"2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің тауарлы балық өсірудің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 23 қаулысымен бекітілген |
Облыстық бюджеттердің тауарлы балық өсірудің өнімділігі мен
сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық
бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді
пайдалану қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстық бюджеттердің тауарлы балық өсірудің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) 018 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тауарлы балық шаруашылығының өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарламасы бойынша 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде тауарлы балық өсірудің өнімділігі мен сапасын арттыру үшін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) тәртібін айқындайды.
2. Тауарлы балық өсірумен айналысатын балық шаруашылығы субъектілеріне (бұдан әрі - балық өсіру ұйымдары) бюджеттік субсидиялар:
1) бағалы балық түрлерін өсіру кезінде пайдаланылатын құрамажем сатып алуға кеткен шығындарды (50%) ішінара өтеуге;
2) балық өсіру ұйымдары одан әрі сату үшін жеке және заңды тұлғалардан сатып алғаннан басқа, балық өсіру материалын сатып алуға кеткен шығындарды (50%) ішінара өтеуге арналады.
3. Бюджеттік субсидиялар:
1) тауарлы балық өнімін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына, оның ішінде балық шаруашылығы саласындағы отандық қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізетін;
2) өткен жылға қарағанда тауарлы балық өнімі өндірісінің өсуін қамтамасыз ететін балық өсіру ұйымдарына төленеді.
2. Бюджеттік субсидияларды төлеу тәртібі
4. Облыстардың әкімдері 2011 жылдың 1 мамырынан кешіктірмей комиссиялар (бұдан әрі - Комиссия) құрады және оның жұмыс істеу мерзімі мен тәртібін айқындайды.
5. Комиссияның құрамына:
1) төраға - облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары;
2) облыстардың Ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрі -
Басқарма) мамандары;
3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілдері (бұдан әрі - аумақтық бөлімшенің өкілі);
4) балық шаруашылығы саласындағы қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді.
6. Басқарма Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
7. Басқарма Комиссия құрылған сәттен бастап Комиссия жұмысының, бюджеттік субсидиялар алуға өтінім қабылдаудың мерзімі мен тәртібін және басқа да қажетті мәліметтерді көрсете отырып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат жариялауды қамтамасыз етеді.
8. Балық өсіру ұйымдары бюджеттік субсидиялар алуға өтінімдер
қабылдау туралы ақпарат ресми жарияланғаннан кейін Басқармаға осы
Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
9. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) заңды тұлғалар үшін құрылтай құжаты, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, салық төлеушінің куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмелері);
2) жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі немесе паспорты, салық төлеушінің куәлігі (нотариалды куәландырылған көшірмелері), заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттар;
3) балық өсіру ұйымында есептік нөмірінің бар болуы туралы анықтама;
4) балық өсіру ұйымының техникалық параметрлері (тоғанның қоры немесе сумен жабдықтаудың тұйық қондырғысы, инкубациялық цех, балық өсіру жабдығы) көрсетілген аңықтама;
5) өткен жылы өсірілген және өткізілген тауарлы балық өнімі туралы мәліметтер көрсетілген балық аулау мен акваөсіру туралы "1-балық" статистикалық нысан бойынша есептің көшірмесі;
6) құрамажем және (немесе) балық өсіру материалын сатып алуға ниет ету шарты.
10. Құжаттарды толық тапсырмау фактілері анықталған жағдайда, Басқарма өтінімді алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде балық өсіру ұйымына жазбаша түрде өтінімді қабылдаудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
11. Басқарма қабылданған өтінімдер бойынша материалдар мен бюджеттік субсидиялар алуға үміткерлердің тізімін қалыптастырады және оларды үш жұмыс күні ішінде Комиссияның қарауына жібереді.
12. Комиссия Басқарма ұсынған материалдарды және бюджеттік субсидиялар алуға үміткерлердің тізімін үш жұмыс күні ішінде қарайды және қарау нәтижелері бойынша балық өсіру ұйымдары бөлінісінде жылдық субсидиялау көлемімен қоса бюджеттік субсидиялар алушылардың жиынтық тізімін жасайды.
13. Басқарма Комиссияның хаттамалық шешімінің негізінде бюджеттік субсидиялар бөлу туралы шешімнің жобасын дайындайды және облыс әкіміне бекітуге жібереді.
14. Облыс әкімі бюджеттік субсидиялар алушылардың жиынтық тізімін бекітеді.
15. Бюджеттік субсидиялар алуға арналған жиынтық тізімге қосылған балық өсіру ұйымдары Басқармаға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) құрамажем және балық өсіру материалын сатып алуға арналған сатып алу-сату шарты және төлем құжаттарының көшірмелері (банктің төлем құжаты және (немесе) қолма-қол есеп айырысқан жағдайда кіріс-кассалық ордер немесе шот-фактура);
2) құрамажем сатып алуға бюджеттік субсидиялар алатын балық өсіру ұйымдары үшін тауарлы балық өнімдерін өткізгенін растайтын құжаттардың көшірмелері (сатып алу-сату шарты, шот-фактура, жүкқұжат, кіріс-кассалық ордер және (немесе) банктің төлем құжаты, ветеринариялық анықтама);
Бюджеттік субсидиялардың мөлшерін анықтау кезінде пайдаланылатын 1 (бір) килограмм тауарлы балық өнімін өндіруге жұмсалатын құрамажемнің шығыс нормативі осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес белгіленеді;
3) балық өсіру материалын сатып алуға бюджеттік субсидиялар алатын балық өсіру ұйымдары үшін балық өсіру материалын тоғандарға, бассейндерге немесе инкубациялық аппараттарға шығару және (немесе) жіберу актісі (аумақтық бөлімшенің өкілі қол қойған).
16. Бюджеттік субсидиялардың:
1) балық өсіру ұйымдары сатып алған құрамажемнің бір килограмы үшін төленетін мөлшері осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес айқындалады;
2) балық өсіру ұйымдары сатып алған балық өсіру материалының бір данасы үшін төленетін мөлшері осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес айқындалады.
17. Басқарма бес жұмыс күні ішінде бюджеттік субсидиялар алуға арналған жиынтық тізімге қосылған балық өсіру ұйымдары ұсынған құжаттарды тексереді және белгіленген квота шегінде және бюджеттік субсидиялар алушылардың бекітілген жиынтық тізімі негізінде тиесілі бюджеттік субсидиялар туралы жиынтық ведомость жасайды.
18. Басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес қазынашылықтың аумақтық бөлімшелеріне екі данада шоттарды қоса беріп, төлем шотын беру жолымен тиесілі бюджеттік субсидияларды балық өсіру ұйымдарының ағымдағы шоттарына аударады.
19. Қандай да бір облыс бөлінген қаражатты толығымен игермеген жағдайда, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметіне 2011 жылға арналған республикалық бюджетте бюджеттік бағдарламаны іске асыруға көзделген қаражат шегінде бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қаражатты облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
Облыстық бюджеттердің тауарлы балық өсірудің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасына 1-қосымша |
____________ облысының әкімдігі
Бюджеттік субсидиялар алуға арналған өтінім
1. __________________________________________ негізінде әрекет ететін
(құрылтай құжаты)
____________________________________________ балық өсіру ұйымы атынан
(атауы)
_____________________________________________________________ басшысы
(аты-жөні, лауазымы)
_____________________________________________________________________
(субсидиялаудың бағыты және көлемі)
_______________________________ бюджеттік субсидиялар бөлуді сұрайды.
2. Пайдалану мақсатының қысқаша сипаттамасы: ________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Заңды мекенжайы және банктік деректемелері
______________________________________________
(пошталық мекенжайы)
______________________________________________
(банктік деректемелері)
______________________________________________
(басшының Т.А.Ә., қолы)
М.О.
Облыстық бюджеттердің тауарлы балық өсірудің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасына 2-қосымша |
1 (бір) килограмм тауарлы балық өнімін өндіруге
жұмсалатын құрамажемнің шығыс нормативі
Р/с № | Тауарлы балық өнімінің түрлері | 1 (бір) килограмм тауарлы балық өнімін өндіруге жұмсалатын құрамажемнің шығыс мөлшері, килограмм |
1. | Тұқы тұқымдастар | 4,7 |
2. | Албырт тұқымдастар | 2 |
3. | Бекіре тұкымдастар | 2 |
Облыстық бюджеттердің тауарлы балық өсірудің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасына 3-қосымша |
Балық өсіру ұйымдары сатып алған 1 (бір) килограмм құрамажем
үшін төленетін бюджеттік субсидиялардың мөлшері
Балық түрлері | Құрамажемнің 1 (бір) килограмм үшін бағасы, теңгемен | Құрамажемнің 1 (бір) килограмы үшін төленетін бюджеттік субсидиялардың көлемі, теңгемен |
Тұқы тұқымдастар | 60 | 30 |
Албырт тұқымдастар | 500 | 250 |
Бекіре тұқымдастар | 500 | 250 |
Облыстық бюджеттердің тауарлы балық өсірудің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға 2011 жылғы республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидасына 4-қосымша |
Балық өсіру ұйымдары сатып алған балық өсіру материалының
1 (бір) данасы үшін төленетін бюджеттік субсидиялардың мөлшері
Балық түрлері | Балық өсіру материалының 1 (бір) данасы үшін бағасы, теңгемен | Балық өсіру материалының 1 (бір) данасы үшін төленетін бюджеттік субсидиялардың көлемі, теңгемен |
Тұқы тұқымдастар: | ||
• 3 күндік дернәсілдер | 0,15 | 0,075 |
• 15-25 грамдық жазғы шабақтар | 15 | 7,5 |
• 25-30 грамдық 1 жылға толған балықтар | 20 | 10 |
Албырт тұқымдастар: | ||
• Ұрықтандырылған уылдырық | 4 | 2 |
• 3 күндік дернәсілдер | 10 | 5 |
• 15-25 грамдық жазғы шабақтар | 100 | 50 |
Бекіре тұқымдастар: | ||
• Ұрықтандырылған уылдырық | 9 | 4,5 |
• 3 күндік дернәсілдер | 12 | 6 |
• 15-25 грамдық жазғы шабақтар | 290 | 145 |