Кең таралған пайдалы қазбалардың Тiзбесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 мамырдағы N 645 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 397 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.07 № 397 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қаңтардағы N 2828 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: Z100291 қараңыз
      1. Кең таралған пайдалы қазбалардың тiзбесi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Облыстардың әкiмдерi кең таралған пайдалы қазбалардыкоммерциялық мақсатта өндiруге лицензия әзiрлеу және беру кезiндеаталған Тiзбенi басшылыққа алсын.
      3. Жер қойнауын пайдаланушылармен контракт жасау және орындаужөнiндегi құзыреттi органдар кең таралған пайдалы қазбалардыкоммерциялық мақсатта өндiруге контрактiлердi әзiрлеудi және оларғақол қою мен орындауды қамтамасыз етсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

                                              Қазақстан Республикасы
                                                     Үкiметiнiң
                                              1996 жылғы 27 мамырдағы
                                                  N 645 қаулысымен
                                                    бекiтiлген


                    Кең таралған пайдалы қазбалардың
                                 Тiзбесi

     Жанартаулық кеуектi жыныстар (туф, шлак, пемза)

     Жанартаулық құрамында су бар шынылар, шыны тәрiздес жыныстар

(перлит, обсидиан)

     Галька және гравий, гравийлi-құмды қоспа

     Құрамында глинозем бар жыныстар (далалық шпат, пегматит)

     Гипс, гипстi тас, ангидрит, гажа

     Құрамында жыныстар бар глинозем (отқа төзiмдi, балқуы қиын және

тез балқитын саздар, суглинка, аргиллиттер, алевролиттер, сазды тақта

тастар, каолин)

     Карбонатты жыныстар (iзбестi тас, доломиттер, әк тасты-доломиттi

жыныстар, бор, мергель, мергель-борлы жыныстар)

     Кремнийлi жыныстар (трепел, опока, диатомит)

     Кварцты-далалық шпатты жыныстар

     Бут тастар

     Тұнба, жанартау атқылаудан және метаморфалық жыныстар (гранит,

базальт, диабаз, мрамор)

     Құм (құрылыстық, кварцты, кварцты-далалық шпатты)

     Құмдақ

     Табиғи пигмент

     Ұлутас

     Ас тұзы





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады