Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің "Қазаэронавигация" әуе қозғалысын басқару, ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудің жер үсті құралдары мен электр байланысын техникалық пайдалану бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 522 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» әуе қозғалысын басқару, ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудің жер үсті құралдары мен электр байланысын техникалық пайдалану бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің «Қазаэронавигация» әуе қозғалысын басқару, ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудің жер үсті құралдары мен электр байланысын техникалық пайдалану бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Аэронавигациялық оқу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады