Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 167-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2011 жылы байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 7 сәуірдегі
№ 388 қаулысымен
бекітілген
2011 жылы байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесі
Р/с |
Жобаның атауы |
Донор |
Орындаушы агенттік |
Іске асыру кезеңі (жылдар) |
Жобаның жалпы құны (мың теңге) |
Грант сомасы (мың теңге) |
Мемлекеттік бюджеттен грантты қайта қаржыландыру сомасы (мың теңге) |
1 |
Өңірлік жоспарлауға және халыққа әлеуметтік қызметтер көрсетуге инновациялық тәсілдер енгізу арқылы өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру (бұрынғы Семей өңірінің мысалында) |
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы |
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі |
2011-2015 |
1747704,750 |
275250 |
1472454,750 |
2 |
Тікелей шетел инвестицияларының шағын және орта бизнесті дамытуға қатысуы |
Еуропа Одағы Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымымен бірлесе отырып (ЭЫДҮ) |
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі |
2011-2014 |
1260000 |
840000 |
420000 |
3 |
Мемлекеттік сектор реформасы арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру |
Еуропа Одағы Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымымен бірлесе отырып (ЭЫДҮ) |
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі |
2011-2014 |
735000 |
630000 |
105000 |