдіру жөніндегі өкілеттіктер

      14. Ұлттық компанияға көрсетiлген Келiсімдердiң талаптарына сәйкес мемлекеттің операторы ретiнде Өнiмдi бөлу туралы келiсімдер бойынша алынатын өнiмдi бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесiн алуға арналған құқық берiледi.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 454 Қаулысымен.
      15 - 17. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 454 Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады