Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 маусымдағы № 634 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.11.2015 № 941 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 200 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 155 бірлескен бұйрығын қараңыз.


      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 51) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидасы бекітілсін.
      2. «Жер қойнауын пайдалану объектілерін тарату және консервациялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 53 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 23-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2011 жылғы 6 маусымдағы
№ 634 қаулысымен 
бекітілген   

Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау
қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді және тау-кен жұмыстарын дамытудың келісілген және бекітілген жоспарларына сәйкес таратылатын жер қойнауын пайдалану объектісінің технологиялық бірліктерін (түрлі мақсаттағы мұнай және газ ұңғымалары) қоспағанда, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге, барлауға және өндіруге, оның ішінде жер асты суларын, қатты пайдалы қазбалар, көмірсутегі шикізатын, кең таралған пайдалы қазбаларды, шипалы балшықтарды барлауға және өндіруге, сарқынды суларды төгу үшін жер қойнауын барлауға, сондай-ақ барлауға және (немесе) өндіруге байланысты емес жер асты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға байланысты жұмыстар жүргізілетін немесе жүргізілген жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау тәртібін айқындайды.
      2. Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) жер қойнауын пайдалану объектісін немесе оның бір бөлігін жою - жою жобасында көзделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге байланысты қызметтің салдарын жою жөніндегі іс-шаралар;
      2) жер қойнауын пайдалану объектісін немесе оның бір бөлігін консервациялау - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтату кезіндегі, сондай-ақ жобалау құжаттары мен жұмыс бағдарламасына сәйкес пайдалы қазбалар қорлары толық өңделген жағдайда консервациялау жөніндегі іс-шаралар.
      3. Жер қойнауын пайдалану объектілерін жоюды немесе консервациялауды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға мынадай талаптар қойылады:
      1) жер қойнауын пайдалану объектілерін жою немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізген кезде адамдардың қауіпсіз болуын қамтамасыз ету;
      2) консервацияланған объектілердің сақталуын қамтамасыз ету;
      3) ғимараттар мен құрылыстарды жер қойнауын пайдалану салдарының зиянды әсерінен (қозғалып кетуінен, құлауынан, көшкіндерден, су басудан, топырақтың отыруынан) қорғау;
      4) жер қойнауын пайдалану объектілерін жоюдың және консервациялаудың қоршаған ортаға әсерін бағалау жобасын оған міндетті түрде мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманың оң қорытындыларын қоса бере отырып әзірлеуді қамтитын экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
      5) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, оның ішінде Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын белгіленген тәртіппен әзірлеу және тіркеу;
      6) жер қойнауын пайдалану объектісін жою мен консервациялау жобасы бойынша қоршаған ортаға келтірілген залалдың салдарын жою.
      4. Жер қойнауын пайдалану объектілерін өзге шаруашылық мақсаттарда пайдалану үшін жер қойнауын пайдаланушы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына хабарлайды.
      5. Жою және консервациялау жобасы мынадай құжаттарды:
      1) жер қойнауын пайдалану объектісін тиісінше дайындау және тікелей жою немесе консервациялау жөніндегі мәселелер көрсетілетін түсіндірме жазбаны;
      2) осы жер қойнауын пайдалану объектісінің тау-кен немесе геологиялық бөлінуінің шегіндегі жер қойнауының іс жүзіндегі жай-күйін толық көрсететін геологиялық, маркшейдерлік және графикалық құжаттаманы;
      3) пайдалы қазбалар кен орындарының жер беті топографиялық жоспарларының, геологиялық картасының, бөліністерінің және көкжиек бойынша жоспарларының көшірмелерін;
      4) жойылатын немесе консервацияланатын жер қойнауын пайдалану объектілерін, сондай-ақ басқа да өндірістік объектілерді орналастыру схемасын қамтиды.
      Жою және консервациялау жобасы сонымен қатар мынадай іс-шараларды:
      1) халықтың және персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жер қойнауын және қоршаған ортаны, ғимараттар мен құрылыстарды қорғау жөніндегі, оның ішінде судың, газдың төгілуін, жер асты өрттерінің таралуын болдырмау жөніндегі;
      2) жер асты суларының ластануын болдырмау жөніндегі;
      3) персонал мен халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды;
      4) жер қойнауын пайдалану объектісін жоюдың немесе консервациялаудың қоршаған ортаға әсерін бағалауды;
      5) консервациялау кезеңінде консервацияланған жер қойнауын пайдалану объектісін санкцияланбаған пайдалануды және оған қол жеткізуді болдырмайтын шараларды қамтиды.

2. Жер қойнауын пайдалану объектісін жоюды және
консервациялауды жүргізу тәртібі

      6. Жер қойнауын пайдалану объектісін немесе оның бір бөлігін жою және консервациялау үшін жер қойнауын пайдаланушы құзыретті органға және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға жер қойнауын пайдалану объектілерін жою немесе консервациялау жөніндегі жұмыстардың басталуының және аяқталуының болжамды мерзімдерін көрсетіп, күтіліп отырған жоюдың немесе консервациялаудың қажеттілігі туралы жазбаша хабарламаны жолдайды.
      Хабарламаға мыналар қоса беріледі:
      1) жер қойнауын пайдалану объектілерін жоюдың немесе консервациялаудың қажеттілігін негіздейтін техникалық-экономикалық негіздеме және экономикалық есеп;
      2) пайдалы қазбалардың қалған өңделмеген, оның ішінде алдын ала қорғану және басқа да мақсаттардағы қорлары туралы, ілеспе өндірілген, уақытша пайдаланылмайтын пайдалы қазбалардың бар болуы, сондай-ақ пайдалы құрамдастары, зиянды және улы заттары бар және жоқ өндіріс қалдықтары (қалдық сақтауыштарда, үйінділерде) туралы мәліметтер;
      3) жер қойнауын пайдалану объектісін жоюдың немесе консервациялаудың белгіленген тәртіппен келісілген және бекітілген жобасы.
      Көрсетілген құжаттама пайдалы қазбалар қорларының іс жүзіндегі жай-күйі, жер қойнауын пайдалану объектісінің, жер бөлумен шектелген жер үстінің жай-күйі туралы толық ақпаратты көрсетуі тиіс.
      7. Жер қойнауын пайдалану объектілері қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге тиісінше лицензиясы бар, жобалау ұйымы әзірлеген жою немесе консервациялау жобасына сәйкес жойылады немесе консервацияланады.
      8. Жою және консервациялау жобасы әзірлеуге берілген тапсырма негізінде әзірленеді және оның құрамында жер учаскелерін шаруашылық айналымға тарту мақсатында осы жер учаскелерінің ерекшелігі мен пайдалану режиміне және жергілікті жағдайға байланысты оларды одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтіру жөнінде іс-шаралар жүргізілетін болады
      Жою немесе консервация жоспарында көзделетін жер қойнауын пайдалану объектілерін консервациялау мерзімдерін әрбір нақты жағдайда құзыретті органмен келісім бойынша жер қойнауын пайдаланушы белгілейді. Консервациядағы объектілер бойынша шаруашылық қызметіне жол бермеу жөніндегі шаралар жою және консервациялау жобасында айқындалады.
      Консервациядағы объектілер қоршалады және ол қоршауда консервацияланған объектінің аты және объектінің консервациялау күні көрсетілген тақта қойылады.
      9. Жою немесе консервациялау жобасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі, өнеркәсіптік қауіпсіздік, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдармен келісіледі және жобаны жобалау және іске асыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуді қаржыландыратын жер қойнауын пайдаланушы бекітеді.
      10. Объектіні жоюға немесе консервациялауға байланысты жұмыстарды қаржыландыру жою қоры қаражатының есебінен жүзеге асырылады.
      11. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар тоқтатылған кезде жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану объектісін жою немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды орындауға кіріседі. Өндіруді тоқтату туралы шұғыл шешім қабылдау қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдаланушы өндірістік объектілердің оларды жою немесе консервациялау басталғанға дейін сақталуын қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін өткізеді.
      12. Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу бекітілген жобаға толық сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
      13. Жер қойнауын пайдалану объектісін (немесе оның бір бөлігін) жою немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдау олардың аяқталуы бойынша құзыретті орган қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану, өнеркәсіптік қауіпсіздік, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдардың және облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының өкілдерінен құратын комиссия жүзеге асырады.
      14. Комиссия жою немесе консервациялау жобасында көзделген орындалған жұмыстардың толықтығы мен сапасын тікелей қарап шығудың және бағалаудың негізінде осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес жер қойнауын пайдалану объектісін жою немесе консервациялау жөніндегі жұмыстарды қабылдау актісін (бұдан әрі - қабылдау актісі) жасайды. Қабылдау актісіне мыналар қоса берілуі тиіс:
      1) жойылған немесе консервацияланған жер қойнауын пайдалану объектілерін және басқа өндірістік объектілерді орналастыру жоспарлары;
      2) жою немесе консервациялау жобасында көзделген іс жүзінде орындалған жұмыстардың тізбесі мен көлемі;
      3) жер қойнауын пайдалану объектісін немесе оның бір бөлігін жоюға немесе консервациялауға іс жүзінде жұмсалған шығындар туралы анықтама.
      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қабылдау актісін алғаннан кейін жұмыстар аяқталған сәтте геологиялық және маркшейдерлік және өзге құжаттама толықтырылады және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөніндегі уәкілетті органға белгіленген тәртіпппен сақтауға тапсырылады.
      Көрсетілген құжаттама пайдалы қазбалар кен орны қорларының қалдық жай-күйін және пайдаланылу дәрежесін, өндірістік объектілердің, осы жер үсті учаскесіндегі жер бедерінің жай-күйін толық көрсетуге тиіс.
      15. Жойылған және консервациядағы жер қойнауын пайдалану объектілерінің тізбесін осы Қағидаға 2, 3 - қосымшаларға сәйкес жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы уәкілетті орган жүргізеді.

Жер қойнауын пайдалану 
объектілерін жою және 
консервациялау қағидасына
1-қосымша     

Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою
(консервациялау) мақсатында орындалған жұмыстарды
қабылдау және бағалау
АКТІСІ

20___ жылғы « ___ » _______                                № ________
_____________________________________________________________________
(жер қойнауын пайдалану объектісінің немесе оның бір бөлігінің атауы)
_____________________________________________________________________
                  (комиссияны құрған органның атауы)
20____ жылғы « ____ » № ____________________ бұйрығымен тағайындалған
(комиссияның әрбір мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты және атқарып отырған лауазымы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
құрамындағы комиссия жойылған (консервацияланған) жер қойнауын пайдалану объектісін (объектінің бір бөлігін) қарап тексерді және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының және Жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау қағидасының, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану объектісін (объектінің бір бөлігін) жою (консервациялау) жобасының талаптарына сәйкес жер қойнауын пайдалану объектісін (объектінің бір бөлігін) жою (консервациялау) мақсатында жүзеге асырылған жұмыстардың толықтығы мен сапасын сипаттайтын барлық ұсынылған құжаттар мен материалдарды қарады.
Комиссияның шешімі: _________________________________________________
_____________________________________________________________________

      Актіге орындалған жұмыстардың толықтығы мен сапасын көрсететін графикалық материалдар, құжаттар мен анықтамалар, олар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар жүргізілген құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

Комиссия төрағасы:

Комиссия мүшелері:

Жер қойнауын пайдалану
объектілерін жою және
консервациялау қағидасына
2-қосымша

Жойылған жер қойнауын пайдалану объектілерінің тізбесі

Р/с

Жойылған жер қойнауын пайдалану объектісінің атауы, оның аумақтық орналасуы жер қойнауын пайдаланушы

Индексі

Жер қойнауын пайдалану объектісінің жойылған күні, қабылдау актісінің күні

Жер қойнауын пайдалану объектісін (оның бір бөлігін) жоюдың негізгі себептері)

Жою жобасын әзірлеген лицензиаттың атауы

Жер қойнауын пайдалану объектісін (оның бір бөлігін) жою туралы актіні бекіткен мемлекеттік органның атауы

Жою жөніндегі материалдар сақталатын өндірістік объектінің атауы

Тау-кен бөлу актісінің тізілімдік № және оның берілген күні

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10









Жер қойнауын пайдалану
объектілерін жою және 
консервациялау қағидасына
3-қосымша       

Консервацияланған жер қойнауын пайдалану объектілерінің тізбесі

Р/с

Консервацияланған объектінің атауы, оның аумақтық орналасуы жер қойнауын пайдаланушы

Индексі

Жер қойнауын пайдалану объектісінің Консервацияланған күні, қабылдау актісінің күні

Жер қойнауын пайдалану объектісін (оның бір бөлігін) Консервациялаудың негізгі себептері)

Консервация жобасын әзірлеген лицензиаттың атауы

Жер қойнауын пайдалану объектісін (оның бір бөлігін) консервациялау туралы актіні бекіткен мемлекеттік органның атауы

Консервациялау жөніндегі материалдар сақталатын өндірістік объектінің атауы

Тау-кен бөлу актісінің тізілімдік № және оның берілген күні

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











Об утверждении Правил ликвидации и консервации объектов недропользования

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 июня 2011 года № 634. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года № 941

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 24.11.2015 № 941 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ.
      В соответствии с Законом РК от 29.09.2014 г. № 239-V ЗРК по вопросам разграничения полномочий между уровнями государственного управления  см. совместный приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 200 и Министра энергетики Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 155.

      В соответствии с подпунктом 51) статьи 16 Закона Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила ликвидации и консервации объектов недропользования.
      2. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 23 января 2008 года № 53 "Об утверждении Правил ликвидации и консервации объектов недропользования" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 2, ст. 23).
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены                 
постановлением Правительства
Республики Казахстан       
от 6 июня 2011 года № 634  

Правила ликвидации и консервации объектов недропользования

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 24 июня 2010 года "О недрах и недропользовании" и определяют порядок ликвидации и консервации объектов недропользования, на которых проводятся или проводились работы, относящиеся к государственному геологическому изучению недр, разведке и добыче, в том числе разведке и добыче подземных вод, твердых полезных ископаемых, углеводородного сырья, общераспространенных полезных ископаемых, лечебных грязей, разведке недр для сброса сточных вод, а также строительству и (или) эксплуатации подземных сооружений, не связанные с разведкой и (или) добычей, за исключением технологических единиц объекта недропользования (нефтяные и газовые скважины различного назначения) ликвидируемые в соответствии с согласованными и утвержденными планами развития горных работ.
      2. В Правилах используются следующие понятия:
      1) ликвидация объекта недропользования или его части - мероприятия по ликвидации последствий деятельности, связанной с проведением операций по недропользованию, предусмотренные проектом ликвидации;
      2) консервация объекта недропользования или его части - мероприятия по консервации при прекращении операций по недропользованию, а также в случае полной отработки запасов полезных ископаемых в соответствии с проектным документами и рабочей программой.
      3. К недропользователям, осуществляющие ликвидацию или консервацию объектов недропользования, предъявляются следующие требования:
      1) обеспечение безопасного пребывания людей при проведении работ по ликвидации или консервации объектов недропользования;
      2) обеспечение сохранности законсервированных объектов;
      3) предохранение зданий и сооружений от вредного влияния последствий недропользования (сдвижений, обрушений, оползней, подтоплений, просадок грунта);
      4) обеспечение соблюдения экологических и санитарно-эпидемиологических требований, которые включают разработку документации оценки воздействия на окружающую среду ликвидации и консервации объектов недропользования с обязательным приложением к нему положительных заключений государственной экологической и санитарно-эпидемиологической экспертиз;
      5) обеспечение соблюдения требований промышленной безопасности, в том числе разработка и регистрация Декларации промышленной безопасности в установленном порядке;
      6) ликвидация последствий нанесенного ущерба окружающей среде по проекту ликвидации и консервации объекта недропользования.
      4. При ликвидации объектов недропользования недропользователь уведомляет местный исполнительный орган области, города республиканского значения и столицы для его использования в иных хозяйственных целях.
      5. Проект ликвидации и консервации включает следующие документы:
      1) пояснительную записку, в которой отражаются вопросы по соответствующей подготовке и непосредственной ликвидации или консервации объекта недропользования;
      2) геологическую, маркшейдерскую и графическую документацию, полностью отражающую фактическое состояние недр в пределах горного или геологического отвода данного объекта недропользования;
      3) копии топографических планов земной поверхности, геологической карты, разрезов и погоризонтных планов месторождения полезных ископаемых;
      4) схемы размещения ликвидируемых или консервируемых объектов недропользования, а также других производственных объектов.
      Проект ликвидации и консервации также включает следующие мероприятия:
      1) по обеспечению безопасности населения и персонала, охране недр и окружающей среды, зданий и сооружений, в том числе меры по предотвращению прорывов воды, газов, распространению подземных пожаров;
      2) по предотвращению загрязнения подземных вод;
      3) по обеспечению радиационной безопасности персонала и населения;
      4) оценку воздействия ликвидации или консервации объекта недропользования на окружающую среду;
      5) меры, исключающие на период консервации несанкционированное использование и доступ к законсервированным объектам недропользования.

2. Порядок проведения ликвидации и консервации
объекта недропользования

      6. Для ликвидации и консервации объекта недропользования или его части недропользователь направляет письменное уведомление о необходимости намечаемой ликвидации или консервации с указанием предполагаемых сроков начала и окончания работ по ликвидации или консервации объектов недропользования в компетентный орган и в уполномоченный орган в области охраны окружающей среды.
      К уведомлению прилагаются:
      1) технико-экономическое обоснование и экономический расчет, обосновывающий необходимость ликвидации или консервации объектов недропользования;
      2) сведения об оставшихся неотработанных запасах полезных ископаемых, в том числе в предохранительных и других целях, о наличии попутно добытых, временно не используемых полезных ископаемых, а также отходов производства (в хвостохранилишах, отвалах), содержащих и не содержащих полезные компоненты, вредные и ядовитые вещества;
      3) согласованный и утвержденный в установленном порядке проект ликвидации или консервации объекта недропользования.
      Указанная документация должна полностью отражать информацию о фактическом состоянии запасов полезных ископаемых, состоянии объекта недропользования, земной поверхности, ограниченной земельным отводом.
      7. Объекты недропользования ликвидируются или консервируются в соответствии с проектом ликвидации или консервации, разработанным проектной организацией, имеющей соответствующую лицензию на выполнение работ и оказание услуг в области охраны окружающей среды.
      8. Проект ликвидации и консервации разрабатывается на основании задания на разработку и в его составе будут приведены мероприятия по приведению земельных участков, занятых под объекты недропользования в состояние, пригодное для дальнейшего использования в целях вовлечения их в хозяйственный оборот в зависимости от направления особенностей и режима использования данных земельных участков и местных условий.
      Сроки консервации объектов недропользования в каждом конкретном случае устанавливаются недропользователем по согласованию с компетентным органом, которые предусматриваются в проекте ликвидации или консервации. По объектам, находящимся на консервации, меры по недопущению хозяйственной деятельности, определяются проектом ликвидации и консервации.
      Объект, находящийся на консервации, ограждается и на ограждении устанавливаются таблички с указанием названия консервируемого объекта и даты консервации объекта.
      9. Проект ликвидации или консервации согласовывается с уполномоченными органами в области охраны окружающей среды, по изучению и использованию недр, в области промышленной безопасности, обеспечения санитарно-эпидемиологического благополучия населения, по  земельным отношениям и утверждается недропользователем, финансирующим проведение работ по проектированию и реализации проекта.
      10. Финансирование работ, связанных с ликвидацией или консервацией объекта, осуществляется за счет средств ликвидационного фонда.
      11. При прекращении операций по недропользованию недропользователь приступает к выполнению работ по ликвидации или консервации объекта недропользования. В случае необходимости принятия экстренного решения о прекращении добычи, недропользователь проводит комплекс мероприятий, обеспечивающих сохранение производственных объектов до начала их ликвидации или консервации.
      12. Проведение работ по ликвидации или консервации объектов недропользования должно осуществляться в полном соответствии с утвержденным проектом.
      13. Приемка работ по ликвидации или консервации объекта недропользования (или его части) по их завершении осуществляется комиссией, создаваемой компетентным органом из представителей уполномоченных органов в области охраны окружающей среды, изучения и использования недр, промышленной безопасности, обеспечения санитарно-эпидемиологического благополучия населения, по земельным отношениям и местных исполнительных органов области, городов республиканского значения и столицы.
      14. Комиссия на основании непосредственного осмотра и оценки полноты и качества выполненных работ, предусмотренных проектом ликвидации или консервации, составляет акт приемки работ по ликвидации или консервации объекта недропользования (далее - акт приемки), согласно приложению 1 к настоящим Правилам.
      К акту приемки должны быть приложены:
      1) планы размещения ликвидированных или законсервированных объектов недропользования и других производственных объектов;
      2) перечень и объем фактически выполненных работ, предусмотренных проектом ликвидации или консервации;
      3) справка о фактически произведенных затратах на ликвидацию или консервацию объекта недропользования или его части.
      После получения акта приемки, утвержденного уполномоченным органом в области охраны окружающей среды, геологическая и маркшейдерская и иная документация пополняется на момент завершения работ и сдается в установленном порядке на хранение в уполномоченный орган по изучению и использованию недр.
      Указанная документация полностью отражает остаточное состояние запасов и степень использованности месторождения полезных ископаемых, состояние производственных объектов, рельефа на участке данной земной поверхности.
      15. Перечень ликвидированных и находящихся на консервации объектов недропользования ведется уполномоченным органом в области изучения и использования недр, согласно приложениям 23 к настоящим Правилам.

Приложение 1          
к Правилам ликвидации и
консервации объектов  
недропользования      

                                АКТ
      приемки и оценки работ, выполненных в целях ликвидации
              (консервации) объектов недропользования

      № _____                                "__" _________ 20__ года

_____________________________________________________________________
            (название объекта недропользования или его части)

Комиссия, назначенная приказом ______________________________________
                           (наименование органа, создавшего комиссию)
_____________________________________________________________________

от "__" _________ 20__ года № _____ в составе _______________________
_____________________________________________________________________
        (фамилия, имя, отчество и занимаемая должность каждого
                             члена комиссии)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________________________________________ произвела
осмотр ликвидированного (законсервированного) объекта
едропользования (части объекта) и рассмотрела все представленные
документы и материалы, характеризующие полноту и качество работ,
осуществленных в целях ликвидации (консервации) объекта
недропользования (части объекта) в соответствии с требованиями
законодательства Республики Казахстан о недрах и недропользовании и
Правил ликвидации и консервации объектов недропользования, а также
проекта ликвидации (консервации) объекта недропользования (части
объекта).
Решение комиссии: ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
      К акту прилагаются графические материалы, документы и справки,
иллюстрирующие полноту и качество выполненных работ, копии
правоустанавливающих документов, по которым проводились операции по
недропользованию.

Председатель комиссии:

Члены комиссии:

Приложение 2          
к Правилам ликвидации и
консервации объектов  
недропользования      

         Перечень ликвидированных объектов недропользования


п/п

Наимено-
вание
ликвиди-
рованного
объекта
недрополь-
зования,
его
террито-
риальное
располо-
жение,
недрополь-
зователь

Индекс

Дата
ликви-
дации
объекта
недро-
поль-
зования,
дата
акта
приемки

Основные
причины
ликви-
дации
объекта
недрополь-
зования
(его
части)

Наименова-
ние
лицензиата,
разработав-
шего проект
ликвидации

Наимено-
вание
госоргана, утвер-
дившего
акт о
ликвидации
объекта
недрополь-
зования
(его части)

Наиме-
нование
произ-
вод-
ствен-
ного
объек-
та, в
котором
хранят-
ся
мате-
риалы
по
ликви-
дации

Реес-
тровый №
горно-
отвод-
ного
акта
и дата
его
выдачи

При-
меча-
ние

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











Приложение 3          
к Правилам ликвидации и
консервации объектов  
недропользования      

      Перечень законсервированных объектов недропользования


п/п

Наимено-
вание
закон-
сервиро-
ванного
объекта,
его терри-
ториаль-
ное распо-
ложение,
недро-
пользо-
ватель

Индекс

Дата
ликви-
дации
объекта
недро-
пользова-
ния, дата
акта
приемки

Основные
причины
консер-
вации
объекта
недро-
пользова-
ния (его
части)

Наименова-
ние лицен-
зиата,
разработав-
шего
проект
ликвидации

Наимено-
вание
госоргана,
утвер-
дившего
акт о
консер-
вации
объекта
недрополь-
зования
(его части)

Наиме-
нование
произ-
вод-
ствен-
ного
объекта,
в
котором
хранят-
ся мате-
риалы
по кон-
сервации

Реестро-
вый №
горно-
отвод-
ного
акта и
дата его
выдачи

При-
меча-
ние

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10