Облыстық бюджеттерге 2009 - 2011 жылдарға арналған "Нұрлы көш" бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 2011 жылға кредит беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы N 229 Қаулысы

      «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына, «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 2011 жылға кредит беру қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;
      2) кредиттердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
      3. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне кредиттерді игеру туралы ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне жүктелсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 4 наурыздағы
№ 229 қаулысымен  
бекітілген     

Облыстық бюджеттерге 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 2011 жылға кредит беру қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттерге 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 2011 жылға кредит беру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына, «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысына сәйкес әзірленді және облыстық бюджеттерге 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 2011 жылға кредит беру тәртібін белгілейді.

2. Облыстық бюджеттерге 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 2011 жылға кредит беру тәртібі

      2. Облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - қарыз алушылар) тиісті мәслихаттар 2011 жылға арналған облыстық бюджеттерде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдер қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне (бұдан әрі - кредитор) мәслихаттардың көрсетілген шешімдерін ұсынады.
      3. Кредитор Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес Қағиданың 2-тармағы орындалғаннан кейін «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1350 қаулысына сәйкес қарыз алушыларға кредиттік шарттар жасасу арқылы жалпы сомасы 7 329 423 000 (жеті миллиард үш жүз жиырма тоғыз миллион төрт жүз жиырма үш мың) теңгеге бюджеттік кредиттер (бұдан әрі - кредиттер) береді.
      4. Қарыз алушыларға кредиттер беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:
      1) қарыз алушыларға кредиттер 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыру шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 5 (бес) жыл 6 (алты) ай мерзімге сыйақының нөлдік ставкасы бойынша теңгемен беріледі;
      2) кредиттерді игеру кезеңі кредитордың шотынан кредиттер аударылған сәттен бастап есептеледі.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 наурыздағы № 284 Қаулысымен.
      5. Кредиттерді беру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі қосымша талаптар кредиттік шартта белгіленеді.

Об утверждении Правил кредитования областных бюджетов на строительство и (или) приобретение жилья на 2011 год в рамках Программы "Нұрлы көш" на 2009 - 2011 годы

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 марта 2011 года № 229

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 29 ноября 2010 года "О республиканском бюджете на 2011 - 2013 годы", постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 декабря 2008 года № 1126 "Об утверждении Программы "Нұрлы көш" на 2009 - 2011 годы" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила кредитования областных бюджетов на строительство и (или) приобретение жилья на 2011 год в рамках Программы "Нұрлы көш" на 2009 - 2011 годы.
      2. Министерству финансов Республики Казахстан, Агентству Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) заключение кредитных договоров с местными исполнительными органами областей;
      2) контроль за целевым использованием и своевременным возвратом кредитов в республиканский бюджет.
      3. Местным исполнительным органам областей ежеквартально, не позднее 10-го числа месяца, следующего за отчетным периодом, предоставлять информацию об освоении кредитов в Агентство Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства и Министерство финансов Республики Казахстан.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Агентство Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства.
      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 4 марта 2011 года № 229

Правила
кредитования областных бюджетов на строительство и (или)
приобретение жилья на 2011 год в рамках
Программы "Нұрлы көш" на 2009 - 2011 годы

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила кредитования областных бюджетов на строительство и (или) приобретение жилья на 2011 год в рамках Программы "Нұрлы көш" на 2009 - 2011 годы (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 29 ноября 2010 года "О республиканском бюджете на 2011 - 2013 годы", постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 декабря 2008 года № 1126 "Об утверждении Программы "Нұрлы көш" на 2009 - 2011 годы" и определяют порядок кредитования областных бюджетов на строительство и (или) приобретение жилья на 2011 год в рамках Программы "Нұрлы көш" на 2009-2011 годы.

2. Порядок кредитования областных бюджетов на строительство
и (или) приобретение жилья на 2011 год в рамках
Программы "Нұрлы көш" на 2009 - 2011 годы

      2. Местные исполнительные органы областей (далее - заемщики) в течение десяти календарных дней после принятия соответствующими маслихатами решений, предусматривающих в областных бюджетах на 2011 год соответствующие поступления, предоставляют указанные решения маслихатов в Министерство финансов Республики Казахстан (далее - кредитор).
      3. Кредитор в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан после выполнения пункта 2 настоящих Правил предоставляет заемщикам бюджетные кредиты на общую сумму 7 329 423 000 (семь миллиардов триста двадцать девять миллионов четыреста двадцать три тысяч) (далее - кредиты) посредством заключения кредитных договоров согласно постановлению Правительства Республики Казахстан от 13 декабря 2010 года № 1350 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2011-2013 годы".
      4. Для предоставления кредитов заемщикам устанавливаются следующие основные условия:
      1) кредиты предоставляются заемщикам в тенге сроком на 5 (пять) лет 6 (шесть) месяцев по нулевой ставке вознаграждения на строительство и (или) приобретение жилья в рамках реализации Программы "Нұрлы көш" на 2009 - 2011 годы;
      2) период освоения кредитов исчисляется с момента перечисления кредитов со счета кредитора.
      Сноска. Пункт 4 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 29.03.2011 № 284.
      5. Дополнительные условия по предоставлению, погашению и обслуживанию кредита устанавливаются в кредитном договоре.