«2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 1 наурыздағы
№ 205 қаулысымен
бекітілген
Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша
сыйақы ставкасын субсидиялау қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «2011 – 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленген және қарыз алушының кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы ставкасын төлеуге жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеуге 2011 жылы іске асыралатын 039 «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредит бойынша сыйақы ставкасын өтеу» бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі – бағдарлама) шеңберінде республикалық бюджеттен субсидиялар беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
айқындау – бюджеттік бағдарламаның қаржы институттарын іріктеу және олардың арасында бағдарламада көзделген бюджеттік субсидияларды бөлу;
ауыл шаруашылығы өнiмi – бал ара шаруашылығын қоса алғанда, өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығының шикiзаты мен өнiмi, соның ішiнде оларды бастапқы қайта өңдеу арқылы алынған өнiмдер;
бюджеттік бағдарламаның әкімшісі – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;
қаржы институттары – екінші деңгейдегі банктер, банк қызметін жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар кредиттік ұйымдар, лизингтік компаниялар;
қарыз алушы – меншік нысанына қарамастан, шаруа (фермер) қожалықтарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін, балықты қайта өңдеумен және/немесе дайын тамақ өнімін шығарумен айналысатын жеке, заңды тұлға;
кредиттік келісім – қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған банктік қарыз/қаржы лизингі шарты;
сыйақы ставкасы – кредитті (лизингті) пайдаланғаны үшін кредиттік келісімде белгіленген сыйақы ставкасы;
уәкілетті орган – қаржы нарығын реттеу және қадағалау жөніндегі мемлекеттік орган.
3. Республикалық бюджеттен субсидиялар сыйақы ставкасының 80 (сексен) пайызынан аспайтын мөлшерде беріледі. Қаржы институттары меншікті және/немесе тартылған қаражат есебінен берген кредиттер (лизинг) субсидиялауға жатады, бұл ретте шекті пайыздық ставка жылдық 20 %-дан (жиырма пайыздан) аспауға тиіс.
Сыйақы ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттер (лизинг) сомасы бір қарыз алушыға 3 500 000 000 (үш миллиард бес жүз миллион) теңгеден аспауға тиіс.
Субсидиялауға жататын кредиттік лимит сомасы 2011 жылдың ішінде мерзімінен бұрын немесе уақтылы өтелген кредиттерге (лизингтерге) де таралады.
4. Қолданыстағы кредит (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау 2011 жылғы 1 қаңтар – 31 желтоқсан кезеңінде кредитті (лизингті) пайдаланудың нақты мерзімі үшін жүзеге асырылады.
Қарыз алушы 2011 жылғы 1 қаңтардан кейін алған кредит (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау кредит берілген күннен бастап және/немесе жабдық лизингке берілген күннен бастап он екі ай үшін жүргізіледі.
Бұл ретте өткен қаржы жылының қаражаты есебінен бұрын субсидияланған кредит (лизинг) бойынша субсидиялау өткен жылғы субсидияларды игеру аяқталған сәттен бастап 2010 жылғы 31 желтоқсанға дейін кредитті (лизингті) нақты пайдалану мерзімінде жүзеге асырылады.
Шетелдік валютадағы кредит (лизинг) сомасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кредит берілетін күнгі қолданыстағы ресми бағамына сәйкес осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген сомаға баламалы болуға тиіс.
Бұл ретте қаржы институты шетелдік валютада берген кредит (лизинг) бойынша субсидиялар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің айқындау жүргізілген күнгі қолданыстағы бағамы бойынша есептеледі.
5. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде субсидия алатын қарыз алушылардың кредиттері (лизинг), сондай-ақ аккредитивтік арнайы қызмет көрсету бойынша берілген кредиттер субсидиялауға жатпайды.
6. Мыналарға:
1) өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін, негізгі және қосалқы материалдарды, сатып алынған жартылай фабрикаттарды, технологиялық жабдықтарды жөндеуге арналған қосалқы бөлшектерді, отынды, арзан құнды және тез тозатын заттарды, мүкәммалды, құрал-саймандарды, сондай-ақ құнына қарамастан, белгілі бір өнім легін шығаруға арналған арнайы құралдар мен тетіктерді сатып алуға;
2) ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және тамақ өнімдерін өндіру бойынша жабдықты, өндірістік мүкәммал мен керек-жарақтарды сатып алуға;
3) бұл ретте бұрын берілген қаражаттың нысаналы бағыты осы Қағиданың 6-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес болуға тиіс деген шартпен бұрынғы шығындарды қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
2. Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауға республикалық бюджеттен қаражат беру тәртібі
7. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі құрамында комиссия төрағасы,
мүшелері және хатшысы бар комиссия құрады. Комиссия құрамы Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің жауапты хатшысының бұйрығымен бекітіледі. Комиссия құрамына Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің мүдделі құрылымдық бөлімшілерінің өкілдері кіреді, бұл ретте комиссияның сандық құрамы тақ және кемінде бес адам болуы тиіс. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болмайды.
8. Бағдарламаны іске асыруға қатысатын қаржы институттарын айқындау бойынша комиссияның бірінші отырысы өтетін күн 2011 жылғы 5 сәуір болып белгіленді. Тиісті қаржы жылында көзделген субсидиялар толығымен бөлінбеген жағдайда және/немесе өткізілген алдыңғы айқындаудың қорытындылары бойынша қаражатты үнемдеу қалыптасса, комиссия отырысы қайтадан 2011 жылғы 5 шілде және 4 қазан күндері болады.
9. Комиссия хатшысы қаржы институттарының өтінімдері нөмірленіп, тігілуге және Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің мөрімен бекітілуге тиіс арнайы журналда тіркейді.
10. Осы Қағиданың ережелерін түсіндіру қажет болған жағдайда қаржы институты Бюджеттік бағдарлама әкімшісіне жазбаша сұраумен, бірақ өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүгінеді.
11. Бағдарламаның әкімшісі бағдарламаны іске асыруға қатысатын қаржы институттарын айқындауды мынадай өлшемдер бойынша жүзеге асырады:
1) қарыз алушының және жобаның қысқаша сипаттамасын қамтитын қарыз алушылар өтінімдерінің қалыптасқан портфелінің болуы;
2) қаржы институтының қарыз алушылармен жұмыс тәжірибесінің болуы;
3) салық және басқа міндетті төлемдер бойынша мерзімі үш айдан асып кеткен берешектің болмауы.
12. Қаржы институттары қойылатын мынадай талаптарды негізге ала отырып, қарыз алушыларды дербес анықтайды:
қызметтің мынадай түрлерімен айналысатын Қазақстан Республикасының резиденті: етті, сүтті, жемістерді, жидектерді, көкөністерді, былғары шикізатын және жүнді, дәнді дақылдарды, шитті мақтаны, балықты, маралдың мүйізін қайта өңдеу; құс етін, жұмыртқа және жұмыртқа ұнтағын, жеміс-көкөніс консервілерін, балалар тағамын, нан, нан-тоқаш және макарон өнімдерін, май-тоң май өнімдерін, құрама жемді, ақ қантты, кондитерлік өнімдерді, бал және бал ара шаруашылығының басқа өнімдерін өндіру;
салық және басқа міндетті төлемдер бойынша мерзімі үш айдан асып кеткен берешектің болмауы.
13. Айқындауға қатысуға ниет білдірген қаржы институттары осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді. Өтінімге қаржы институтының басшысы немесе өтінімге қол қою құқығына сенімхаты бар тұлға қол қоюға тиіс және ол қаржы институтының мөрімен бекітіледі. Бұл ретте қаржы институтының филиалдарынан (өкілдіктерінен) жеке өтінімдер қабылданбайды.
14. Өтінімге оның ажырамас бөлігі ретінде мыналар қоса беріледі:
1) заңды тұлғаны (қаржы институтын) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
2) банк қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі (лизингтік компаниялардан басқа);
3) қаржы институтының салықтық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқ немесе бар екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы, анықтамаға осы салық органының мөрімен бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан аспайтын күн қойылуға тиіс;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы институтының төлемге қабілетті болып табылатынын, оның таратуға жатпайтынын, оның мүлкіне тыйым салынбағанын, қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрмағанын растайтын қаржы институтының анықтамасы;
5) қаржы институты куәландырған қаржы институты мен қарыз алушының арасында жасалған кредиттік келісімнің және/немесе кредитті (лизинг) өтеу және олар бойынша пайыздарды төлеу кестесі қоса берілген алдын ала кредиттік келісімінің көшірмесі;
6) қаржы институты куәландырған ауыл шаруашылығы шикізатын сатып алу шартының көшірмесі (өзі өндірген шикізат пайдаланылған жағдайда қарыз алушының өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі туралы анықтамасын қоса беру керек) немесе кредиттің мақсатты пайдаланылуын тексерудің қаржы институты жасаған актісі;
7) қарыз алушының несие шотынан қаржы институты растаған кредит (лизинг) алу туралы үзінді көшірме немесе қарыз, лизинг затын алғанын растайтын құжат;
8) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қарыз алушының қысқаша сипаттамасы;
9) осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қарыз алушы жобасының қысқаша сипаттамасы;
10) осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша осы Қағиданың 4-тармағына сәйкес қарыз алушының әр кредиті (лизингі) бойынша сыйақы есебі;
11) қарыз алушының салықтық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің жоқ немесе бар екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының көшірмесі, анықтамаға осы салық органының мөрімен бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан аспайтын күн қойылуға тиіс;
12) осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қарыз алушының аңықтамасы;
13) осы Қағиданың 21-тармағына сәйкес айқындау жүргізудің қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қарыз алушылармен кредиттік келісімдер жасасу және қарыз алушыларға кредит беру туралы қаржы институтының жазбаша міндеттемесі;
14) егер өтінімге қаржы институтының бірінші басшысының қолы қойылмаған жағдайда, өтінімге қол қою құқығына сенімхат.
Қарыз алушының қысқаша сипаттамасына, жобаның қысқаша сипаттамасына, қарыз алушының анықтамасына қарыз алушының бірінші басшысының қолы қойылады және оның мөрімен куәландырылады. Мәліметтерді қарыз алушыға қызмет көрсететін қаржы институтының филиалы растайды (қаржы институты филиалының бірінші басшысының қолы және мөрі). Қарыз алушының қысқаша сипаттамасының, жобаның қысқаша сипаттамасының, қарыз алушы анықтамасының факстік көшірмелері немесе ксерокөшірмелері ұсынылған жағдайда, олар қаржы институтының түпнұсқа мөрімен және соған уәкілеттік берілген тұлғаның қолымен куәландырылады.
15. Өтінім және қоса берілетін барлық құжаттар бір пакетке тігіліп, беттері нөмірленуге тиіс, соңғы бетінің артқы жағына жіптің ұшына «__ парақ тігілген және нөмірленген. Күні 2011 жылғы «___» ______» деген сөздер жазылған қағаз жапсырылып, лауазымды тұлғаның қолы қойылуға және қаржы институтының мөрімен бекітілуге тиіс. Конвертте тігілмеген, жеке құжаттардың болуына рұқсат етілмейді, мұндай құжаттарды комиссия қарамайды және қаржы институтына қайтарады. Қаржы институты біреуден артық өтінім берген жағдайда барлық өтінімдер ретімен нөмірленуге жатады.
16. Қаржы институты бір уақытта бірнеше өтінімдер ұсынған жағдайда, қаржы институты басқа өтінімдерге көрсетілген құжаттардың тиісті өтінімге салынғандығы туралы қаржы институтының анықтамасын қоса бере отырып, өтінімдердің бірінде осы Қағиданың 14-тармағының 1) - 4), 8), 11) - 13) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса береді.
17. Қаржы институттарын айқындау жөніндегі комиссия отырысының алғашқы күні өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімі жүргізіліп, содан соң конверттерді ашқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасы жасалады, оған комиссия төрағасы, комиссия мүшелері және комиссия хатшысы қол қояды.
18. Осы Қағиданың 11, 12-тармақтарында, 14-тармағының 1) - 4), 13), 14) тармақшаларында, 15-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес комиссия толықтығы және конверттерді ашу хаттамасына қол қойылғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы институтының айқындауға қатысуға рұқсат беру туралы шешім қабылдайды және қарыз алушылар ұсынған құжаттардың осы Қағида талаптарына сәйкестігі мәніне қарайды.
19. Комиссия қарыз алушының құжаттарын қарап, 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарыз алушыға субсидиялар беру/бермеу туралы шешім шығарады және қаржы институты ұсынған әрбір кредит (лизинг) бойынша субсидиялау үлесін айқындайды. Субсидиялар қаражатының көлемін бөлуді комиссия осы Қағиданың 4-қосымшасында берілген кредит (лизинг) бойынша сыйақы сомасына тікелей барабар түрде жүзеге асырады.
20. Қаржы институтының айқындауға қатысуына рұқсат беру және олардың арасында субсидиялар сомасын бөлу туралы комиссия шешімі шешім қабылданғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күн ішінде комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді, оған комиссия төрағасы, оның орынбасары, комиссия мүшелері және комиссия хатшысы қол қояды.
Хаттамада қаржы институтының атауы, орналасқан жері және деректемелері, қаржы институтына субсидиялар көлемі, қарыз алушылардың тізбесі, сондай-ақ өтінімдерді кері қайтару себептері көрсетіле отырып, белгіленген талаптарға жауап бермейтін қаржы институтының және қарыз алушының атауы көрсетіледі.
Комиссия шешімі бюджеттік бағдарламаны іске асыруға қатысқан барлық қаржы институттарына жазбаша нысандағы хабарламамен хабарланады.
21. Айқындау жүргізу қорытындылары бойынша комиссия отырысының хаттамасына қол қойылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қаржы институттары өздеріне ұсынылған алдын ала кредиттік шарттарға сәйкес қарыз алушыларға кредиттер береді.
Қаржы институттары қарыз алушыларға кредиттер бергеннен кейін, сондай-ақ айқындау қорытындылары туралы хаттаманың негізінде 10 (он) жұмыс күні ішінде бағдарламаның әкімшісі мен қаржы институты арасында қаражат аудару тәртібі мен шарттарын, тараптардың жауапкершілігін, қарыз алушылардың тізбесін және өзге де шарттарды көздейтін субсидиялауға арналған шарт жасалады.
22. Кейіннен қаржы институтының есептік шотына аудару үшін бағдарламаның әкімшісіне қаражат бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Бағдарламаның әкімшісі осы Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қаражатты республикалық бюджеттен қаржы институтының есептік шотына аударуға қаржы институты берген өтінімді және осы Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша есепті қарайды және оларды қарағаннан кейін осы Ереженің 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кредит (лизинг) бойынша сыйақының пайыздық ставкасын субсидиялау үшін ведомость пен ақы төлеу шоттарын қалыптастырады.
23. Қаржы институтына субсидиялар төлеу үшін бағдарламаның әкімшісі аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шоттарын ұсынады.
24. Субсидия алған қарыз алушылар 2011 жылғы 1 желтоқсанға дейін осы Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қаржы институтына қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпарат береді. Қаржы институты 2011 жылғы 15 желтоқсанға дейін бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне барлық қарыз алушылар бойынша жиынтық ақпарат береді.
25. Қарыз алушы сыйақы ставкасын өтеу бөлігінде кредиттік келісім бойынша міндеттемелерін 20 (жиырма) күнтізбелік күнінен артық орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, қарыз алушы міндеттемелерді бұзған кезеңге субсидиялар берілмейді және келесі айдың (тоқсанның) субсидиялары есебінен пайдаланылуы мүмкін. Бұл ретте келесі тоқсандағы субсидияларды аударуға өтінім берген кезде субсидиялардың мөлшері алдыңғы тоқсанда төленген, пайдаланылмаған субсидиялар сомасына азайтылады.
26. Қаржы институтты кредиттік келісім бойынша қаржыландыру шарттарын (өтеу кестесі, кредиттің (лизингтің) мерзімі және тағы басқа) өзгерткен, сондай-ақ қаржы институты сыйақы ставкасын азаю жағына қарай өзгерткен жағдайды қоспағанда, субсидиялауға арналған шартқа екіжақты қол қойылғаннан кейін кредиттік келісімді қайта құрылымдау жүргізілген жағдайда, осы кредиттік келісімдер бойынша субсидиялар жаңа кестелер бекітілген және/немесе кредиттік келісімге қосымша келісімдер жасалған сәттен бастап берілмейді.
Ауыл шаруашылығын қолдауға
берілетін кредиттер бойынша сыйақы
ставкасын субсидиялау қағидасына
1-қосымша
ӨТІНІМ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20___ жылғы «___» ___________
№____ қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін
кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау қағидасын қарап,
_____________________________________________________________________
(қаржы институтының толық атауы)
cубсидияларды алуға 039 «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған
кредит бойынша сыйақы ставкасын өтеу» бюджеттік бағдарламасын іске
асыруға қатысуға ниет білдіреді.
Осы өтінім мыналарды қамтиды:
1. Қатысушы туралы мәліметтер
Толық атауы__________________________________________________________
Заңды мекенжайы______________________________________________________
Нақты мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық мекенжайы:
_____________________________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (нөмірі, күні, берілген орны, берген
орган)*______________________________________________________________
Лицензия нөмірі, берілген күні және лицензия берген органның атауы*
_____________________________________________________________________
Бірінші басшының Т.А.Ә.______________________________________________
* нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады.
2. Іріктеу өткізілген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде қаржы нарығын реттеу және қадағалау жөніндегі мемлекеттік органның пруденциалдық нормативтерін сақтау туралы мәліметтер
Бір қарыз алушыға қауіптің ең жоғары мөлшері (______)
Өтімділік коэффициенті (_______)
Ашық валюталық ұстанымның лимиттері (_______)
Қаржы институтының негізгі қаражатқа және басқа да қаржылық емес активтерге инвестицияларының ең жоғары мөлшерінің коэффициенті (_______)
3. Жарғылық және меншікті капиталдардың ең төменгі мөлшерінің лимиттерін сақтау туралы мәліметтер
Жарғылық капиталының мөлшері млн. теңге (_______)
Меншікті капиталының мөлшері млн. теңге (_______)
4. Қарыз алушылармен жұмыс істеу тәжірибесі туралы мәліметтер
Р/с |
Кәсіпорынның атауы |
Мекен-жайы, телефоны |
Негізгі |
Есептік |
Кредиттердің саны мен сомасы |
Кредиттің пайыздық ставкасының сомасы |
Кредиттер, пайыздар бойынша қайтарымдылығы |
5. Қарыз алушылардың өтінімдер портфелі туралы мәліметтер
Р/с |
Заңды тұлғаның, кәсіпорынның толық атауы |
Мекен- |
Негізгі қызмет түрі |
Кредиттің мақсаты |
Кредит сомасы, млн. теңге |
Кредитті пайдалану мерзімі |
Бірінші басшы __________________ (Т.А.Ә)
(қолы)
М.О. (Күні)
Ауыл шаруашылығын қолдауға
берілетін кредиттер бойынша сыйақы
ставкасын субсидиялау қағидасына
2-қосымша
Қарыз алушының қысқаша сипаттамасы*
1. Толық атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны______________________________
_____________________________________________________________________
2. Меншік нысаны_____________________________________________________
3. Заңды, іс жүзіндегі және электрондық мекен жайлары, телефондары, факсы________________________________________________________________
4. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, берген орган, нөмірі, күні мен
берілген орны________________________________________________________
5. Жарғылық капиталының мөлшері______________________________________
6. Құрылтайшылар_____________________________________________________
7. Банктік деректемелері_____________________________________________
8. Салықтық есепке алу үшін тіркеу орны, СТН №_______________________
9. Бірінші басшының Т.А.Ә., қызметтік және үй телефондары____________
_____________________________________________________________________
10. Негізгі қызмет түрі, кәсіпорының қуаты___________________________
11. Жылдық айналымы, сомасы__________________________________________
12. Соңғы есепті күнгі пайдасы немесе шығыны, сомасы_________________
13. Қызметкерлердің іс жүзіндегі саны________________________________
14. Бюджетке төленетін төлемдер, салықтар және басқа да алымдар
бойынша берешегі (қай түрі бойынша және сомасы)______________________
15. Кредиттер бойынша берешегі (кімге және сомасы)___________________
16. Болжамды өткізу нарықтары және олардың теңгемен сыйымдылығы______
_____________________________________________________________________
17. Пайдаланылатын жабдықтардың негізгі түрлері және олардың
өнімділігі (ауысымында тонна, литр, дана)____________________________
18. Ауыл шаруашылығы шикізатын негізгі жеткізушілер (алдын ала
Шарттар, анықтамалар және т. б. қоса берілсін)_______________________
(Өзі өндірген шикізатты пайдаланған жағдайда қарыз алушының өзі
өндірген ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі туралы анықтамасы қоса берілсін)
19. Кәсіпорынның өткен 2 жылдағы қызметі туралы ақпарат.
Жылдар |
Сатып алынған |
Өндірілген дайын өнім |
Қызметкерлердің саны |
Салық төлемдерді төлеген сомасы, мың теңге |
||
ақшалай мәнде, мың теңге |
заттай мәнде, өлшем бірлігі |
ақшалай |
заттай |
|||
Кәсіпорынның бірінші басшысы _______________________ (Т.А.Ә.)
(лауазымы) (қолы)
М.О. (күні)
_________________________________________________туралы мәліметтер **
(кәсіпорынның атауы)
растаймын:_________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә., мөрі)
(қолы)
Ескертпе:
* Әрбір қарыз алушы бойынша жеке толтырылады
** Мәліметтер қаржы институты немесе қарыз алушыға қызмет көрсетілетін оның филиалы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады
Ауыл шаруашылығын қолдауға
берілетін кредиттер бойынша сыйақы
ставкасын субсидиялау қағидасына
3-қосымша
Қарыз алушы жобасының қысқаша сипаттамасы*
1. Қарыз алушының атауы______________________________________________
2. Кредиттің сомасы, теңге/АҚШ долл./евро____________________________
3. Кредит (лизинг) беру мерзімі, айы_________________________________
4. Сыйақы ставкасы, %________________________________________________
5. Жобаның мақсаты___________________________________________________
_____________________________________________________________________
Р/с |
Сатып алынатын ауыл шаруашылығы шикізатының, жабдықтарының және т.б. атауы |
Бағасы |
Саны |
Сомасы |
Кәсіпорынның бірінші басшысы _______________________ (Т.А.Ә.)
(лауазымы) (қолы)
М.О. (күні)
_________________________________________________туралы мәліметтер **
(кәсіпорынның атауы)
растаймын:___________________________________(лауазымы, Т.А.Ә., мөрі)
(қолы)
Ескертпе:
* Қарыз алушының әрбір кредиті бойынша жеке толтырылады
** Мәліметтер қаржы институты немесе оның қарыз алушыға қызмет көрсететін филиалы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады.
Ауыл шаруашылығын қолдауға
берілетін кредиттер бойынша сыйақы
ставкасын субсидиялау қағидасына
4-қосымша
Қаржы институты субсидиялауға берген кредит бойынша
сыйақы есептемесі
_______жылғы _________________ №_________
(кредиттік келісімінің нөмірі және күні)
Айы |
Кредиттің сомасы/2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдайда кредит (лизинг) бойынша несие берешегінің қалдығы, теңге/АҚШ долл./евро |
Кредит (лизинг) бойынша сыйақы ставкасының мөлшері % |
Негізгі борышты өтеу сомасы, теңге/АҚШ долл./евро |
Сыйақыны өтеу сомасы, теңге/АҚШ долл./евро |
Бірінші |
||||
Екінші |
||||
Үшінші |
||||
Төртінші |
||||
Бесінші |
||||
Алтыншы |
||||
Жетінші |
||||
Сегізінші |
||||
Тоғызыншы |
||||
Оныншы |
||||
Он бірінші |
||||
Он екінші |
||||
Жиыны: |
Қаржы институты филиалының
бірінші басшысы _____________________________( Т.А.Ә.)
Күні М.О.
Кәсіпорынның бірінші басшысы __________________(Т.А.Ә.)
Күні М.О.
Ауыл шаруашылығын қолдауға
берілетін кредиттер бойынша сыйақы
ставкасын субсидиялау қағидасына
5-қосымша
Аңықтама
Осымен ______________________________ қарыз алушы 039 «Ауыл
(кәсіпорының атауы)
шаруашылығын қолдауға арналған кредит бойынша сыйақы ставкасын өтеу»
бюджеттік бағдарламасы бойынша субсидияларды алу үшін
________________________________________________
(қаржы институтының атауы)
берген кредиттер «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шегінде
және басқа сыйақы ставкасын субсидиялау бағдарламаларында
қатыспағанын хабарлайды.
Кәсіпорынның бірінші басшысы ___________________(Т.А.Ә.)
(қолы)
М.О. (күні)
___________________________________________туралы мәліметтер **
(кәсіпорынның атауы)
растаймын:_____________________________(лауазымы, Т.А.Ә., мөрі)
(қолы)
Ескертпе:
* Мәліметтер қаржы институты немесе оның қарыз алушыға қызмет көрсететін филиалы басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады.
Ауыл шаруашылығын қолдауға
берілетін кредиттер бойынша сыйақы
ставкасын субсидиялау қағидасына
6-қосымша
Қаржы институты қарыз алушыларға беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау үшін республикалық бюджеттен қаражат аударуға өтінім
Осымен _______________________________________ қаржы институты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен 2011 жылғы «___» ______________ №____ субсидиялау шартына сәйкес республикалық бюджеттен 039 «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредит бойынша сыйақы ставкасын өтеу» бағдарламасы бойынша ашылған қаржы институтының № _______ шотына _____________кезеңіне ___________теңге сомасында қаражат аударуды сұрайды.
Қаржы институтының
басшысы __________________________(қолы, Т.А.Ә.)
М.О.
Ауыл шаруашылығын қолдауға
берілетін кредиттер бойынша сыйақы
ставкасын субсидиялау қағидасына
7-қосымша
2011 жылғы __-тоқсандағы кредиттер бойынша сыйақы ставкасын іс жүзінде есептеу мен өтеу туралы есеп және 2011 жылғы __-тоқсандағы субсидиялар аударуға арналған өтінім
Р/с |
Қарыз алушының атауы |
Барлық көзделген субсидиялар, теңге |
Есепті кезеңде барлық аударылған субсидиялар, теңге |
Іс жүзінде есептелген субсидиялар, теңге |
Ауытқуы (+,-) (+) артық төленгені, (-) кемі |
||
барлығы |
оның ішінде есепті кезеңде |
барлығы |
оның ішінде есепті кезеңде |
гр.4-гр.6 |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
кестенің жалғасы
Қарыз алушыға іс жүзінде есептелген* сыйақы, теңге |
Қарыз алушы төлеген сыйақы, теңге |
20__ жылғы __-тоқсанға қаржы институтының өтінімі, теңге |
|||||||
жалпы сомасы |
қарыз алушының өтегені |
бюджеттен субсидиялау** |
|||||||
барлығы |
оның ішінде есепті кезеңде |
барлығы |
оның ішінде есепті кезеңде |
% |
сомасы |
% |
сомасы |
% |
сомасы |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
Ескертпе:
* субсидиялар сомасын есептемегенде
** 8-бағ. бойынша ауытқу сомасын ескере отырып
Қаржы институтының
басшысы_________________________________ (қолы, Т.А.Ә.)
М.О.
Ауыл шаруашылығын қолдауға
берілетін кредиттер бойынша сыйақы
ставкасын субсидиялау қағидасына
8-қосымша
«Бекітемін»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
жауапты хатшысы
______________________________
2011 жылғы «__» ______________
2011 жылғы ________ № ___ субсидиялау шартына сәйкес 039 «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредит бойынша сыйақы ставкасын өтеу» бюджеттік бағдарламасы бойынша кредит бойынша пайыздық сыйақы ставкасын субсидиялау үшін ведомость
Қаржы институтының атауы |
Кредит беру шарты |
ҚР АШМ субсидияларының іс жүзінде аударылған сомасы |
Барлығы қалдық (5-бағ.– 6-бағ.) |
||
кредит сомасы |
сыйақы ставкасын өтеудің жылдық сомасы |
ҚР АШМ субсидиялайтын жылдық сома |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
кестенің жалғасы
Қаржы институтының 20__ жылғы __ тоқсанға өтінімі |
Субсидиялау |
||||
жалпы сомасы |
қарыз алушының өтегені |
бюджеттен субсидияланғаны |
өткен жылдарда есептелгені |
қаржы институтының өтінімін ескере отырып есептелген жиыны |
аударуға жататыны (12-бағ.– 6-бағ.) |
сомасы |
сомасы |
||||
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
Жауапты департамент директоры ______________________(қолы, Т.А.Ә.)
Ауыл шаруашылығын қолдауға
берілетін кредиттер бойынша сыйақы
ставкасын субсидиялау қағидасына
9-қосымша
________қарыз алушының қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпарат
(қарыз алушының атауы)
Жылдар |
Сатып алынған |
Өндірілген дайын өнім |
Қызметкерлердің саны |
Төленген салықтардың төлемдердің сомасы, мың теңге |
Құндық мәнде экспортталатын өнімнің көлімі**, АҚШ долл. |
||
ақшалай мәнде, мың теңге |
заттай |
ақшалай |
заттай мәнде, өлшем бірлігі |
||||
2010 |
|||||||
2011* |
Ескертпе:
* желтоқсан айының жоспарлы көрсеткіштермен қоса
** өзінің өнімдерін экспорттаған жағдайда
Қарыз алушының бірінші басшысы__________________(қолы, Т.А.Ә.)
Бас бухгалтер ___________________(қолы, Т.А.Ә.)