Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 411 Қаулысы

      «2011 - 2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер аумағында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне аудару үшін 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен 2011 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жоюға байланысты бірінші кезектегі іс-шаралар жүргізуге және халықтың тыныс тіршілігін қамтамасыз ету объектілерін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 870000000 (сегіз жүз жетпіс миллион) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
    Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.05.27 № 594 Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі растаушы құжаттарды ұсынуына қарай қаржыландыруды;
      2) бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      2-1. Мыналарға:
      1) Батыс Қазақстан облысының әкімдігін қоспағанда, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне заңнамада белгіленген тәртіппен Батыс Қазақстан облысындағы 2011 жылғы көктемгі су тасқыны салдарынан қираған тұрғын үйлерді, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіруге 2011 жылға арналған тиісті жергілікті бюджеттен 100000000 (жүз миллион) теңгеден Батыс Қазақстан облысының бюджетіне аудару;
      2) ұлттық компанияларға белгіленген тәртіппен Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне 2011 жылғы көктемгі су тасқыны салдарынан қираған тұрғын үйлерді, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру үшін материалдық көмек көрсету мүмкіндігін қарастыру ұсынылсын.
      Ескерту. Қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.18 № 420 Қаулысымен.
      3. Батыс Қазақстан облысының әкімі 2011 жылғы 10 қарашаға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуы жөнінде есеп берсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады