Кең таралған пайдалы қазбалардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 397 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 675 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 675 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 8) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған кең таралған пайдалы қазбалардың тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері кең таралған пайдалы қазбаларды коммерциялық мақсатта барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге келісімшарттар дайындау және жасасу кезінде тізбені басшылыққа алсын.
      3. «Кең таралған пайдалы қазбалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 27 мамырдағы № 645 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 24, 203-құжат).
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 7 сәуірдегі
№ 397 қаулысымен  
бекітілген     

Кең таралған пайдалы қазбалардың тізбесі

      1. Металлургияға арналған кенге жатпайтын шикізат:
      қалыптық құм;
      құрамында сазды топырағы бар жыныстар (далалық шпат, пегматит);
      әктас, доломит, әктасты-доломитті жыныстар, тамақ өнеркәсібіне арналған әктас.
      2. Кенге жатпайтын басқа шикізат:
      отқа төзімді саз;
      каолин;
      вермикулит;
      ас тұзы.
      3. Жергілікті құрылыс материалдары:
      вулкандық кеуек жыныстар (туфтар, шлактар, пемзалар);
      құрамында суы бар вулкандық шыны мен шыны тәріздес жыныстар (перлит, обсидиан);
      ұсақ жұмыр тас пен қиыршық тас, қиыршық тас-құм қоспасы;
      гипс, гипсті тас, ангидрит, гажа;
      саз және сазды жыныстар (баяу балқитын және тез балқитын саз, суглинка, аргиллит, алевролит, сазды тақта тастар);
      бор, мергель, мергельді-бор жыныстары;
      кремний жыныстары (трепел, опока, диатомит);
      кварцты-дала шпатты жыныстар;
      шой тас;
      шөгінді, атқылаудан кейінгі және метаморфалық жыныстар (гранит, базальт, диабаз, мәрмәр);
      қалыптықтан басқа құм (құрылыс, кварц, кварцты-дала шпаты);
      құм тас;
      табиғи пигменттер;
      ұлутас.

Об утверждении перечня общераспространенных полезных ископаемых

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 апреля 2011 года № 397. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 августа 2015 года № 675

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 28.08.2015 № 675 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях реализации подпункта 8) статьи 16 Закона Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемый перечень общераспространенных полезных ископаемых (далее - перечень).
      2. Акимам областей, городов Астаны и Алматы при подготовке и заключении контрактов на разведку, добычу, совмещенную разведку и добычу общераспространенных полезных ископаемых в коммерческих целях руководствоваться перечнем.
      3. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1996 года № 645 "Об утверждении Перечня общераспространенных полезных ископаемых" (САПП Республики Казахстан, 1996 г., № 24, ст. 203).
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утвержден         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 7 апреля 2011 года № 397

Перечень
общераспространенных полезных ископаемых

      1. Нерудное сырье для металлургии:
      формовочный песок;
      глиноземсодержашие породы (полевой шпат, пегматит);
      известняк, доломит, известняково-доломитовые породы, известняк для пищевой промышленности.
      2. Прочее нерудное сырье:
      огнеупорная глина;
      каолин;
      вермикулит;
      соль поваренная.
      3. Местные строительные материалы:
      вулканические пористые породы (туфы, шлаки, пемзы);
      вулканические водосодержащие стекла и стекловидные породы (перлит, обсидиан);
      галька и гравий, гравийно-песчаная смесь;
      гипс, гипсовый камень, ангидрит, гажа;
      глина и глинистые породы (тугоплавкая и легкоплавкая глина, суглинок, аргиллит, алевролит, глинистые сланцы);
      мел, мергель, мергельно-меловые породы;
      кремнистые породы (трепел, опоки, диатомит);
      кварцево-полевошпатовые породы;
      камень бутовый;
      осадочные, изверженные и метаморфические породы (гранит, базальт, диабаз, мрамор);
      песок (строительный, кварцевый, кварцево-полевошпатовый), кроме формовочного;
      песчаник;
      природные пигменты;
      ракушечник.