Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Облыстық бюджеттерге 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 2011 жылға кредит беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 229 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттерге 2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға 2011 жылға кредит беру қағидасында:
4-тармақтың 1) тармақшасындағы «және 2016 жылғы 30 маусымда аяқталады» деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов