"Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 763 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 142 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.03.2020 № 142 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 186-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-2) акцияларының жүз пайызы республикалық меншіктегі "Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары" акционерлік қоғамы 2011 - 2014 жылдардың қорытындылары бойынша таза табысының 15 (он бес) пайызын акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивиденттер төлеуге жұмсайды;";

      мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

      "2-2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 2011 жылдан бастап заңнамада белгіленген тәртіппен "Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары" акционерлік қоғамының иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін оның материалдық-техникалық базасын дамытуға және жетілдіруге жұмсауды қамтамасыз етсін.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы қаулының 1-тармағының 2-1), 3-2) тармақшаларында және осы қаулыға 1, 2, 3, 3-1-қосымшаларда көрсетілмеген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер деп мемлекеттік қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқығын жүзеге асыратын министрліктер мен ведомстволар белгіленген тәртіппен акционерлердің, қатысушылардың жылдық жалпы жиналыстарын өткізу кезінде дивидендтерге және қатысу үлесінен кіріске таза кірістің кемінде 50 (елу) пайызын жұмсау және оларды уақтылы аудару үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.".

      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі К Мәсімов

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2007 года № 633 "О дивидендах на государственные пакеты акций и доходах на государственные доли участия в организациях"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2011 года № 763. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2020 года № 142

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 27.03.2020 № 142.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2007 года № 633 "О дивидендах на государственные пакеты акций и доходах на государственные доли участия в организациях" следующие изменения и дополнения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии со статьей 186 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:";

      пункт 1 дополнить подпунктом 3-2) следующего содержания:

      "3-2) акционерное общество "Железнодорожные госпитали медицины катастроф", сто процентов акций которого находятся в республиканской собственности, по итогам 2011 – 2014 годов направляет на выплату дивидендов на государственный пакет акций 15 (пятнадцать) процентов от чистого дохода;";

      дополнить пунктом 2-2 следующего содержания:

      "2-2. Министерству по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан с 2011 года в установленном законодательством порядке обеспечить направление части чистого дохода, оставшегося в распоряжении акционерного общества "Железнодорожные госпитали медицины катастроф", на развитие и совершенствование его материально-технической базы.";

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Министерствам и ведомствам, осуществляющим права владения и пользования государственными пакетами акций акционерных обществ и государственными долями участия в товариществах с ограниченной ответственностью, не указанных в подпунктах 2-1), 3-2) пункта 1 настоящего постановления и в приложениях 1, 2, 3, 3-1 к настоящему постановлению, в установленном порядке обеспечить принятие всех необходимых мер при проведении годовых общих собраний акционеров, участников для направления на дивиденды и в доход от доли участия не менее 50 (пятьдесят) процентов от чистого дохода и их своевременного перечисления.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2012 года.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов