2011 жылы байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 388 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 167-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2011 жылы байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 7 сәуірдегі
№ 388 қаулысымен   
бекітілген      

2011 жылы байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесі

Р/с

Жобаның атауы

Донор

Орындаушы агенттік

Іске асыру кезеңі (жылдар)

Жобаның жалпы құны (мың теңге)

Грант сомасы (мың теңге)

Мемлекеттік бюджеттен грантты қайта қаржыландыру сомасы (мың теңге)

1

Өңірлік жоспарлауға және халыққа әлеуметтік қызметтер көрсетуге инновациялық тәсілдер енгізу арқылы өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру (бұрынғы Семей өңірінің мысалында)

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

2011-2015

1747704,750

275250

1472454,750

2

Тікелей шетел инвестицияларының шағын және орта бизнесті дамытуға қатысуы

Еуропа Одағы Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымымен бірлесе отырып (ЭЫДҮ)

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

2011-2014

1260000

840000

420000

3

Мемлекеттік сектор реформасы арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыру

Еуропа Одағы Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымымен бірлесе отырып (ЭЫДҮ)

Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі

2011-2014

735000

630000

105000

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады