"2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 1144 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдедегі № 746 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 1144 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
           Премьер-Министрі                      К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы
жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің
2011 жылғы 27 қаңтардағы № 1144 Жарлығына өзгерістер мен
толықтыру енгізу туралы 

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 1144 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 64-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      ««Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» ЗТБ (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), ҚМ»;
      реттік нөмірі 67-жол алып тасталсын;
      реттік нөмірі 97-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      ««Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» ЗТБ (келісім бойынша), ҰБ (келісім бойынша), ҚМ»;
      Ескертпеде:
      «ҚНРА – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі» және «АӨҚО – Қазақстан Республикасындағы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі» деген жолдар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» ЗТБ – «Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі»;
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына:
Ермегияев                     - Қазақстан Республикасының Туризм
Талғат Амангелдіұлы             және спорт министрі,

Мұсаханов                     - Алматы облысының әкімі
Анзар Тұрсынханұлы

      енгізілсін;
      мына:
«Саудабаев                    - Қазақстан Республикасының мемлекеттік
Қанат Бекмырзаұлы               хатшысы – Сыртқы істер министрі,
                                Комиссия төрағасы»
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Саудабаев                    - Қазақстан Республикасының мемлекеттік
Қанат Бекмырзаұлы               хатшысы, Комиссия төрағасы»;

      көрсетілген Комиссия құрамынан Т.М. Досмұхамбетов, С.Ә. Үмбетов шығарылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
             Президенті                          Н. Назарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады