Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 1144 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы
жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2011 жылғы 27 қаңтардағы № 1144 Жарлығына өзгерістер мен
толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 1144 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 64-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
««Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» ЗТБ (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), ҚМ»;
реттік нөмірі 67-жол алып тасталсын;
реттік нөмірі 97-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
««Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» ЗТБ (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), ҚМ»;
Ескертпеде:
«ҚНРА – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі» және «АӨҚО – Қазақстан Республикасындағы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі» деген жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» ЗТБ – «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына:
Ермегияев - Қазақстан Республикасының Туризм
Талғат Амангелдіұлы және спорт министрі,
Мұсаханов - Алматы облысының әкімі
Анзар Тұрсынханұлы
енгізілсін;
мына:
«Саудабаев - Қазақстан Республикасының мемлекеттік
Қанат Бекмырзаұлы хатшысы – Сыртқы істер министрі,
Комиссия төрағасы»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Саудабаев - Қазақстан Республикасының мемлекеттік
Қанат Бекмырзаұлы хатшысы, Комиссия төрағасы»;
көрсетілген Комиссия құрамынан Т.М. Досмұхамбетов, С.Ә. Үмбетов шығарылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев