Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 411 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
1-тармақтағы «жоюға байланысты» деген сөздерден кейін «бірінші кезектегі іс-шаралар жүргізуге және» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов