Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» әуе қозғалысын басқару, ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудің жер үсті құралдары мен электр байланысын техникалық пайдалану бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» әуе қозғалысын басқару, ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудің жер үсті құралдары мен электр байланысын техникалық пайдалану бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Аэронавигациялық оқу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов