Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен бұйымдардың, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 317 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 желтоқсандағы № 1128 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.12.2023 № 1128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 60) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен бұйымдардың, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3 Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 317 қаулысымен
бекітілген

Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен бұйымдардың, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесі

      1. Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен бұйымдардың, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесі тасымалдау кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығына, ұшу немесе мүлік қауіпсіздігіне зиян келтіретін немесе қауіп төндіретін қауіпті заттар мен бұйымдарды, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерін азаматтық әуе кемелерінің бортына алып кіруді болдырмау мақсатында нұсқаулық материал ретінде пайдалануға арналған.

      2. Қол жүгінде және багажда тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен бұйымдар:

      1) жарғыш және өзге де өлімге ұшырататын құрылғылар, құрамында жарылғыш заттар мен бұйымдар, құрамында сондайлары барлар, оның ішінде:

      саны мен орамасына қарамастан, дәрілердің барлық түрлері;

      гранаталар, миналар және жарақтардың барлық түрлері;

      аңшы капсюльдері (пистондары) және тұтандырғыш капсюльдер;

      пиротехникалық құралдар, оның ішінде петардаларды, бенгальдық оттарды, хлопушкаларды және ойыншық тапаншаларға арналған пистондарды, орнатылатын шашкаларды, түтінді оқтарды (шашкаларды) қоса алғанда, жарық бергіш ракеталардың кез келген түрі;

      динамит, тол, аммонал, тротил және өзге де жарылғыш заттар;

      капсюльдер, тұтандырғыштар, электр тұтандырғыштары, тұтандыратын электр тұтанғыштар және от өткізуші баулар;

      2) радиоактивті заттар;

      3) "Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес есірткі заттар;

      4) қысылған және сұйытылған газдар, оның ішінде тұрмыста пайдаланылатын газдар, мыналарды:

      медициналық мақсатта пайдаланылатын, жолаушының денсаулығын қолдау үшін қажетті көлем шегіндегі оттегісі бар аэрозольдар және баллондар, жасанды кол-аяқтарды (протездерді) әрекетке келтіруге арналған қос тотықты көміртегі бар баллондар - дәрілік препараттарды;

      өздігінен үрленетін құтқару кеудешелеріне арналған қос тотықты көміртегі бар баллондарды қоспағанда, аэрозольдардың барлық түрлері;

      5. тез тұтанғыш сұйықтықтар мен заттар, оның ішінде ацетон, бензин, мұнай өнімдерінің сынамалары, метанол, метил эфирі, тежегіш сұйықтығы, күкірткөміртек, эфирлер және өзге де жеңіл тұтанатын сұйықтықтар, оның ішінде көлемі бойынша құрамында 70 %-дан артық алкоголі (күштілігі 140 %) бар алкогольді ішімдіктер;

      6. тұтанғыш қатты заттар - оларға су тию әсерінен өздігінен тұтануы және өртенуі мүмкін жылу және жанғыш газдар шығаратын заттар:

      калий, натрий, металл кальциі және олардың құймасы;

      ақ, сары, қызыл фосфор, тұтанатын қатты заттар санатына жататын өзге де заттар;

      органикалық тотық;

      коллоидті нитроцеллюлоза;

      7) улы және уландырғыш заттар:

      кез келген улы, қатты әсер ететін және уландыратын сұйық немесе қатты күйдегі заттар, кез келген ыдысқа оралған: бруцин, никотин, стрихинин, тетрагидрофурфурилді спирт, антифриз, этиленгликоль, сынап, синильді қышқылдың барлық тұздары және цианды препараттар, циклон, циан құймасы, мышьяк ангидриді және өзге де қатты әсер ететін улы және уландыратын заттар;

      8) жұқпалы немесе биологиялық қауіпті материалдар, олардан тұратын заттар және бұйымдар;

      9) күйдіретін және тоттанатын заттар:

      органикалық емес қышқылдар, оның ішінде тұз, күкірт, азот және өзге де қышқылдар;

      фторлы-сутекті (плазикті) қышқыл және өзге де күшті қышқылдар және тоттанатын заттар.

      3. Қол жүгінде және багаж бөлігінде тасымалдауға тыйым салынған жолаушылар үшін қолжетімді қауіпті заттар мен бұйымдар:

      1) атыс (қол жауынгерлік ату, азаматтық және қызметтік) қаруының барлық түрлері, әрекеті электр қуаты, радиоактивті сәулелену және биологиялық факторларды пайдалануға негізделген қарулар; лақтыратын, электрлік, механикалық қару, оның ішінде ойық ұңғылы, тегіс ұңғылы, аралас, ұңғысыз, газды оқ дәрімен атылатын қару, пневматикалық сигнал беру және жаттығу қаруы, атыс қаруының бөлшектері (телескоптық көздеу құрылғыларын және көздеуішті қоспағанда); басқа заттарды имитациялайтын нысаны бар қарулар, сондай-ақ бекітуге арналған өнеркәсіптік тапаншалар, садақтар, арбалеттер, гарпундық мылтықтар және су астында аулауға арналған мылтықтар, атыс қаруы түріндегі оттықтар, сигнал беру ракетницалары, старт беру тапаншалары, уақытша жансыздандыру, естен тандыру және электрмен соғу әрекеті бар құрылғылар, керме ағаштар, сондай-ақ жоғарыда көрсетілгендерді имитациялайтын барлық көшірмелер мен бұйымдар (оның ішінде ойыншық түріндегі);

      2) түйрегіш және кесетін қару, соғу-бытырату әрекеті бар заттар және ұшталған бұйымдар, сондай-ақ оларды имитациялайтын заттар:

      қылыштар, үлкен пышақтар, наркескендер, палаштар, семсерлер, мачетелер, сапылар, найзалар, қанжарлар, кездіктер, стилеттер, кастеттер, кистендер, өзге де жүзді қарулар және пышақтың кез келген түрлері - оның ішінде техникалық және шаруашылық-тұрмыстық, балталар, жебе және жебе түріндегі зақымдайтын элементтер, оның ішінде лақтыратын жұлдызшалар, темір ілгектер, гарпундар, мұз шапқыштар, ұшталған металл ұштары бар сүйенетін таяқшалар, конькилер, пышақтар, скальпельдер, қауіпті ұстаралар, жүзінің ұзындығы 3 см артық қайшылар (басы өтпейтін немесе домалақталған, жүзінің ұзындығы 3 см кем қайшылар тасымалдауға жіберіледі), шаңғы таяқтары және жүруге/жаяу туризмге арналған таяқтар, өзге де тұрмыстық және өндірістік мақсаттағы түйрегіш және кесетін нәрселер, оның ішінде кез келген материалдан жасалған, әлеуетті кару ретінде пайдалануға арналған барынша берік заттар, сондай-ақ оларды елестететін көшірмелер және нәрселер (оның ішінде ойыншық түріндегі). Жолаушыларға және экипаж мүшелеріне шабуыл жасау үшін пайдаланылуы мүмкін заттар, оның ішінде: түйрегіш немесе кесетін зат ретінде пайдаланылуы мүмкін бәрбілер және бұрғылар, аралардың барлық түрлері, бұрауыштар, монтировкалар, балғалар, атауыздар, сомын/иінтірек кілттері, дәнекерлегіш құрылғылар сияқты слесарлық-токарьлық және жұмыс құралдары;

      3) атыс және газды қаруларға оқ-дәрілер, оның ішінде жауынгерлік оқтар, жарық дыбыстық, жарақаттық әрекеті бар, жалған, жарақталған аңшы оқтары;

      4) өтпейтін ұштары бар бұйымдар: бейсбол, софтбол, крокет, поло ойындарына арналған соғу таяқтары, бильярд, снукер және пул ойындарына арналған киилер; тоқпақтардың (қатты немесе иілгіш) барлық түрлері және қоян-қолтық ұрыс құралдары; аулар, гольф ойынына және өзге де спорттық ойындарға арналған имек таяқтар; ескектер, оның ішінде байдаркаларға және каноэға, скейтбордтарга арналған;

      1)-3) тармақшаларға ескертпе:

      мемлекеттік органдардың жекелеген санаттағы қызметкерлерінің қаруды және оқ-дәрілерді, сондай-ақ өзге тұлғалардың азаматтық, спорттық, аңшылық қаруларды (жолаушы әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған газды қаруларға оқ-дәрілерден басқа) тасымалдау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы қару мен оның патрондары айналымының ережесінде көзделген;

      5) "Азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғауға арналған қауіпсіздік жөніндегі басшылық, ИКАО, 6-басылым, 2002 жыл "Қауіпті жүктер" 24-қосымшасына "А" толықтыруда анықталатын шектеулерге сәйкес құрғақ мұз; жүрек бұлшық еттерін ширататын немесе адам денесінде бар радиоактивті изотоптар және радиоактивті фармацевтикалық препараттар негізіндегі өзге де құрылғылар; ауруларды тасымалдауға арналған итергіш-кресло немесе аккумуляторлы батареялары бар басқа жылжымалы құралдар; газ және оларды толтыруға арналған газды элементтері бар шаш бұйралауға арналған ұстағыштар; сынапты барометрлер немесе термометрлер, медициналық немесе клиникалық термометрлер.

      4. Қол жүгінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен бұйымдар: сыйымдылығы 100 мл астам контейнердегі сұйықтықтар.

      Ұшу уақытына қажетті мөлшердегі дәрілік препараттар, балалар тағамы мен арнайы диеталық қажеттіліктер, сондай-ақ әуежайда бажсыз сауда дүкендерінен немесе әуе кемесінің бортынан сатып алынған, ұшу кезінде пакеттің ішіндегіге рұқсатты көзбен шолып сәйкестендіруді қамтамасыз ететін, онда бұл сатып алу сапарға шығатын күні (күндері) әуежайдағы бажсыз сауда дүкендерінен немесе әуе кемесінің бортынан жүргізілгендігін анық растайтын (сатып алған тауардың чегі), берік мөрленген (пломбаланған) пластиктік пакетке оралған сұйықтықтар тасымалдау бойынша ерекшелікке ие болады.

      5. Зауыттық орамасы, тиісті техникалық паспорты және сертификаты жоқ белгісіз құрамдағы заттар және сұйықтықтар.

On approval of the List of hazardous substances and items, as well as all types of drugs prohibited for passengers to be transported by civilian aircraft

the Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan No. 317 dated March 31, 2011. Abolished by the Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated December 15, 2023 No. 1128

      Unofficial translation

      Footnote. Abolished by the Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated December 15, 2023 No. 1128 (effective ten calendar days after the date of its first official publication).

      In accordance with Subparagraph 60) of Article 13 of the Law of the Republic of Kazakhstan dated July 15, 2010 "On use of airspace of the Republic of Kazakhstan and aviation activities", the Government of the Republic of Kazakhstan hereby DECREES AS FOLLOWS:

      1. Approve the attached List of hazardous substances and items, as well as all types of drugs prohibited for passengers to be transported by civilian aircraft.

      2. The Ministry of Transport and Communications of the Republic of Kazakhstan shall take measures arising from this Decree.

      3. This Decree shall be enforced upon expiry of ten calendar days after the first official publication.

      The Prime Minister of the Republic of Kazakhstan K. Massimov

  Approved by
the Decree of the Government of
the Republic of Kazakhstan
No. 317 dated March 31, 2011

List of hazardous substances and items,
as well as all types of drugs prohibited for passengers
to be transported by civilian aircraft

      1. The list of hazardous substances and items, as well as all types of drugs prohibited for passengers to be transported by civilian aircraft shall be intended to be used as instructional material to prevent the transport of dangerous substances and subjects that can cause harm to or on board civilian aircraft create a threat to the life and health of people, flight safety or property, as well as all types of drugs.

      2. Dangerous substances and items prohibited for transportation in cabin bag and baggage:

      1) explosive and other deadly devices, explosives and items containing them, including:

      all types of gunpowder, regardless of quantity and packaging;

      grenades, mines and shells of all types;

      hunting caps (pistons) and detonator caps;

      pyrotechnic means, including lighting missiles of any kind, including firecrackers, sparklers, crackers and pistons for toy pistols, landing bombs, smoke cartridges (checkers);

      dynamite, trinitrotoluol, ammonal, TNT and other explosives;

      capsules, detonators, electric detonators, electric igniters, detonating and fire-resistant cords;

      2) radioactive substances;

      3) narcotic substances in accordance with the Law of the Republic of Kazakhstan dated July 10, 1998 "On Narcotic Drugs, Psychotropic Substances, Precursors and Measures to Combat Their Illicit Trafficking and Abuse";

      4) compressed and liquefied gases, including gases for household use, all types of aerosols with the exception of:

      medicinal products - aerosols and oxygen cylinders used for medical purposes, to the extent necessary to maintain the health of passenger; carbon dioxide cylinders for actuating artificial limbs (prostheses);

      carbon dioxide cylinders for self-inflating lifejackets;

      5) flammable liquids and substances, including acetone, gasoline, petroleum samples, methanol, methyl ether, brake fluid, carbon disulfide, esters and other flammable liquids, including alcoholic beverages with an alcohol content of more than 70% by volume (140% strength);

      6) flammable solids - substances that, from the action of water on them, emit heat and combustible gases, which can cause self-ignition and fire:

      potassium, sodium, calcium metal and their alloys;

      phosphorus white, yellow, red, other substances belonging to the category of flammable solids;

      organic peroxides;

      colloidal nitrocellulose;

      7) toxic and poisonous substances:

      any poisonous, potent and toxic substances in liquid or solid state, packed in any container: brucin, nicotine, strychnine, tetrahydrofurfuryl alcohol, antifreeze, ethylene glycol, mercury, all hydrocyanic salts and cyanide preparations, cyclone, cyanide, arsenic anhydride and other potent and toxic substances;

      8) infectious or biologically hazardous materials, substances and items containing them;

      9) caustic and corrosive substances:

      inorganic acids, including hydrochloric, sulfuric, nitric and other acids;

      hydrogen fluoride (hydrofluoric) acid and other strong acids and corrosive substances.

      3. Dangerous substances and items prohibited for transportation in cabin bag and luggage compartment accessible to passengers:

      1) all types of firearms (military small arms; civil and service), weapons whose operation is based on the use of electrical energy, radioactive radiation and biological factors; throwing, electric, mechanical weapons, including firearms with a rifled barrel, smoothbore, combined, barrelless, gas, pneumatic signal and training weapons, details of firearms (excluding telescopic sighting system and sights); weapons having a shape that imitates other objects, as well as industrial pistols for fasteners, bows, crossbows, spear guns and spear guns, firearms lighters, flare guns, starting pistols, devices for temporary destruction, shock and electric shock, slingshots, as well as all copies and items imitating the above (including in the form of toys);

      2) stabbing and cutting weapons, impact-crushing action items and pointed items, as well as items imitating them: checkers, sabers, hatchets, scimitars, broadswords, swords, machetes, small swords, bayonets, draggerlike, daggers, stilettos, brass knuckles, knees, other bladed weapons and any kind of knives - including technical and household, axes, arrows and arrow-shaped striking elements, including throwing stars, grapnels, harpoons, ice axes, canes with pointed metal ends, skates, knives, scalpels, dangerous razors, scissors with longer blades more than 3 cm (scissors with blunt or rounded ends with blade lengths less than 3 cm shall be allowed to be transported), ski poles and poles for walking/hiking, other piercing and cutting items for household and industrial purposes, including items made from any material, strong enough to be used as potential weapons, as well as copies and imitating items (including in the form of toys). Items that can be used to attack passengers and crew, including: turning and working tools that can be used as a piercing or cutting item, such as drills and bores, all kinds of saws, screwdrivers, mounts, hammers, pliers, wrenches/levers, soldering equipment;

      3) ammunition for firearms and gas weapons, including live ammunition, light-sound, traumatic cartridges, single, equipped hunting cartridges;

      4) items with blunt ends: bats for playing baseball, softball, croquet, polo; pool cues for billiards, snooker and pool; all types of batons (solid or flexible) and hand-to-hand combat; fishing rods; golf clubs and other sports clubs; oars, including for kayaking and canoeing, skateboards.

      Note to Subparagraphs 1) -3):

      the procedure for transporting weapons and ammunition by certain categories of employees of state authorities, as well as civil, sporting, hunting weapons by other persons (except for ammunition for gas weapons prohibited for transportation on passenger aircraft) shall be provided by the Rules for circulation of weapons and ammunition in it in the Republic of Kazakhstan approved by the Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan No. 1176 dated August 3, 2000;

      5) carbonic ice; cardiac muscle stimulants or other devices on radioactive isotopes and radioactive pharmaceutical preparations contained in the human body; chair - wheelchairs for transporting patients or other mobile means containing batteries; hair curlers containing gas and gas refueling elements to them; mercury barometers or thermometers, medical or clinical thermometers in accordance with the restrictions defined by Appendix A "to Appendix 24" Dangerous Goods "of the Safety Guide for Protection of Civil Aviation from Acts of Unlawful Interference", edition - 6, 2002, ICAO.

      4. Dangerous substances and items prohibited for transportation in cabin bag: liquids in containers with a capacity of more than 100 ml.

      The exceptions for transportation shall be medicines, baby food and special dietary requirements in the amount needed during the flight, as well as liquids purchased in duty-free shops at the airport or on board the aircraft, packaged in a securely unopened (sealed) plastic bag providing visual identification of access to the contents of package during the flight (check for the purchased goods), with a reliable confirmation that this purchase was made at the airport duty-free shops or on board aircraft on the day (days) of travel.

      5. Substances and liquids of unknown composition not having factory packaging, the corresponding technical passport and certificate.