«Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Кеуекті титанға, титан құймаларына және құймалардағы бастапқы магнийге баға белгілеу қағидасы (әдістемесі) бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 30 маусымдағы
№ 741 қаулысымен
бекітілген
Кеуекті титанға, титан құймаларына және құймалардағы
бастапқы магнийге баға белгілеу қағидасы (әдістемесі)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағида (әдістеме) көрсетілген тауарларды сатып алу-сату бойынша экспорттық мәмілелерді жасасу кезінде кеуекті титанға, титан құймаларына және құймалардағы бастапқы магний бойынша мәмілелер (өткізу) бағасын айқындау (есептеу) тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидада пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар
Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) МЕМСТ - Мемлекетаралық стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі кеңес қабылдаған «Кеуекті титан. Техникалық шарттар» МЕМСТ 17746-96 мемлекетаралық стандарты (1996 жылғы 12 сәуірдегі № 9 хаттама);
2) дифференциал - мәміле бағасын немесе ақпарат көзінен алынатын бағаны Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу заңнамасына сәйкес және осы Қағиданың 7-тарауының ережелерін ескере отырып, айқындалатын салыстырылмалы экономикалық жағдайларға сәйкес келтіру үшін қолданылатын түзету мөлшері;
3) ұзақ мерзімді келісімшарт - бір жылдан бастап екі жылға дейінгі мерзімге жасалған кеуекті титанды, титан құймаларын, құймалардағы бастапқы магнийді сатып алу-сату келісімшарты (шарты);
4) құймалардағы бастапқы магний - химиялық реагент ретінде және басқа да мақсаттарға қорытпаларды, магнийтермикалық процестер өндірісіне, шойынды десульфурациялауға арналған металл құймалардағы бастапқы магний;
5) сатып алушының ерекшелігі - титаннан жасалған бұйымдарды және оның қорытпаларын өндіру үшін титан-магний комбинатының өнімдерін пайдаланатын тұтынушылар бекітетін кеуекті титанның, титан құймаларының және құймалардағы бастапқы магнийдің беріктігіне және химиялық құрамына қойылатын талаптарды қамтитын құжат;
6) В 348-09 стандарты - барлық салалардың материалдары, өнімдері, жүйелері мен қызметтері үшін стандарттарды әзірлейтін және шығаратын «ASTM International» (Америкалық материалдар мен оларды сынау жөніндегі қоғам) американдық ерікті ұйымының халықаралық стандарты;
7) кеуекті титан - вакуумды-термикалық тазалау арқылы магнийтермикалық тәсілмен алынған және титан мен құрамында 95,0 мас.% кем емес мөлшерде титаны бар оның қорытпаларынан жасалған жартылай фабрикаттар өндіруге арналған бастапқы материал болып табылатын биологиялық және экологиялық залалсыз материал;
8) титан құймалары - титан негізіндегі не болмаса алюминий, ванадий, темір және басқа да қоспалар қосылған, пластикалық пішінін өзгерту (илектеу, соққылау, тығыздау), қайта қорыту немесе электролиз арқылы одан әрі қайта өңдеуге арналған құйылған металл әзірлемесі түріндегі макроскопиялық біртекті қоспа. Титанның пайыздық құрамына қарай коммерциялық таза титан құймалары мен титандық қорытпалары бөледі;
9) трейдер - дербес және (немесе) мәмілеге қатысушының тапсырмасы бойынша кеуекті титанды, титан құймаларын және құймалардағы бастапқы магнийді сатып алу-сату кезінде делдалдық функцияларды жүзеге асыратын адам;
10) ақпарат көзінен алынған баға - «Мегасофт» АҚБ «Металлургический бюллетень» журналында (Ресей ) және «Metal Prices.Com» компаниясы «Metal Prices» журналында (АҚШ) АҚШ долларымен жариялайтын баға;
11) мәміле бағасы - осы Қағиданың ережелеріне сәйкес есептелген кеуекті титанға, титан құймаларына, құймалардағы бастапқы магнийге титан-магний комбинатының өткізу бағасы;
12) баға дәлізі - ақпарат көзінен алынған бағалардың бірқатар ең төмен және ең жоғары мәндері негізінде ұзақ мерзімді келісімшарттарды жасасу кезінде мәмілеге қатысушылар белгілейтін бағалардың жоғары және төменгі шектері:
кеуекті титан және (немесе) құймалардағы бастапқы магний үшін - «Металлургический бюллетень» журналы, www.metaltorg.ru сайты (Ресей);
титан құймалары үшін - «Metal Prices» журналы, www.metalprices.com сайты (АҚШ).
3. Ұзақ мерзімді келісімшарттар үшін мәміле бағасын
айқындау кезінде баға дәлізін қолдану
Кеуекті титанды, титан құймаларын және құймалардағы бастапқы магнийді сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді келісімшарттары үшін мәміле қатысушылары келісімшарттың барлық қолдану мерзімі ішінде қолданылатын баға дәлізін белгілейді.
Баға дәлізінің жоғары және төменгі шектері ұзақ мерзімді келісімшарт жасалатын айдың алдындағы екі күнтізбелік айдың әрбір бірінші күніне тиісті ақпарат көзінде жарияланған бағалардың ең төменгі және ең жоғары мәндері және ұзақ мерзімді келісімшарт жасалатын айдың бірінші күніне жарияланған ақпарат көзінен алынған бағалар негізінде айқындалады.
Ұзақ мерзімді келісімшартты жасасу кезінде мәміле қатысушылары белгілеген баға дәлізі кеуекті титанға, титан құймаларына және құймалардағы бастапқы магнийге арналған меншік құқығының өту күніне мәміле бағасын айқындау үшін қолданылады.
Ақпарат көзінен алынған бағаның орташа арифметикалық мәні белгіленген баға дәлізінің жоғары шегінен ұлғаюы (артуы) жағына қарай ауытқыған кезде кеуекті титанға, титан құймаларына және құймалардағы бастапқы магнийге меншік құқығының өту күніне мәміле бағасы белгіленген баға дәлізінің жоғары шегінің негізінде есептеледі.
Ақпарат көзінен алынған бағаның орташа арифметикалық мәні белгіленген баға дәлізінің төменгі шегінен кему (азаю) жағына қарай ауытқыған кезде кеуекті титанға, титан құймаларына және құймалардағы бастапқы магнийге меншік құқығының өту күніне мәміле бағасы белгіленген баға дәлізінің төменгі шегінің негізінде есептеледі.
4. Кеуекті титанға арналған мәміле (өткізу) бағасын айқындау
тәртібі
Кеуекті титанды сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді келісімшарты үшін мәміле (өткізу) бағасы төмендегі формула бойынша есептеледі:
МБТі > АКБТі х КТі- /\,мұндағы
МБТі - сатып алушыға меншік құқығының өту күніне кеуекті титанға мәміле (сату) бағасы;
АКБТі - тауарға меншік құқығының сатып алушыға өтуі күніне ең жоғары және ең төменгі бағаның орташа арифметикалық мәні ретінде айқындалатын «Металлургический бюллетень» журналында жарияланған кеуекті титанға арналған ақпарат көзінен алынған баға төмендегі формула бойынша:
АКБМБ ең төменгі + АКБМБ ең жоғарғы
АКБТі = ----------------------------------------,мұндағы
2
АКБМБ ең төменгі - меншік құқығының сатып алушыға өтуі күніне «Металлургический бюллетень» журналында жарияланған, кеуекті титанға арналған ақпарат көзінен алынған бағаның ең төменгі мәні;
АКБМБ ең жоғарғы - меншік құқығының сатып алушыға өтуі күніне «Металлургический бюллетень» журналында жарияланған кеуекті титанға арналған ақпарат көзінен алынған бағаның ең жоғары мәні;
Бұл ретте АКБТ, бағалық дәліз шектерін және осы Қағиданың 3-тарауының ережелерін ескере отырып, қолданылады;
КТі - сатып алушының ерекшеліктеріне сәйкес және МЕМСТ-да айқындалған кеуекті титан сапасына әсер ететін (темір (Ғе), хлор (СL) және оттегі (О)) негізгі қоспаларының болуының ең жоғары жол берілген шектерінің есебімен айқындалатын кеуекті титанға (сату) мәміле бағасын айқындау үшін қолданылатын төмендетуші коэффициент мына формула бойынша:
1
КТі = ----------------------------------------------------
(1+(FEх-FEмемст))х(1+(Ох-Омемст))х(1+(СLх-СLмемст)), мұндағы
Ғех - темір |
Сатып алушылардың ерекшеліктеріне сәйкес кеуекті титанның жоғарғы маркаларында қоспалардың болуының жол берілетін жоғары шегі (пайызбен); |
Ох - оттегі |
|
СLх-хлор |
|
Ғе мемст - темір |
МЕМСТ сәйкес кеуекті титанның жоғарғы маркаларында қоспалардың болуының жол берілетін жоғары шегі (пайызбен); |
0 мемст - оттегі |
|
СL мемст-хлор |
/\- ұзақ мерзімді келісімшартта айқындалған кеуекті титанды жеткізу шарттарына байланысты ескерілетін дифференциал.
5. Титан құймаларына арналған мәміле (өткізу) бағасын
айқындау тәртібі
Титан құймаларын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді келісімшарты үшін мәміле (өткізу) бағасы мынадай формула бойынша есептеледі:
МБIngot > АКБIngot х КIngot - /\, мұндағы
MБingot - меншік құқығының сатып алушыға өту күніне кеуекті титанға арналған мәміле (өткізу) бағасы;
AKБingot - тауарға арналған меншік құқығының сатып алушыға өтуі күніне ең жоғары және ең төменгі бағаның орташа арифметикалық мәні ретінде айқындалатын «Metal Prices» журналында жарияланған титан құймаларына арналған ақпарат көзінен алынған баға мына формула бойынша:
АКБМР ең төменгі + АКБМР ең жоғарғы
АКБIngot = --------------------------------------
2 ,мұндағы
АКБМР ең төменгі - меншік құқығының сатып алушыға өтуі күніне «Metal Prices» журналында жарияланған титан құймаларына арналған ақпарат көзінен алынған бағаның ең төменгі мәні;
АКБМР ең жоғарғы - меншік құқығының сатып алушыға өтуі күніне «Metal Prices» журналында жарияланған титан құймаларына арналған ақпарат көзінен алынған бағаның ең жоғары мәні;
Бұл ретте AKБingot баға дәлізінің шектерін және осы Қағиданың 3-тарауының ережелерін ескере отырып, қолданылады;
КIngot - тұтынушының ерекшелігі бойынша титан құймаларына арналған мәміле (өткізу) бағасын айқындау үшін қолданылатын, төмендегі формула бойынша В 348-09 стандартында айқындалған титан құймаларының сапасына әсер ететін негізгі қоспалардың (темір (Fe), оттегі (О), азот (N), сутегі (H), көміртегі (С), ванадий (V), алюминий (Аl), иттрий (Y)) кремний (Si), бор (В), мыс (Сu), рутений (Ru), палладий (Pd)) болуының жоғары жол берілетін шектерін есептеу арқылы айқындалатын төмендетуші коэффициент:
1
Kingot = -----------------------------------------------------------
(1+(Fex – FeIngot))х(1+(Оx – OIngot))х(1+(Nx – NIngot))х
х(1+(Hx – HIngot))х(1+(Cx- CIngot))х(1+(Vx – VIngot))х
х(1+(Alx – AlIngot))х(1+(Yx – YIngot))х(1+(Six – SiIngot))х
х(1+(Bx – BIngot))х(1+(Cux – CuIngot))х(1+(Rux - RuIngot))х
х(1+(Pdx - PdIngot)) , мұндағы
Fex - темір |
сатып алушылардың ерекшеліктеріне сәйкес титан құймаларында қоспалардың болуының рұқсат етілетін жоғары шегі (пайызбен); |
Ox - оттегі |
|
Nx - азот |
|
Hx - сутегі |
|
Cx - көміртегі |
|
Vx - ванадий |
|
Alx-алюминий |
|
Yx- иттрий |
|
Six-кремний |
|
Bx- бор |
|
Cux - мыс |
|
Rux-рутений |
|
Pdx - палладий |
|
FeIngot - темір |
В 348-09 стандартына сәйкес титан құймаларында қоспалардың болуының рұқсат етілетін жоғары шегі (пайызбен); |
OIngot-оттегі |
|
NIngot - азот |
|
HIngot - сутегі |
|
CIngot-көміртегі |
|
VIngot - ванадий |
|
AlIngot - алюминий |
|
YIngot - иттрий |
|
SiIngot - кремний |
|
BIngot - 6op |
|
CuIngot-мыс |
|
RuIngot - рутений |
|
PdIngot - палладий |
Егер сатып алушылардың, ерекшеліктері бойынша титан құймаларындағы жоғарыда аталған қоспалардың жол берілетін ең жоғары қамтылуы В 348-09 стандартында айқындалған титан құймаларында қоспалардың қамтылуының рұқсат етілетін жоғары шегінен төмен болған жағдайда, титан құймаларына арналған мәміле (өткізу) бағасы төмендетуші коэффициента ескерусіз айқындалады.
/\ - ұзақ мерзімді келісімшартта айқындалған титан құймаларын жеткізу шарттарына байланысты ескерілетін дифференциал.
6. Құймалардағы бастапқы магнийге арналған мәміле (өткізу)
бағасын айқындау тәртібі
Құймалардағы бастапқы магнийді сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді келісімшарты үшін мәміле (өткізу) бағасы төмендегі формула бойынша есептеледі:
МБМg = > АКБMg - /\ , мұндағы
МБМg - меншік құқығының сатып алушыға өту күніне құймалардағы бастапқы магнийге арналған мәміле (өткізу) бағасы;
АКБМg - тауарға меншік құқығының сатып алушыға өту күніне жоғары және төменгі бағаның орташа арифметикалық мәні ретінде айқындалатын «Металлургический бюллетень» журналында жарияланған құймалардағы бастапқы магнийге арналған ақпарат көзінен алынған баға төмендегі формула бойынша:
АКБМБ ең төменгі + АКБМБ ең жоғарғы
АКБМg = -------------------------------------- ,мұндағы
2
АКБМБ ең төменгі - меншік құқығының сатып алушыға өту күніне «Металлургический бюллетень» журналында жарияланған құймалардағы бастапқы магнийге арналған ақпарат көзінен алынған бағаның ең төменгі мәні;
АКБМБ ең жоғарғы - меншік құқығының сатып алушыға өту күніне «Металлургический бюллетень» журналында жарияланған құймалардағы бастапқы магнийге арналған ақпарат көзінен алынған бағаның ең жоғары мәні;
Бұл ретте АКБмg бағалық дәліз шектері мен осы Қағиданың 3-тарауының ережелерін ескере отырып, қолданылады;
/\ - ұзақ мерзімді келісімшартта айқындалған құймалардағы бастапқы магнийді жеткізу шартына байланысты ескерілетін дифференциал.
7. Дифференциалды айқындау
Кеуекті титанды, титан құймаларын, құймалардағы бастапқы магнийді жеткізу шарттарына байланысты ақпарат көздерінен алынған бағаларды салыстырмалы экономикалық жағдайға келтіру мақсатында дифференциалға тауарды тиісті белгіленген (жеткізілу) нарығына және оны өткізуге дейін жеткізуге байланысты сатып алушының құжаттамалық және (немесе) ақпарат көздерімен негізделген және расталған шығыстары енгізіледі, олар мыналарды қамтиды:
1) тауарды қоймаларда сақтау шығыстары;
2) тауарды тасымалдау шығыстары;
3) тауарды тасымалдауды сақтандыру шығыстары;
4) АҚШ-та өткізілетін кеуекті титанға арналған кеден баж салығын (төлемдерді) төлеу шығыстары;
5) тауарды сатып алу, жеткізу және өткізу бойынша трейдердің (сатып алушының) шеккен шығындарының жалпы сомасының 3% мөлшерінен аспайтын комиссиялық сыйақы;
6) LIBOR+4% аспайтын мөлшерде тауарды сатып алу, жеткізу және өткізу, сондай-ақ кредиттерді (қарыздарды) тарту және қызмет көрсету кезінде сатып алушы көтеретін банк комиссияларының шығыстары үшін сатып алушыға коммерциялық банктер ұсынған кредиттер (қарыздар) бойынша сатып алушының сыйақы төлеу шығыстарын қоса алғандағы қаржыландыру шығыстары. Кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақы, LIBOR+4% он екі айлық ставканың орташа арифметикалық мәні ретінде айқындалады. LIBOR он екі айлық ақының орташа арифметикалық мәні www.bbalibor.com интернет-сайтындағы деректер негізінде айқындалады.
Дифференциал құрамдастары құжат түрінде, оның ішінде ұзақ мерзімді келісімшарттармен, тауарды белгіленген (жеткізілуі) тиісті нарығына жеткізу және оны сатуға байланысты сатып алушы шығыстарын топтап нақтылай отырып, сату шығыстары бойынша тапсыру-қабылдау актілерінде және (немесе) «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңының 18-бабында белгіленген кезектілік бойынша ақпарат көздерімен расталады.